Ескертулер:
Оқушылардың жауаптарын кодттау кезінде оқушының сөзбен сипаттауына ғана емес сонымен қатар оның салған суретіне,берілген континенттің картасындағы белгілеулеріне де назар аудару керек. Оқушы жиі істеген әрекетін сөзбен дұрыс сипаттай алмайды.Бірақ бұл жағдайда оның картада салған белгілері көмектесе алады. Бұл сұрақтың негізгі мақсаты оқушы жауапты қалай сөзбен сипаттағанында емес қалай дұрыс жауапты алғандығын анықтауда . Сондықтан егер түсініктеме жоқ болған жағдайда оқушының картадағы белгілеулері немесе оның қолданған формулалары жауапты қалай алғандығын анықтауға мүмкіндік берсе ,онда оны жауап ретінде қабылдауға болады.
Тапсырманың ерекшеліктерінің қысқаша сипатталуы. Тапсырманың ұпайлық бағаалауы 712-ге тең (қиындығы жоғарғы деңгей). Тапсырмада стандартты емес фигураның ауданын бағалау тәсілін табу,бейтаныс жағдайда қажетті математикалық құралдарды қолдану қажет.Стандартты емес фигураның ауданының моделі ретінде қолдануға оған сәйкес келетін геометриялық фигураны таңдап алуы қажет. (мысалы, континенттің сәйкес бөліктерін үшбұрыштармен,тіктөртбұрыштармен,шеңбермен алмастыру). Оқушылар өздері таңдап алған фигуралардың ауданын табу формулаларын білу және қолдана алулары қажет,картаның масштабымен жұмыс істей білуі,кесіндінің ұзындығын бағалай білу, бірнеше амалдардан тұратын есептеулерді орындай алу қажет.
3 тапсырмалар тоПТАМАСЫ.
ЖАРЫС МАШИНАСЫНЫҢ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Төмендегі графикте, үш километрлік, өр және түсулерсіз, айналмалы тас жолда жарыс машинасының жылдамдығының қалай өзгергені көрсетілген.
5 Сұрақ: Жарыс машинасының жылдамдығы
С өре сызығынан ең ұзын тура сызықтың басына дейінгі арақашықтық неге тең?
А) 0,5км
В) 1,5км
С) 2,3км
D) 2,6км
Тапсырманы орындау бағасы
Іскерлік: компоненттіліктің екінші дәрежесі (байланыстарды орнату және тапсырмаларды орындау ақпараттарын шоғырландыру)
Мазмұны: өзгеріс және тәуелділік
Жағдай: ғылыми
Код 1:Жауап В – «1,5 км»
Код 0: Басқа жауап.
Тапсырманың ерекшеліктерін қысқаша бейнелеу.
Тапсырманың бағасы 492 балға тең (күрделілігі орташа деңгейдегі). Берілген тапсырмада график түрінде берілген физикалық тәуелділіктің аумағын ақпараттық интерпретациялау қажет (белгісіз траекториялық қозғалыстағы көліктің арақашықтығы және жылдамдығы). Қатысушыларды графиктіинтер претациялау міндетті, графиктің екі міндеттері мен сөздік ақпаратты байланыстыра отырып, біреуі анық көрініп тұр, ал басқаның графиктің ерекшеліктерін және өлшемдерін терең түсіну арқылы анықтауға болады. Содан кейін график бойынша керекті ақпараттарды идентификациялау, оқу және берілген нұсқаулардан дұрыс жауапты таңдау
Достарыңызбен бөлісу: |