Математика сабағында оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын өздік жұмыстар арқылы дамыту


Өздік жұмыстар арқылы іс-дағдыны дамыту



бет9/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,52 Mb.
#23902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.2 Өздік жұмыстар арқылы іс-дағдыны дамыту.
Өздік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өздік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өздік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өздік жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.


Өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1) Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

2) Өздік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

3) Өздік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

4) Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

а) мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

ә) жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

б) мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

в) оған әсер ететін мотивтер.

Өздік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарда ұзақ болмауы керек және көлемі шағын, мазмұны оңай болуға тиіс. 2-сыныпта − 5-10 минут, 3-сыныпта − 10 минут, 4-сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Мұғалім оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыс түрлерін, әр пәннің ерекшелігін ескере отырып, алдын-ала дайындауы керек.

Өздігінен орындайтын жұмыста ұйымдастыру − сабақтың ең күрделі кезеңі. Өйткені, жұмысты оқушылардың бәрі бірдей бір мезгілде аяқтамайды. Қазіргі кезде білім сапасымен оқушылардың жеке басының қабілетін дамыту қай кездегіден де өткір қойылып отыр. Ол үшін мұғалім оқытудың технологиялық жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануы керек. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда баланың жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей, саралай оқыту әдісін пайдаланған дұрыс. Әр сыныпта өткізілетін сабаққа тиісінше уақыт бөлінуі оқушылардың өзіндік тапсырмаларды ұқыпты орындауына көмектеседі. Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де қолданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай қорытылуға болатынын ойлануды тапсырады, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады. Ал, оқушылардың тапсырманы сыныпта, үйде өздігнен орындай білуі – оның бойында қалыптасқан білім, білік пен дағдылар сапасының сенімді сапасының көрсеткіші.
Математикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады:

1) оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын;

2) оқытушыдан алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ оқытушының басқаруын пайдаланған жағдайда;

3) алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда;

4) оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар.

5) арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған;

6) есептеу тәсілдерін игеруге арналған;

7) ұқсатық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған;

8) белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған;

9) байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру;

10) дактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар.
Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет.

Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау), жұмысты орындау мерзімі келтіріледі.

Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды.

Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.



Қорытынды

Кез келген есептерді шығару арқылы олардың білім деңгейінің қаншалықты екенін байқауға болады. Бұның бәрі оқушының есте сақтау қабілетінің қаншалықты екенін көрсетеді. Мұғалім  кез келген есепті оқушыға шығартады. Есепті шығару кезінде оның қандай есеп екенін аңғарады.

Қазіргі кезде негізгі мектептерде кеңінен қолданып жүрген оқушылардың білімін бақылау мен есепке алудың әдеттегі тәсілдері мен әдістері (жеке оқушыдан ауызша сұрау, жазбаша бақылау мен өздік жұмыстар, математикалық диктанттар және т.б.) олардың жеткілікті дәрежедегі тиімділіктерін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл тәсілдер мен әдістер арқылы «кешіккен» кері байланыс жүзеге асырылады. Сондықтан:

1) Жалпы білім беретін мектептерде бүгінгі таңда оқу үдерісінде уақытты мазмұнды оптималдалдылықпен толықтыру, Оқушының физиологиялық және психологиялық артық, шектен тыс жүктемеден арылтуды дамытуды алға қойып отыр. Оқу үдерісінде берілген тапсырманы уақытында орындау және оқушының нақты уақытына сай бірнеше қатынастар байқалады.

- Оқу үдерісін ұйымдастыруда және оның сапалы болуына осы екінші және үшінші жағдайлар кері әсерін тигізеді. Оқушыға берілетін тапсырмалар пәнішілік байланыстарға, тәртіпке сай нақты жоспарланған болуы тиіс.

- Оқушының өздігінен орындайтын жұмысының тізімі, белгіленеді және орындалатын бақылау тест, бақылау жұмыстарға, коллокивиумдерге, рефераттарға, пайдаланылатын оқу-әдістемелік құралдары және оларға ұсыныс, пікірлер дайындау.

- Мектеп оқушыларын математикадан есеп шығаруға қызықтыру жеке адамның әрбір этапына байланысты анықталады. Бұл баланың психофизикалық жас ерекшелігіне негізделген.

2) Математика сабақтарында мектеп оқушыларын есеп шығаруға қызықтыру әдістемесінің критерилері мен көрсеткіштеріне тоқталсақ:

- оқушыларды математика пәнінен есеп шығаруға қызықтырудың өзіндік ерекшелігі - жеке адамның ақыл-ой сферасына, оның қастерлейтін бағыттарының жүйесіне, қатынасы мен әрекетіне мақсатты бағытталған ұнамды әсер ету ретінде қарастыру;

- оқушының дүниетанымының және әрбір жас мөлшерінің маңызды логикалық құрылымдарының ерекшелігін ескеру.

