Математика пәнінен 1-4 сыныптарына арналған логикалық тапсырмалар жиынтығы
Логикалық есептер
1-ші есеп. Бір жаман адам әрдайым өтірік айтады. Ол осы сұраққа қандай жауап береді: «Сізде бір мұрын, әлде екі ме?»
Жауабы: Екі, себебі ол әрдайым өтірік айтады. Мұндай дәйекті жауапты ең нашар оқитын баладан естісек жақсы болар еді.
2-ші есеп.Қағазды екі қиылыспайтын түзу сызықпен неше бөлікке бөлуге болады?
Жауабы: 3-ке
Оны суреттен бірден байқауға болады.
3-ші есеп. Әлия партада отыр, алдынан санағанда екінші және артынан санағанда төртінші. Оның қатарында неше парта бар?
Жауабы: 5
Осыны суреттен қарауға болады:
4-ші есеп. 1-ден 100-ге дейінгі барлық сандарда неше нөл бар?
Жауабы: 11
Бір нөлден 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90 – сандарда бар, 9 нөл. Тағы да екі нөл 100 санында бар. Барлығы 11 нөл.
5-ші есеп.Бірінші қапаста 4 балапан және 2 қоян отыр, ал екінші қапаста 5 балапан отыр. Қайсысында көздің саны көп және қаншаға артық? Қайсысынды аяқтың саны артық және қаншаға артық?
Жауабы: Бірінші қапаста көздің саны 2 есе артық және аяқтың саны 6 есе артық.
Есепті санау арқылы оңай шешуге болады, немесе қапас тұрғындарын суретке салып, көздің содан кейін аяқтың тең бірдей мөлшерін алып тастау.
Достарыңызбен бөлісу: |