Математика



бет1/6
Дата13.12.2016
өлшемі0,65 Mb.
#3680
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

МАТЕМАТИКА
Оқу бағдарламасы

(орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында)


Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар)


Астана 2015

Математика. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін эксперименттiк бағдарлама). – Астана, 2015. – 36б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
Мазмұны

1 «Математика» пәнінің маңыздылығы 4

2«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты 5

3Үштілділік саясатын жүзеге асыру 6

4«Математика» пәнін оқыту үдерісінеқойылатын ұйымдастырушылық талаптары 6

5«Математика» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер 7

6 Мәдениет пен көзқарастардыңалуан түрлілігінедегенқұрмет сезімін қалыптастыру 9

7Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі 9

8Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 10

9«Математика» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдері 10

II «Математика» пәнінің мазмұны және оқу мақсаттарының жүйесі 12

1.«Математика» пәнінің мазмұны 12

2.Оқу мақсаттарының жүйесі 13

I Жалпы мәлімет


1 «Математика» пәнінің маңыздылығы
Математика әлем туралы ғылыми көзқарасты негізі және заманауи мәдениеттіңқұрамдас бөлігі болып табылады. Математикалық түсінікті дамыту екі бағыттан тұрады: әлем аспектісін түсіну үшін математикалық әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылатынталдау және ойлану жүйесі;күнделікті өмірде қажетті математикалық әдістерді құружәне қолданумен байланыстытәжірибелік аспект.

Математика адамзатқа әлемді танып білуде анализ және синтез, математикалық индукция мен дедукция, абстракциялау мен айқындау тәсілдерін жүргізуге, сонымен қатар қорытындылардың шынайылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Математика белгілердің әмбебап тілін қолданады және қоршаған ортадағы құбылыстарды тану және түсіндірудің тиімді құралы болып табылады.Математикалық терминологияны қолдану оқушыларға қысқа және ақпараттық тілді дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманда математикалық ойлауды қалыптастыру өте маңызды. Математикалық пайымдаулар мен оларды құру ережелері оқушыларғаөзіндік пікір қалыптастыру, дәлелдеу білу, алгоримдерді қолдану және жаңа алгоритмдерді құрастыру дағдыландырын дамытуға көмектеседі.

Мектептегі математикалық білім адамзаттың жаратылыстану бағытындағы пәндерді игеруге қажетті математикалық тілін, заманауи әлемде өмір сүруге қажетті білімін,алгоритмдік және логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады. Математикалық пайымдаулар мен оларды құру ережелері өзіндік пікір қалыптастыруға, дәлелдеуге дағдыландырады. Алгоритм бойынша берілген іс-әрекетті орындауға және өзі алгоритм құрастыруға, математикалық білім алуға және қолдануға, өз бетімен әрекет етуге үйретеді.

Оқушылар, ғылыми-зерттеу қызметі және зерттеудегі математикалық шешімдер арқылы жаһандық проблемалар шешім табатындығын, қоғам жаңа мүмкіндіктерге ие болатындығын және алдыңғы қатарлы заманауи технологиялар дамитынын түсіне алады. Математиканы оқу үдерісінде оқушылар критикалық ойлауды, зерттеу және қарым-қатынас дағдыларын дамытады, математикалық білімді өмірде және шығармашылықта қолдану қабілетін тұрақты дамытуға және жетілдіруге талпыныс қалыптастырады.

Мүмкіндіктері зерттеулердің математикалық әдістерін және ақпараттарды өңдеумен үйлесімдіқолдану барысындаайқындалатынақпараттық-коммуникативтіктехнологияларды жүйелі пайдалану маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, математикалық білім оқушылардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға үлес қосады, өйткені оқушылар математиканы игере отырып,математика ғылымының дамутарихын,ұлы ғалымдар және ашқан жаңалықтарытуралы білуге, оқушылардаматематиканы жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Математика» пәні бастауыш сынып оқушыларына бастапқы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады. Оқушылармен түрлі пәндерді және қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негізін игеру, әмбебап әрекет ретіндеесептерді шешудің жалпы тәсілін меңгеру, логикалық талқылаулар жасау және орындалатын әрекеттердің алгоритмдерін құру дағдылары, өлшеу және есептеу біліктері мен дағдыларыорта мектепте оқыту үдерісін табысты ұйымдастырға негіз болады.

2«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты


«Математика» пәні оқу бағдарламасының мақсаты - оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және сәйкес дағдыларынқалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл бағдарламада қоршаған ортадағы заттардыңмөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегіформаларын сипаттаудан тұратын жүйелі түрде берілген оқу курсы қарастырылады. Бағдарлама қоршаған ортаны қабылдау мен түсіну тәсілі ретінде қарастырылатын математикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Бағдарлама оқушылардан пәнді игеруде өз танымдары мен математика ғылымына қызығушылығын арттыруды, сондай-ақ математикалық әдістер мен шешімдердің әдемілігінжәнемаңыздылығын бағалауды талап етеді.

Бағдарлама:

  • түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтікдағдыларын;

  • ақпарат көздерінен деректерді іздестіружәне таңдаутоппен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін сыйлау, жетекшілік қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде ұсыну үшін коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын;

  • өз уақытын жоспарлауға және басқаруға, өзін-өзі реттеуге бағытталған өзін-өзі басқару дағдыларындамытуға негізделген.

Бағдарлама білуге құштарлық,мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды.

«Математика» пәнін оқу арқылы оқушылар:

  • логикалық ойлау, кеңістікті елестету және математикалықтерминдерді пайдалану дағдыларындамытады;

  • оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу қабілетін дамытады,арифметикалық алгоритмдерді пайдаланады, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізеді;

  • сынитұрғыданойлауды, шығармашылықпенойлауды және коммуникативтік дағдыларды дамытады;

  • математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдайды;

  • өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдаланудытүсінеді.


3Үштілділік саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілдеде оқыту сөйлеу әрекетініңтөрт түрі(тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) арқылы коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруғабағытталған.

«Математика» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептерде үштілділік саясаты тіл пәндері мен пән мұғалімдерінің оқыту әдіс-тәсілдері мен рөлдерін анықтайды.

Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Математика» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:

«Математика» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері ұсынылған.

«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ) «Математика» пәні арқылы оқушылардың ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамытудымұғалімдер қалай жүргізілетіні көрсетілген.

«Математика» пәнін оқыту нәтижелерін бағалаутәсілдері» тармағында (9-тармақ) бағалау тілі, бағалау моделі мен түрлері белгіленген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет