Математика оқу жоспары 2019-2020 оқу жылы 4-сынып Мазмұны



бет15/146
Дата08.02.2022
өлшемі3,63 Mb.
#98162
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146
Байланысты:
9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован

«Шетелдік» әдісі
Мазмұны:бір ойыншы ойлаған санның разрядтық құрамын екінші ойыншыға шартты белгілердің көмегімен көрсетеді: егер алақанының қырын үстелдің үстіне тигізсе – бұл қимылдың бірлікті, алақанының ішкі жағын тигізсе – ондықты, ал жұдырығын көрсетсе – жүздікті білдіретінін ескертеді

) Топтарға кластар мен разрядтар кестесін беріңіз.
«Санды құрастыр» ойынын ұсыныңыз. Әр топ үш көптаңбалы сан құрастырады: ол санның жеті, сегіз, тоғыз разряды бар. Жұмыс біткеннен кейін өз сандарын сипаттау керек (кластар, разрядтар, тақ – жұп, 5-ке еселенген және т.б.)











Тексеріңіз.
) «Сұхбат» ойыны. Оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:
-Бір таңбалы сандар бар. Тағы қандай сандар бар? (Екі таңбалы, үш таңбалы)
-Үш таңбалыдан көп сандар ... деп аталады (көптаңбалы)
-Көптаңбалы сандарды дұрыс оқып, жазу үшін олар ... бөлінген (кластарға)
-Әрбір класта қанша разряд бар? (3)
-Оларды ретімен атайық. (1-разряд бірліктері, 2- разряд бірліктері, ...)
-Оны әрі қарай жалғастыруға бола ма? (Ия). Неге? (Ең үлкен натурал сан жоқ)
-2-разряд бірліктері қалай аталады? (Ондықтар)
-4-разряд бірліктері қалай аталады? (Бірлік мыңдар)
-7-разряд бірліктері қалай аталады? (Бірлік миллиондар)
-Яғни, 1 миллион қанша ... таңбалы сан? (жеті таңбалы)
-Миллионда қанша нөл бар? (Алты)
-Санның жазылуындағы нөл нені білдіреді? (Бұл разряд бірліктерінің болмауын)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет