Математика оқу жоспары 2019-2020 оқу жылы 4-сынып Мазмұны


Тараудың тілдік мақсаттары



бет63/146
Дата08.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#98162
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   146
Байланысты:
9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован

Тараудың тілдік мақсаттары
Білім алушыларға осы тараудың тілдік мақсаттарына жетуде қолдау көрсету үшін төменде сәйкес ғылыми тілдің/оқыту тілінің аясындағы тілдік мақсаттың мысалы берілген.

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика мен терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз
тіркестері

Оқушылар:

  • шамаларды және олардың бірліктерін атай алады;

  • шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады;

  • есептерді талдап, шығара алады

Оның ішінде:

  • өнімділік, жұмысқа жұмсалатын уақыт, орындалған жұмыс көлемі

  • пропорционалды бөлу, белгісізді екі шаманың айырымы арқылы табу

  • бір-біріне қарсы қозғалыс, бір-бірінен қарсы қозғалыс

  • есепті арифметикалық жолмен шешу тәсілі

  • есепті алгебралық жолмен шешу тәсілі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сендер қандай шамаларды білесіңдер?

  • Есепте қай шама өзгермейді? Қандай шамалар өзгереді?

  • Формуланы қолдана отырып біз шаламалар арасындаға өзара байланысты қалай жаза аламыз?

  • Есепте қандай шамалар берілген? Бізге не белгілі? Нені табу қажет?

  • Есеп сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

  • Өнімділік дегеніміз не?

  • Жылдамдық дегеніміз не

Сіз келесі сұрақтардың себептерін айта аласыз ба?

  • Неліктен бір шама басқа шамаға тәуелді?

  • Неліктен есеп сұрағына біз бірден жауап бере алмаймыз?

  • Неліктен шамалар арасында тәуелділік бар?

  • Неліктен есепті шығарудың алгебралық тәсілін таңдау ыңғайлы? Жазбаша тапсырма:

  • Кестені толтырыңыз.

  • Есеп шартын жазыңыз.

  • Жауапты жазыңыз.




Басқа тілдік мақсаттар қою және ғылыми тілді оқыту және үйретуге қатысты тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар үшін
жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін көріңіз.

Қысқаша шолу

Оқушылар есептер, шамалар мен оларды арасындағы өзара байланыс туралы түсініктері кеңейеді; «Мамандықтар әлемі» ортақ
тақырыбының аясында есептерді шешудің жаңа тәсілдерін меңгереді






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет