Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Үйрету дегеніміз не?
2. Үйрену дегеніміз не?
3. Математиканы оқу дегеніміз не?
4. Математиканы оқыту дегеніміз не?
5. Математиканы оқыту түрлерін атаңдар.
6. Математиканы оқыту әдісін де оқу әдісін де бір сабақта қалай жүзеге асыруға болады?
§ 4. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ПРОГРАММАЛАНҒАН ӘДІСІ
Программаланған оқыту әдісі 1970-80 ж.ж. аралығында математиканы оқытудың жаңа әдісі ретінде практикада жиі қолданды. 1970 ж. Базелде халықаралық педагогикалық көрмеде 1000-нан астам программаланған оқу құралдары қойылды.
Программаланған оқытуда оқылатын материал блокпен беріліп, әрбір блоктан кейін меңгерілгендігі бағаланып отырылады. Материал бетке басылып не компьютердің мониторында беріледі. Оқушы жаңа материалды өзіне ыңғайлы темппен оқиды. Алдыңғы блоктағы материал меңгерілгеннен кейін ғана келесі блокқа көшеді. Егер компьютермен оқытса, қазіргі компьютерлік ойындар секілді, оқыту сәнді, көрнекі, безенген, дыбысталған яғни әуенмен жүргізіледі.
Программаланған оқытудың ерекшеліктері мынандай:
1) Программаланған оқыту әдісі оқытуды жекелеп жүргізу қағидасыне негізделген. Оқу материалын оқушылардың өздігімен меңгерулері жүзеге асады. Оқушылар оқу құралы бойынша өз бетімен оқып үйрену үшін бар қабілетін, ақыл-ойын жұмсайды.Оқу құралында оқушыларға қажетті бар теориалық материал, оқушы ойланып шешімін табатын тапсырма, сұрақтар келтіріледі.
2) Оқу материалы оқып үйренуге ыңғайлы бірнеше шағын бөліктерге (кадрларға) бөлініп беріледі.
3) Әрбір бөліктің (кадрдың) соңында, оқушылардың қаншалықты меңгергендерін тексеретін сұрақ қойылады.
4) Оқушы жауабының дұрыстығын бірден оқу құралындағы эталон жауаппен салыстырып тексеріп отырады. Осылайша өз-өзіне бақылау жасау жүзеге асады. Ішкі кері байланыс - оқу үрдісін өзін-өзі басқарудың негізгі факторы екені мәлім.Егер оқушының жауабы эталонмен сәйкес келсе, ол оқушы бағдарлама бойынша ілгері жүреді. Жауап қате болған жағдайда, оқушы оқу материалымен жұмыс жасап, қатесін тапқаннан кейін ғана келесі бөлікке (кадрға) көшеді.
Программаланған оқыту әдісі осы келтірілген талаптардың әрқайсысы біртұтас орындалуын қажет етеді.
Программаланған оқыту әдісіне арналған оқу құралдарында оқу материалы екі түрлі тәсілмен беріледі. Олар: сызықты программаланған оқу материалы және тармақтап программаланған оқу материалы.
Сызықты программалауда оқушы оқу материалын оқып меңгергенде алдыңғы кадрға берген жауабына байланыссыз келесі кадрға көше береді. Оқушыларға бірдей материал беріледі. Олар бір-біріне тәуелсіз өз бетімен жұмыс жасайды. Сыныптағы оқушылардың дайындықтары, қабілеттері әртүрлі болғандықтан әр оқушы өзіне тән жылдамдықпен жұмыс істейді.
Оқу материалын программалаудың тармақталған тәсілінде оқушы алдыңғы кадрға жауап бере алмаса келесі кадрға көше алмайды. Бұл жағдайда оқушы оқу құралында берілген қосымша теориалық материалмен жұмыс жасап, қатесін түзегеннен кейін ғана ілгері жылжиды. Осылайша оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Программалап оқытудың үзіндісін көрсетейік.
Алгебрадан сызықтық программалаудың үлгісі:
«Арифметикалық квадрат түбір» (8 сынып)
Есеп: Ауданы 225 см2 квадраттың қабырғасын табыңдар.
Шешуі: Квадраттың қабырғасын x-деп белгілесек, x2 = 225 теңдеуінің бірінші шешімі 15. Екінші шешімі -15. Есептің шартына оң түбірі ғана сәйкес келеді. Яғни, квадраттың қабырғасы 15 см.
Есеп шығару барысында біз х2 = а а (а-кезкелген сан) түріндегі теңдеу алдық.
Егер а < 0 болса, онда х2 = а теңдеуінің шешімі жоқ.
Егер а = 0 болса, онда х2 = а теңдеуінің – жалғыз шешімі бар.
Егер а > 0 болса, онда х2=а теңдеуінің екі шешімі бар.
Жоғарыдағы есепте 15 және -15 сандары 225 санының квадрат түбірлері.
1- мысал. Теңдеуді шешіңдер:
а) 0,3 х2=1,2. ә) -0,2 х2=1,8.
х2 = 4 ...
х1 = 2
х2 = -2. (шешімі жоқ) Сонымен, а санының квадрат түбірі деп квадраты а санына тең санды айтады.
Санның теріс емес квадрат түбірін - арифметикалық квадрат түбір делінген.
Анықтама: а санының арифметикалық квадрат түбірі деп квадраты а-ға тең теріс емес санды айтады.
Арифметикалық квадрат түбірді деп белгілейді. квадрат түбір не радикал белгісі. (radix-латын сөзі, түбір) түбір астына жазылған өрнек-түбір астындағы өрнек деп аталады.
деген жазуды «а санынан алынған арифметикалық квадрат түбір» деп оқылады. Кейде қысқаша «а санының квадрат түбірі» дейді.
а-ның кезкелген теріс емес мәнінде яғни а 0 болғанда, -ның мағынасы бар және . Егер а < 0 болса, -ның мағынасы жоқ.
2- мысал. Арифметикалық квадрат түбірді табыңдар.
а) ә) б)
в) г)- д)
3- мысал. Өрнектің мағынасы бар ма?
а) б) - в)
мағынасы жоқ ... ...
себебі -36 < 0 ... ...
(бар) (бар)
г) д)
... ...
... ...
(жоқ) (бар)
4- мысал. а – ның қандай мәнінде өрнекті мағынасы бар?
а) а – ның кезкелген мәнінде теріс емес. Сол себепті а – ның кезкелген мәнінде өрнегінің мағынасы бар.
ә) ;
...
...
...
(а – ның кезкелген мәнінде мағынасы жоқ)
б) ;
...
...
...
(а – ның кезкелген мәнінде мағынасы бар)
Сонымен өрнегінің мағынасы болса, және
Достарыңызбен бөлісу: |