Математика оқу жоспары 2019-2020 оқу жылы 4-сынып Мазмұны



бет12/146
Дата08.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#98162
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146
Байланысты:
9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован

Тілдік мақсаттар келесілерді қалыптастыруға бағытталған
Төменде оқушылардың тиісті ғылыми тілді қолдануына бағытталған тілдік мақсаттың мысалы келтірілген.

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика мен терминология

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері топтамасы

Оқушылар:

  • сандарды берілген разрядтарға дейін дөңгелектей алады

  • көптаңбалы сандарды санайды

  • көптаңбалы сандардың кластық және разрядтық құрамын анықтай алады

  • уақыт шамалары арасындағы тәуелділікке қатысты есептерді модельдей алады

  • ақшалай қаражатпен операциялар жүргізе алады

  • көптаңбалы сандар, миллион, микрокалькулятор

  • сағат/тәулік/жыл жартысы, үштен бірі, ширегі

  • уақыт, күнтізбе, тоқсан

  • компонент, пропорционал, шамалар арасындағы тәуелділік, формула, алгоритм

  • куб, цилиндр, конус, пирамида, шар,

  • теңге, рубль, еуро, доллар

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Көптаңбалы санды қалай оқу керек?

  • Сіз «миллион» сөзін қайдан және қашан естідіңіз немесе оқыдыңыз?

  • Миллион сөзі нені білдіреді?

  • Қай класс миллионды құрайды?

  • Онда қанша разряд болады?

2- разряд бірліктері қалай аталады? (Ондықтар)
4-разряд бірліктері қалай аталады? (Бірлік мыңдар)
7-разряд бірліктері қалай аталады? (Бірлік миллиондар) Яғни 1 миллион қанша ... таңбалы сан? (Жеті таңбалы) Миллионда қанша нөл бар? (Алты)
Сіз келесі сұрақтардың себептерін айта аласыз ба?
Әрбір класта қанша разряд бар? (3) Оларды ретімен атайық. (1- разряд бірліктері, 2- разряд бірліктері, ...)
Оны әрі қарай жалғастыруға бола ма? (Ия) Неге? (Ең үлкен натурал сан жоқ)
Жазбаша тапсырмалар:










  • Санның разрядтық құрамын жаз.

  • Жұп және тақ сандарды жаз

Басқа тілдік мақсаттар қою және ғылыми тілді оқытуға қатысты мақсаттар бойынша қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік
мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет