Құрама есептерді шығаруды үйрендім, бірақ маған әлі көмек керек болып отыр.
Мен сабақта қиналдым.
Сұрақтарды дайындаңыз:
- Қарапайым есеп дегеніміз не?
(Бір амал арқылы шығаруға болатын есептер қарапайым есептер деп аталады) Қарапайым есептердің 4 түрі бар:
- Құрама есеп дегеніміз не?
(Есептің сұрағына жауап беру үшін екі немесе одан да көп амал орындау қажет болса, мұндай есептер құрама есептер деп аталады).
-Қарапайым және құрама есептер арасындағы айырмашылық неде?
Құрама есеп дегеніміз қарапайым есептер тізбегі:
Құрама есепті бірнеше қарапайым есептерге бөліп бірінен кейін біріп шешу керек. Соңғы қарапайым есептің шешімі құрама есептің жауабы болады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын өздігінен анықтау.
(Өқ) Есептерді құрастыру және салыстыру тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар есептердің шарттарын қысқаша жазбалары бойынша ауызша тұжырымдайды, содан соң өздері шығарады:
1-нұсқа 1-есепті, 2-нұсқа 2-есепті шығарады. Шығарып болғаннан кейін оқушылар берген жауаптарын салыстырады және неліктен жауаптары әртүрлі болғанын түсіндіреді.
-Жауаптары бірдей болу үшін екінші есептің шартын қалай өзгерту керек?
(Сұлбадағы сандардың орнын ауыстыру).
(Т). Тапсырмаларды орындау үшін топтық жұмысты ұйымдастыру:
Кестеде берілген деректерді қолданып есепті шығарыңыз
Карточкадағы кестеде берілген деректерді қолданып сурет бойынша есеп құрастырыңыз.
5) Сұраққа жауап дайындаңыз:
Есептегі шамалар арасында қандай байланыс бар? Есепті шығарғаннан кейін жұмысты келесі тәсілдер арқылы ұйымдастыруға борлады:
(Жқ) Есепті түрлендіру. Оқушылар есепті түрлендіріп, шығарады, жауабын тексереді.
Өзін-өзі және бір-бірін бағалайды.