«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар



бет5/36
Дата27.07.2022
өлшемі4,87 Mb.
#147812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
«Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема

Студеттердің өзін - өзі бақылауы үшін сұрақтар:

1. Мектеп математика курсының жалпы білім беру жүйесіндегі мәні мен маңызы.


2. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
3. Мектеп математика курсының базалық мазмұнына сипаттама бер.
4. Математиканы оқытудағы пәнаралық, пәнішілік және сабақтастық байланыстарды атап түсіндір.


3-дәріс. Математикалық ұғымдар және оларды қалыптастыру процесі. Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары.

Дәріс мақсаты: Математикалық ұғымдарға анықтама беру, ол ұғымдарды қалыптастыру үрдісіне тоқталу, ұғымдарды классификациялау. Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдарына тоқталу.


Дәріс жоспары:


1.Математикалық ұғымдар және оларды қалыптастыру процесі. Мектеп математика курсының анықталатын және анықталмайтын ұғымдары. Математикалық ұғымдарды анықтаудың тәсілдері. Математикалық терминдер мен символдар. Математикалық сөйлемдер. Аксиомалар. Теоремалар, олардың түрлері мен құрылымы, қажетті және жеткілікті шарттар, теореманы дәлелдеу тәсілдері. Мектеп математика курсындағы заңдар, алгоритмдер және ережелер.
2.Математикалық білім беруді қамтамасыздандырудың құралдары. Көрнекі құралдар және дидактикалық материалдар. Аудио, видео және компьютерлік оқу материалдары. Математиканы оқытудағы компьютердің қызметі. Тест педагогикалық өлшеуіштің құралы ретінде. Мектеп математика кабинетін жабдықтау және дидактикалық тұрғыда қамтамасыз ету.


1.Математикалық ұғымдар және оларды қалыптастыру процесі.
Ұғым деп зерттеу объектісінің елеулі қасиеттері бейнеленген ойлау түрі. Айталық, біздің әрбір сөйлеміміздің мағынасы белгілі бір заттың тобын, класын анықтайды, құбылыстардың өзара қатынасын бейнелейді. Егер сөз бізге бір затты басқа бір заттардан көптеген қасиеттерін ерекшелеп көрсетуге көмектессе, ойымызда ол зат ерекшеленіп елестесе, не оларға тән ортақ қасиеттер мен байланыстары көрсетілсе, онда ой заттың жалпы қасиеттерін бейнелей алады. Заттар арасындағы және құбылыстар мен қатынастардан, олардың нақты қасиеттерінен жалпылай қорытынды шығарылса, онда олар туралы белгілі бір ұғым болады. Ұғым - әдетте біздің санамызда кейбір объектілер қатынасы мен процесстердің, кейбір заттар класының ойша бейнесін белгілеу үшін қолданылады.
Математикалық ұғым біздің ойымызда белгілі бір формада нақты жағдайдан абстракцияланған шындықты бейнелейді. Математикалық ұғымдарды меңгеру, оны тәжірибеде, өмірде қолдана білу мақсатты түрде анықталғанда ғана мүмкін болады. Бір затты екінші заттан, олардың қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері арқылы ажыратамыз. Әртүрлі объектілердің өзіне тән жеке қасиеттері және жалпы қасиеттері болады.
Жеке қасиеттері деп ол объектінің басқа объектіден ажырататын қасиеттерін атайды. Мысалы, бір айнымалыға тәуелді екінші дәрежелі теңдеу – квадрат теңдеу. Қазақстандағы ең ұзын өзен – Іле және т.б.
Жалпы қасиеттері деп белгілі бір объектінің басқа объектіден ажырататын да, ажыратпайтын да болуы мүмкін. Мысалы. Адамдар – омыртқалылар класына жатады, сүтқоректі т.б.
Ұғым мазмұннан және көлемнен тұрады.
Ұғым көлемі – осы класқа жататын барлық объектілердің сипаттамалық қасиетін айтады. Мысалы, «Үшбұрыш» ұғымы мүмкін болатын барлық үшбұрыштар класын білдіреді. Бұл ұғымның көлемі болып табылады.
Ұғымның мазмұны сипаттамалық қасиетке ие: үш қабырғасы, үш бұрышы, үш төбесі. «Теңдеу» ұғымы – барлық мүмкін болатын теңдеулер класын біріктіреді (көлемі) және сипаттамалық қасиеті бірнеше айнымалыдан тұратын теңдік (ұғымның мазмұны). Ұғымның мазмұны анықтама арқылы, көлемі классификациялау жолмен табылады. Ұғымды қалыптастыру – күрделі психологиялық процесс, білім берудің жай танымдық формасы – түйсінуі. Сезіну-қабылдау-түсінік-ұғым. Әдетте бұл процесс екі сатыдан тұрады. Сезімдік қабылдау арқылы түсініктің пайда болуы және логикалық түрде түсініктен ұғымға жалпылау мен абстракцияның көмегі арқылы жету (оқушы 3 санын қалай қалыптастырады). Бірінші кезеңде әртүрлі нақты жиындармен танысады (үш алма, үшбұрыш, үш қой, үш адам және т.б.) бұлардың әртүрлі қасиеттеріне назар аударады. «Көру» процесі бала санасында бейнелеудің ерекше формасын қабылдайды (сезінеді), объектіні сезімдік түйсіну – танымның ең алғашқы сатысы, ол ұғымға сәйкес қалыптасады. Математика пәні өзі зерттейтін ұғымдарды белгілі бір жүйеге келтіріп, өзіне тән талаптарға сәйкес ұғымдарды бөлшектейді.
Ұғымдарды классификациялауды олардың әр түрлі белгілері бойынша жасауға болады. Мысалы, бір ғана үшбұрыш ұғымын «бұрыштары бойынша» және «қабырғалары бойынша» жеке-жеке классификацияланады:
а) үшбұрыш бұрыштары бойынша: сүйір бұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты.
б) әр қабырғалары бойынша: әр қабырғалары , тең бүйірлі , тең қабырғалы.
Математикалық сөйлемдердің маңызды түрлеріне аксиомалар, постулаттар, теоремалар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет