Сабақ №18. Тақырып: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар» Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі39,88 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақ

Мерзімі: 17.01.2017

Сыныбы: 6-сынып

ІV тарау. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Сабақ №18. Тақырып: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар абзац, шегініс, интервал туралы толық ақпарат алып, берілген тақырыпты практика жүзінде қолдана алулары керек;

Тәрбиелік: Оқушылар жан-жақты, сыныптастарымен жақсы қарым қатынаста болуға, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, сыйлауға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;



Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Жұптық жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс, әртүрлі ойындар...



Күтілетін нәтиже:

·        Табыс критерийлері:

1.     Мен абзацтың не екенін білемін.

2.     Мен шегіністің не екенін білемін.

3.     Мен интервалдың  не екенін білемін.

4.     Мен бүгінгі өткен тақырыпты практикада қолдана аламын.



Сабақ жоспары:

 1. Мен көңілді баламын.



  1. Амандасу;

  2. Оқушыларды тексеру;

  3. Психологиялық ахуал туғызу; (таратпа стикерлер арқылы жұптасады)

  4. Топқа бөлу (үш-үштен топқа бөлінеді)

2. «Лездеме» ойыны

3. Оқимын, білуге құмармын, үйретемін... (кітап бойынша топпен жұмыс)

4. Шаршамаймын мен бүгін...

5. Оқыдым, білдім, үйрендім...

           1) «Өзіңді тексер» (шындық па, жалған ба?)

2) «Ертегіні қалпына келтір» (компьютермен жұмыс)

6. Тазалық ойыны

7. Оқушыларды бағалау (жинаған алмаларды санау)

8. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:


  1. Мен көңілді баламын...

    1. Психологиялық тренинг: «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы

(Оқушылар алдарына берілген стикерлер арқылы жұптарын анықтап алады)

Мақсаты: Оқушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау саған қиын болды ма?
Көршіңіз: «Мен сені көргеніме қуаныштымын...» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдың?


  1. «Лездеме!» ойыны. 

Әр топтан бір оқушыдан (топ басшылары) шығып, қалған оқушыларға конвертте жазылған сөздерді пайдалана отырып, өткен сабақтың негізгі сөздерін түсіндіреді. (әр оқушыға 1 минуттан) 
Ескерту: 
Қағазда жазылған сөздің өзін атамай түсіндіру керек, ал қалған оқушылар сол сөзді табуы тиіс. 

  1. Оқимын, білуге құмармын, үйретемін... (кітап бойынша топпен жұмыс)

  2. Шаршамаймын мен бүгін (физминутка)

  3. Оқыдым, білдім, үйрендім...

5.1. «Өзіңді тексер»
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 

5.2. «Ертегіні қалпына келтір» (компьтермен жұмыс)

Қазақ халық ертегісі

Ай мен күн

(Ертегіне қалпына келтір!!!)

Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағанның ізі Айсұлудың бетінде өшпес болып қалады.

Бірінен - бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тисіп:

  • Сенен мен сұлумын! – дейді.

Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне – бірі көрінбей, бірінен – бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.

Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуіде теңдесі жоқ сұлу екен.

Ал Айсұлу болса:

- Жоқ сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады.

Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қаранғылығында бұғып жатады екен.
6. «Тазалық» ойыны 
Оқушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: 
1. Чемодан(суреті) 
2. Қоқыс жәшігі (суреті) 
3. Еттартқыш (суреті) 
- Оқушылар,

Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар)

Бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).

Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) 


7. Оқушыларды бағалау (жинаған алмаларды санау)

8. Үйге тапсырма беру § 18. Абзацтар, шегіністер және интервалдар
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет