Мазмұны:
Математиканың шығу тегі
Математиканың жан – жақты дамуы
Ұлы математиктер
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Аннотация
Математика ғылымдардың ішінде ең ерте шыққан, оның тарихи ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезінде басталған. Адамзат тағылының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кішкене» ұғымдары туған. Заттарды санаудан 1,2,3,4,5....т.с.с натурал сандарды жазуға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін ажыратуға мәжбүр еткен.
Кіріспе.
Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б.з.д 2 мыңжылдықта пайда болған. Тарих жағынан келсек, сандардың ежелгі Вавилонда қолданғаны айқындалады. Осылай математика саласы одан әрі қарай дами түсті. Қаншама ғалымдар өз шығармаларын есеп арқылы өшпес мұра қылып қалдырған.
Тақырыпты таңдау себебім:
Жер шарында қанша қызық пән және оның ғалымдары бар, сонның ішінен таңдап алған пән бұл математика пәні. Бұл пән ерте ғасырдан келе жатқан пән және оның қаншама атақты ғалымдары бар. Солардың математикаға қосқан үлесі мен өмірі туралы баяндап береміз.
Өзектілігі:
Қазіргі оқушылар математиканы тек мектеп бағдарламасы бойынша білім алады, ал, математиканы тереңдетіп оқуға қызығушылығы төмендеп барады. Сондықтан да, сол қызығушылықты оятып және дамыту үшін «Математика ғылымының шығу тегі және ғалымдары» атты ғылыми жобаны бастап отырмыз.
Мақсаты:
Бүгінгі біздің келіп отырған себебіміз, осы отырған барша халыққа математика тарихынан татымды дүниелерді тартымды қылып жеткізу, математика пәніне деген қызығушылықты арттыру;
Достарыңызбен бөлісу: |