Оқушының математика сабақтарында мектеп оқушыларын есеп шығаруға қызықтыру әдістемесіне жасалған талдау мен синтез арқылы, біз оның математикадан есептер шығару біліктілігінің қалыптасқандығының бірқатар көрсеткіштерін бөліп көрсетуге мүмкіндік алдық. Бұлар оқушының:

- логикалық тіректерінің болуы: анықтамалар, теоремалар, аксиомалар т.б. ережелерді игеруі, есептер құрастыра алуы мен шығара алуы, қоршаған ортаға математикалық негізделген қарым-қатынасы мен дағдысының қалыптасуы және стандарт емес ойлай білуі;

- математика сабақтарында мектеп оқушыларын есеп шығаруға қызықтыру тәжірибесі, математикалық білімдерді игеруді және оларды тәжірибеде қолдануды қажет етуі, сонымен бірге шығармашылық әрекетке бейімділік танытуы;

- көкейкесті мәселелерді өздігінен көре білуге, есептер құруға, оларды шешуге қажеттілік сезіну;

- есеп шығаруда логикалық құнды әрекет таңдауға және осы таңдаманың мотивациясына дайын болуы;

- ситуацияны дұрыс бағалауға қабілетті болуы және математикадан есептер шығару әдістерін өз бетімен таңдауы болып табылады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ә.Бидосов Математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы, 2007. - 262 бет.

2. О.С.Сатыбалдиев, Қ.И.Қаңлыбаев Математиканы оқытудың әдістемесі курсынан лекциялар жинағы, педагогикалық жоғарғы оқу орындарының физика-математика факультеттерінің 3-4 курс студенттеріне арналған оқу әдістемелік құралы, - Алматы: «Республикалық Балалар кітапханасы» 2010. – 265 бет.

3. Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. А.Әбілқасымова, И.Бекбоев, А.Абдиев, З.Жұмағұлова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. – 144 бет.

4. Жәутіков О.А. Математиканың даму тарихы. – Алматы: Мектеп, 1967.

5. Алгебра: Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған құрал / А.Әбілқасымова, И.Бекбоев, А.Абдиев. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2008. – 88 бет.

6. Игенова Б.С Математика пәнін оқыту арқылы оқушылардың логикалық білім мен дағдысын қалыптастыру Математика – 2012 – №1

7. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы, «Баспа», 2011. – 272 бет.

8. Б.Баймұханов, Е. Медеуов, Қ. Базаров Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық.- Алматы «Мектеп» баспасы, 2004. – 200 бет.

9. Әбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы "Білім" 1998. – 205б.

10. Перечень знаний, умений и навыков самостоятельной, самообразовательной деятельности учащихся при обучений математике /Н.П.Павич //Заместитель директора – 2011.

11. Самостоятельная деятельность учащихся при обучений математики /С.И.Демидова, Л.О.Денищева – М.: Просвещение, 1985.

12. Мектепте математиканы оқытудың әрбір сатысында тестілік тапсырмаларды қолданудың әдістемесі7

13. Тестілік бақылау тәсілдерін пайдаланудың психологиялық педагогикалық аспектілері //«Ұлт тағлымы». – Алматы, 2005. - №2. - Б.115-117.

14. Көбесов А. Математика тарихы. – Алматы, 1993.

15. «Математика және физика» атты ғылыми –әдістемелік журнал. – 2004.

16. «Математика және физика» атты ғылыми –әдістемелік журнал. – 2007.

17. «Математика және физика» атты ғылыми –әдістемелік журнал. – 2011.

18. «Математика және физика» атты ғылыми –әдістемелік журнал. – 2012.


Қосымша А
Сабақтың тақырыбы: «Виет теоремасы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы көбейтіндісін таба алу;

Дамытушылық: салыстыру, айырмашылықты айыра білу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Еңбек етуге және тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар, оқулық, тест тапсырмалары жазылған парақтар, тақта.

І−кезең:

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру

2) Үй жұмысын тексеру



Тірек сұрақтары:

1) Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?

Егер ax2+bx+c=0 теңдеуіндегі a=1 болса, онда ол теңдеуді келтірілген квадрат теңдеу деп атайды. Және былай жазылады: x2+px+q=0

Теңдеудің түбірлері деген не?

Теңдеуді нөлге айналдыратын айнымалының мәні.

ІІ−кезең:

Жаңа тақырыпты меңгеру алгоритмі.

1)Келтірілген квадарат теңдеу: x2+2x−15=0

2) Дискриминантын табу: D=k2−ac=1+15=16

3) түбірлерін табу.





б)
в)
г) - дәлелденген теорема Виет теоремасы деп атайды.

2) Кері теорема: болса, онда U және V сандары тендеуінің түбірлері болады.

А) қандайда бір екі сан ол: 2 және 3

ә) олардың қосындысын кері санмен жазындар:

б) сол екі санның қөбейтіндісін жаз:



в) Осы сандар тендеуінің түбірі болады:
Мысалы: кері теорема бойынша:




Виет теоремасы

Виет теоремасына кері теорема

Егер тендеуінің түбірі және сандары болса,



Қандай да бір сан берілген. Олар: онда тендеуінің және сандары түбірі болады



Каталог: uploads -> doc -> 0eb1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eb1 -> Сабақтың тақырыбы: Биология пәні мұғалімі Тәнова Гүлназ Бисенбекқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет