Математикалық ойсалмақ (Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал)



бет2/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,45 Mb.
#5754
1   2   3   4   5   6   7   8

Махамбет-2016 жыл.

Оңай Шонаев атындағы орта мектеп

Хафизова Ардақ Нағымбекқызы

Математикалық ойсалмақ

(Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал)

О.Шонаев атындағы бастауыш сынып әдістемелік кеңесінде мақұлданып талқыланды

Хаттама №2



Жұмбақ әңгіме


Әулетте қанша адам бар?

Балалар,«Ер төстік»ертегісін оқыған шығарсыңдар.Ендеше мына әңгімеге құлақ салыңдар.«Ерте,ерте,ертеде,Ерназер деген адам болыпты.Оның тоғыз ұлы бар екен.Ерназар тоғыз ұлына бір үйдің тоғыз қызын алып беріпті.Сөйтіп ол әр келіннен тоғыз немереден,әр немереден тоғыз шөбереден көріпті».Сонда Ерназардың өзі мен кемпірін,бала-келіндері мен немерелерін,неменелерінің әйелдері мен олардан туған шөберелерін қосқанда бұл әулеттегі адамдардың саны қанша?



Қ

анша балық ұстады?

Бір топ бала өзен үстіндегі көпірдің

жанында әңгіме-дүкен құрып

отырған.Бір кезде жандарынан

бір балықшы бала өтті.Аулаған

балықтарын шыбыққа

тізіп алыпты.

-Әй,бала!Қанша балық ұстадың?-деді отырғандар.

Анау да әзілқой екен:

-Жиырма жетінің жартысы.Бассыз екеу,құйрықсыз үшеу тағы бар,-деді қолма-қол.



Сонда балықшы қанша балық ұстаған?

Қ

арсақ түлкіге қанша қарыз?

«Түлкі өзінің кимейтін киімдерін

арзан бағаға сатып жатыр!»деген

хабарды естіп,Қарсақ базарға

қарай құстай ұшты.Кедей тұратын

Қарсақтың бес баласы бар еді.

Ол тұңғышына 1500 теңгеге көйлек,

екіншісіне 2000 теңгеге шапан,ортаншы ұлға 550 теңгеге жейде,төртіншісіне 850 теңгеге шалбар,кенжесіне 1150 теңгеге аяқ киім сатып алды.Түлкі 5000 теңге беріп,қалғанын қарызға алды.Қарсақ түлкіге қанша қарыз?



Қ

анша қара,қанша қызыл құмырсқа майданнан сау қайтты?

Бүгін құмырсқалар үшін қан

майдан-жер үшін соғыс!

Жұмысшы қызыл құмырсқалар

лек-легімен келіп сапқа тұрып

жатыр. Жалпы саны он мың!Қатыгез қара



құмырсқалар жиырма мың!Көптен күткен шайқас та басталды. Қиянкесті ұрыста бес мың қара құмырсқа

және үш мың қызыл құмырсқа қаза болды. Жеті мың қара,үш мың қызыл құмырсқа ауыр жарақаттанды. Ешкім жеңбеді.Қанша қара,қанша қызыл құмырсқа майданнан сау қайтты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет