«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар



бет8/36
Дата27.07.2022
өлшемі4,87 Mb.
#147812
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
«Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема

Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар:
1. Математикалық ұғымдар және оларды қалыптастыру процесі.
2. Математикалық сөйлемдер. Аксиомалар. Теоремалар, олардың түрлері мен құрылымы, қажетті және жеткілікті шарттар, теореманы дәлелдеу тәсілдері.
3. Мектеп математика курсындағы заңдар, алгоритмдер және ережелер.
4. Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдарын ата.
5. Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар. Математиканы оқытудағы компьютердің қызметі.
6. Тест педагогикалық өлшеуіштің құралы ретінде, түрлерін ата.
7. Мектеп математика кабинетін жабдықтау және дидактикалық тұрғыда қамтамасыз ету.

3 - МОДУЛЬ. Математиканы оқытудың әдістері мен заманауи технологиялары


4-дәріс. Математиканы оқытудың әдістері және олардың классификациясы.


Дәріс мақсаты: Математиканы оқытудың әдістері, әдіс туралы жалпы ұғым, оқытудың дәстүрлі емес әдістері. Математиканы оқыту барысында әртүрлі әдістері қолдану мәселелері. Математикалық индукция әдісіне тоқталу. Математиканы оқытудың интерактивті әдістерін білу.


Дәріс жоспары: Математиканы оқытудың әдістері және олардың классификациясы. Математиканы оқыту процесіндегі бақылау мен тәжірибе, салыстыру және аналогия, жалпылау, абстракциялау және нақтылау, индукция мен дедукция, анализ бен синтез. Толық және толық емес индукция. Математикалық индукция әдісі. Математиканы оқытудың интерактивті әдістері.

Математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың математикалық ойлау, математикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуда математиканы оқытудың тиімді тәсілдері мен әдістерін қолдана білу қажет. Оқыту – мұғалімнің оқушыларға білім беруі ғана емес, ол оқушы мен мұғалімнің арасындағы тиімді қарым-қатынастың күрделі үрдісі. Оқыту үйрету мен үйренуден тұрады.


Үйрету мұғалімнің жаңа материалдарды түсіндіретін, оқушылардың оқып, зерттеп отырған құбылыстарын, бақылауларын ұйымдастыратын, олардың үйренуін, алған білімдерін қолдана білулерін басқаратын және олардың білім, білік, дағдыларын тексеретін мұғалімнің іс-әрекеті.
Үйрену мұғалімнің басшылығымен жаңа материлдарды қабылдау барысында мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, зерттеп отырған фактілерді, заттарды, құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстарды түсініп, қабылдаған фактілерді қорытып, бекітіп және мұғалімнің тапсырмаларын орындағанда білімдерін қолдана білетін оқушылардың саналы іс-әрекеті [Колягин].
Сонымен, оқыту әдістері үйрену әдістері мен үйрету әдістерінен тұрады деуге болады.
Математиканы оқу (үйрену) әдістеріне оқушылардың өз беттерімен белсенді ізденіп білім алу жолдары жатады.
Математиканы оқыту әдістері деп белгілі бір математикалық білім, білік және дағды жүйесін оқушыларға беру тәсілдерін түсінеміз.
Математиканы оқыту түрлері деп оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін түсінеміз. Математиканы оқытудың жалпы түрлеріне сынып сабақтық, сынып топтық, лабораториялық және практикалық сабақтар жатады.
Математиканы оқытудың басқа түрлеріне математиканы проблемалық оқыту, математиканы саралап оқыту, техникалық құрал-жабдықтарды кеңінен қолданып оқыту жатады.
Математиканы оқытудың бір түрінде оқушылардың танымдық әрекеттерін әртүрлі ұйымдастыруға болады, яғни бір сабақта оқыту әдісі де, оқу әдісі де қолданылады. Мысалы, «Геометриялық денелердің көлемін моделдері бойынша табу» тақырыбындағы лабораториялық сабақта математиканы оқыту мұғалімнің нақты нұсқауымен жүргізілгенмен, лабораториялық тапсырма эвристикалық әдіспен орындалады. Мұнда математиканы оқыту әдісі де жүзеге асып тұр.
Оқытудың дәстүрлі әдістері ертеде пайда болған және олар үнемі кемелденіп келеді. Педагогика мен оған сыбайлас ғылымдардың ХІХ ғасырдағы деңгейіне сәйкес келетін бұл әдістердің көп жақтары ескіріп, қатаң сынға алына бастағанына да көп болды. Алайда дәстүрлі әдістердің үлкен кемшіліктерімен қатар, оларда көптеген ескірмейтін тиімді негіздер бар, сондықтан да бұл әдістер күні бүгінге дейін әдістемелік тәжірибеде қолданыс табуда.
Оқытудың әдістерін топтауға да бірегей көзқарас жоқ. Кейде оны білім көздеріне (С.О.Лордкипанидзе, Н.М.Верзилин, Е.Я.Голант), дидактикалық мақсаттарына (Б.П.Есипов) байланыстырып жіктейді. Мұны біз дәстүрлік жүйе дейміз. Дәстүрлік жүйе қарапайым, әрі кең тараған. Оқытудың дәстүрлік жүйесі даяр білімді меңгеруге бағыттайды. Мұғалім материалды әр түрлі дидактикалық жабдықтарды пайдаланып баяндайды, ал оқушы оны қабылдайды, кітаптар оқиды, сұрау бойынша айтып береді. Бұл жағдайда оқушының оқу қызметі өнімсіз (репродуктивті) болып, тек даяр жинақталған білімді меңгереді. Көп жағдайда дәстүрлік жүйенің әсері аз, өйткені ол оқушының ойлау қызметін жандандырмайды, оны өз бетінше ізденуге талпындармайды.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіне:

  • сөздік (білімді ауызекі баяндау, әңгімелесу, кітаппен жұмыс істеу),

  • көрнекілік (суреттеме, көрсетулер),

  • практикалық (жаттығулар, көрсету жұмыстары және практикалық жұмыстар) әдістері жатады. Бұл жіктеу шартты түрде алынған, өйткені әдістер өзара тығыз байланысты, әрі олардың аралық межесін айқын көрсетуге болмайды.

Сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет