Байланысты: 9.Оқу жоспары Математика 4 сынып(1)-конвертирован
«Математикалық әткеншек» тәсілін қолдануға болады. Әр жұп әртүрлі есептерді шығарады, кейін жұмыстарын алмастырып толықтырады, түзетеді және амалдарға түсініктеме береді.
(Т.)Есептерді салыстыру. Оқушылар есептерді топта шығарады. Мысалы, тура есептер және жанама түрде берілген есептер.
Содан кейін әр топтың өкілі тақтаға шығып есептің шешімін талдайды. Шартын, шешу жолдарын салыстырып келесі тұжырымға келеді: есепті шығарған кезде амалды дұрыс таңдау үшін артық немесе кем санын табу керек екенін анықтау қажет. Жетекші сұрақтарды дайындаңыз:
Біз шығарған есептер қалай аталады?
Есептердің қайсылары жанама түрде берілген?
Қай есептердің сұрағын өзгертсең құрама есеп болып кетеді?
(Өқ.) Ұқсас есептерді өздігінен құрастыру. Оқушылар
жеке жұмыс істейді. Үлгермейтін оқушылар тірек
сөздер берілген карточкалар бойынша жұмыс істей алады.
Кейбір оқушылар есепті оқып шешу жолдарын түсіндіреді.
Қ/б «Бағдаршам».
(Ұқ.) Есептердің түрлерін талқылау. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.