Оқытушы туралы мәлімет
Кененбаева Маржан Ахметкаримовна
Мектепке
дейінгі және бастауыш
білім беру кафедрасының оқытушысы
Кафедрадағы қабылдау уақыты
(№6-203) топқа арналған кеңес кестелері
бойынша
Пән туралы мәлімет
Пән 3 семестрде 15 апта бойы ұзақтығымен меңгеріледі. Пәннің жалпы
сағаты 180, оның ішінде 12 сағат аудиториялық және 168 сағат пәнді меңгеру
үшін берілетін студенттердің өздік жұмысы. Білімінің түріне
қарай
аудиториялық уақытты бөлу күнтізбелік жоспарда көрсетілген
Пәнді оқыту төмендегі пәндерден алған біліміне негізделеді: алгебра,
геометрия, математиканың бастауыш курс негіздері.
Пәннің мақсаты
Классикалық және қазіргі математиканың негіздерін
қамтиды және пән бойынша оқу міндеттерін шешуге бағытталған.
«Математика негіздері» пәнінің мақсаты –
студенттерді кіші жастағы
оқушыларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік
міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу үшін
қажет болатын білім, білік және
дағдылармен қаруландыру.
Пәнді меңгергеннен кейін мынаны
білу керек
:
теорияны
аксиоматикалық әдіспен құруды;
сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері мен зандарын,
сандардың бөлінгіштік белгілерін, шамалардың өлшем бірліктері арасындағы
қатынастарды білу;
сандарға амалдар қолдану және есептеулер жүргізуді;
теріс емес бүтін сандармен ауызша және жазбаша есептеулер
жүргізуді және оларды негіздеуді білу;
есептер шығару барысында шамалар
арасындағы тәуелділіктің
түрін тағайындауды білу.
Тәжірибешілік сабақтарда өздік жұмыс тапсырмаларын орындауда
Сіз
үйреніп шығасыз
:
ұғымдар анықтамасының құрылымын,
сондай-ақ қарапайым
пайымдауларды талдауды;
циркуль
мен сызғышты пайдаланып, қарапайым салуларды
орындауды;
Эйлер-Венн диаграмаларын, жиын
элементтерінің арасындағы
қатыстардын графын салуды;
есептерді
арифметикалық
және
алгебралық
тәсілдермен
шығаруды.
Достарыңызбен бөлісу: