«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру»



Дата18.05.2017
өлшемі96,11 Kb.
#16272
«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымдық белсенділіктерін арттыру»

Б.А.Төлеуова

34 мектеп-гимназия мұғалімі

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.



  1. Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

  1. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;

  2. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;

  3. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

  4. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

  5. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Енді, осы тақырып негізінде және өзімнің негізгі проблемалық тақырыбым негізінде, осы бағытта жасаған жұмыстарымның бір үлгісі ретінде жыл аяғында мектебімізде өткізілген облыстық білім жетілдіру институтының тыңдаушыларына арналған семинар-сабақ жоспарын ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы: «Төртбұрыштар» тақырыбын қайталау.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Формулаларды пайдалана отырып, теориялық білімдерін толықтырады, есептерді талдай білуге, түсіне білуге үйренеді.

Дамытушылық: алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастырады.

Тәрбиелік: Оқушылар ұйымшыл болуға, топпен жұмыс істейге, жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйренеді.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, семинар-практикум.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты топқа бөлу.

2. Негізгі бөлім.

І-кезең. Қызығушылықты ояту.

Әр топқа сұрақтар беріледі, сол бойынша оқушылар өз топтарымен ассоциациялық карта сызады, яғни қағазға таңдап алған фигураларына қатысты барлық мәліметті бірлесіп жазып шығу керек.

І-топ. Трапеция.

ІІ- топ. Параллелограм.

ІІІ–топ. Ромб.

ІҮ –топ. Квадрат.Тіктөртбұрыш.



ІІ –кезең. Есептер шығару.

Ауызша:

№1. (ауызша есепте). Ромбының бір бұрышы 50 градусқа тең. Ромбының қалған бұрыштарын тап.

№2. (ауызша есепте). Параллелограмның екі бұрышының қосындысы 1700. Параллелограмның бұрыштарын тап.

№3. (ауызша есепте). Тіктөрбұрыштың қабырғалары 14 см және 19 см. Тіктөртбұрыш периметрін тап.

№4. (ауызша есепте). Параллелограмның бір қабырғасы 10 см, ал оған түсірілген биіктігі 6 см. Параллелограмының ауданын тап.

Есептеу есептері:

№1. Көршілес қабырғалары 2см және 5см параллелограмның ауданы 5см2. Параллелограмның биіктіктерін табыңдар.

№2. Трапецияның орта сызығы 7см, табандарының бірі екіншісінен 4см-ге артық. Биіктігі 6см. Ауданын тап.

№3. ABCD параллелограмының А төбесінен жүргізілген биссектрисасы ВС қабырғасын Е нүктесінде қиып өтеді. ВЕ=7 см, ЕС=5 см болса, параллелограмның периметрі неге тең?

4. В бұрышы 600 және АС=10,5см болатын АВСД ромбысының периметрін табыңдар.

ІІІ-кезең. Тест тапсырмасы.


  1. Төртбұрыштың барлық бұрышы келесісінен екі есе үлкен. Төртбұрыштың бұрыштарын табыңдар.

А. 140; 280; 560; 1120. В. 240; 480; 960;1920. С. 180; 360; 720; 1440.

  1. Теңбүйірлі трапецияның бір бұрышы 680. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңдар.

А. 680; 1220; 680; 1220. В.680; 680; 680;680. С. 680; 1120; 680; 1120.

  1. Трапецияның периметрі 48см, параллель емес қабырғалары 15 см мен 13см. Трапецияның орта сызығын табыңдар.

А. 12см; В. 10см. С. 20см.

  1. Трапецияның орта сызығы 8см, ал бір табаны 6см. Басқа табаны неге тең?

А. 12см; В. 10см. С. 20см.

  1. Ромбның бір диагоналі қабырғасына тең болса, оның бұрыштарын есепте.

А. 600; 1200; 600; 1200. В.800;1000; 800; 1000. С.300; 600; 300; 600.

Кілті: ВСВВА

ІҮ-кезең. Сергіту сәті. Үшбұрыштардан фигуралар құрастыру. Бұл кезеңде алдын ала қиылып дайындалған теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштардан /әрине, бүйір қабырғасының өлшемін айтып кету қажет/ белгілі өлшемге сәйкес фигуралар, төртбұрыш, квадрат, трапеция, параллелограм құрастыру керек. Топ болып сайысады.

Мысалы, 1. Биіктігі 4 см болатын трапеция; 2. Табандары 12 см және 4 см болатын трапеция; 3. Бір бүйір қабырғасы 8 см болатын тік бұрышты трапеция; 4. Табандары 4 см және 25 см болатын трапеция. Әр топқа: Ауданы 32см2-ге тең бірнеше фигура құрастыру керек.

Ү-кезең. Кестені толтыр./интерактивті тақтаны қолдана отырып, оқушылар кестені толтыру керек/

Қасиеттері

Қарама-қарсы бұрыштары тең

Қарама-қарсы қабырғалары тең

Қарама-қарсы қабырғалары паралель

Диагональдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді

Диагональдары тік бұрыш жасай қиылысады

Барлық бұрыштары тік

Диагональдары биссектриса болады

Диагональдары тең

Барлық қабырғалары тең

Барлық бұрыштарының қосындысы 3600

Фигуралардың атауы

Тіктөртбұрыштар

Параллелограмм



+

+

+

+
















+

Тіктөртбұрыш



+

+

+

+




+




+




+

Ромб


+

+

+

+

+




+




+

+

Квадрат


+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Трапеция

-

-

+

+

-













+

Қосымша есептер:

Параллелограмның қабырғалары 4 см және см. Егер оның ауданы 12 см2 болса, онда параллелограмның сүйір бұрышын табыңдар.



ҮІ-кезең. Тарихи мәлімет.

3. Қорытындылау. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет