Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің «Математика,физика және информатика» кафедрасының 6В01509 «Математика-физика» мамандығының 1 курс студенті Мұратова Наргиза
Есебі Мен 1-курс студенті Мұратова Наргиза 22.01.2024-29.04.2024 ж.ж. аралығында өндірістік іс-тәжірибемді Ақмола облысы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі №2 мектеп-лицейінде өткіздім. Іс-тәжірибе кезінде мен 7«Б» сыныбының сабақтарына қатыстым.Баткалова А.Н мектептегі іс-тәжірибе жетекшім болып бекітілді.Өз қабілетімді, білімімді пайдаланып,өз бойымдағы мұғалімге тән қасиеттерімді қатар ұстап,қызығушылық пен сүйіспеншілігімді одан әрі дамытуға тырыстым. Мектептің оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құкыктарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Тәжірибе барысында мен сынып жетекшінің қызметінің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстым. Сынып жетекшісінің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тәсілдерін бақылап, оқушыларымен тәрбие жұмысы калай жүргізілетінін білдім. Мектептегі мұғалімдердің сабақ өткізу кезінде қызықты оқу әдістерін және технологияларын бақыладым, өзіме түртіп алдым. Әр апта сайын белгілі бір тақырыпқа тәрбие сағатын өткізуде, презентация немесе жоспар жасап сынып жетекшісіне көмектестім. Қорытындылай келе, мен оқу танытыру практикааны жақсы, сапалы өттім деп ойлаймын. Оқу танысу практика жоспары толығымен орындалып, барлық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырдым деп ойлаймын. Педагогикадағы білімімді терендете алдым, сабақта жане одан тыс уақытта сыныппен байланыс ұйымдастыру бойынша дағдыларды қалыптастырдым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінде материалдық-техникалық базасымен, педагогигакалық ұжыммен және мұғалімнің міндеттерімен, құқықтарымен таныстым. Мұғалімдердің сабақтарына және тәрбиелік іс- шараларға қатысып, көп тәжірибе жинақтадым.