Алматы облысы, Ақсу ауданы
«Кеңғарын орта мектебі,мдшо кмм
Математика пәнінің мұғалімі: Қошқарова Зағила Тілеуқабылқызы
Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлаудың тиімді жолдары.
ХХІ ғасырдың оқушылары алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Осы дағдыларды қалыптастыру үшін мұғалімдерде жұмыстарына уақыт бөле білулері керек, тек бұл ғана емес, оның оқуын барынша даралап, баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруына мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытулары тиіс. Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратындай тиімді сабақ өткізулері керек. Ол үшін ең алдымен мектеп ұстаздарының шеберліктерін шыңдау жолында иновациялық шығармашылық жұмыстар жүргізуге дағдыландыру керек екені анық. Сондай дағдыны оқушының бойынан көру үшін және оқушы жетістігін ары қарай өрістету үшін, мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан да білімге жаңаша көзқараспен қарайтын кез келді .Себебі күннен -күнге жаңалыққа, ақпаратқа толы заманда, өскелең ұрпаққа білім берудің басқаша әдіс-тәсілдері қажеттілік етті. Дәстүрлі сабақ жүргізу қазіргі балалардың оқуға деген қызығушылығын, ынтасын төмендетіп отыр.
Қазіргі таңда бала өзінің біліміне жауапты екенін сезіне білуі керек, ол үшін мұғалім оқушының білім алуға деген құштарлығын оятуы тиіс. Сондықтан мұғалімнің әр жоспарланған сабағы оқушыға тиімді өту үшін мұғалімге көп ізденуді қажет етеді. Мұғалім сабағының өзгеше өтуі - жаңартылған бағдарлама бойынша жоспар құруынан басталады. Бағдарламаның өзі ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарды қарастырады. Қысқа мерзімді жоспар- жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Мұғалімнің өткізген сабағының сәтті өтуі осы қысқа мерзімді жоспарының дұрыс құрылғандығына байланысты. Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда оқудың әрбір кезеңінен бастап, сабақтың соңына дейін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру керек. Сыныпта оқушының оқуына бағытталған оқу ортасын құруды жоспарламас бұрын мұғалімдер бағдарлама аясында төмендегі сұрақтар төңірегінде ойлануы тиіс
• Балалар қалай оқиды?
• Нені оқыту керек?
• Оқушылар не қалайды?
• 7 модульді ықпалдастыру не береді?
Оқу ортасын ұйымдастыра және олардың оқуында ілгерлеуді қамтамасыз ете білу қажет.
Қысқа мерзімді жоспар SMART мақсатты нақты қоя білуден басталады.
Мақсат - нақтылық , өлшенетіндей, қолжетімді, шынайы, уақытқа негізделген болуы қажет. Мақсат қойылса бір сабақта сол мақсатқа жететіндей болуға негізделуі тиіс. Бір мақсаттан, бір нәтиже көретіндей болуы керек. Қандай мақсат алсақ та қолжетімді болуы шарт, сабақ жоспарында мақсаттың нәтижесін көру үшін тапсырмаларды да тиімді қолдана білу қажет. Жоспарды құру кезінде мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша ойлануы керек:
Оқушы осы сабақта нені білуі қажет?
Оқушы не істейді?
Яғни, жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар орындаған кезде оқушылардан сіз не күтесіз.
Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша қандай тапсырмалар бересіз?
Берілген тапсырмалар олардың жас ерекшеліктеріне сай ма?
Нәтижесінде оқушы не білді,алған ілгерлеу болды ма?
Қандай тапсырма болса да оқушыға бағытталуы керек. Әр тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс орната білуі тиіс.Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасындағы бір- біріне деген сенімге негізделіп, сабақты талдаудың ,бағалаудың келесі сабақты тиімді жоспарлаудың түрі болып табылады. Ал, сабақ барысында мұғалімнің рөлі қандай болуы тиіс:
Бірінші кезекте сіз бағыт берушісіз, себебі оқушылар тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіргенде нұсқау бересіз. Оқушылар тапсырма орындап жатқан кезде, сіз үнемі оларды бағыттап отыруға тырысасыз.
Екіншіден бақылаушы, бағалаушысыз . Бақылаушы болғанда оқушының оқуы туралы дерек жинайсыз, қадағалайсыз, ал бағалаушы рөлінде болғанда қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау жүргізесіз.
Үшіншіден мұғалім қолдаушы болуы тиіс, мысалы сіз оқушы тапсырманы орындаған сайын қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол ынталанады.
Сабақтың соңында мұғалім өзіне рефлексия жүргізгені дұрыс, себебі неге қол жеткізгендігі туралы, сабақ үстінде сәтсіз болған тұстарын қалай жоюға болатыны туралы келесі сабаққа ойластырып келеді. Сонымен қатар әрбір ұстаздың басты мақсаты күнделікті сабақ жоспарын жоспарлауда шәкіртінің өздігінен білім алуына, үйренуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына бағытталуы тиіс. Осындай жан-жақты ойластырылған жоспарлауда ғана мұғалім жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |