Материалдары



Pdf көрінісі
бет128/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Түйін сӛз:
 образ, əдеби кейіпкер, ұлттық сана, ұлттық идеология, фильм 
 
 
Қазақта ел тағдырын ҿз тағдырынан биік қойған, ел ҥшін еңбек еткен ерлер ҧлт қаһармандарының деңгейіне 
кҿтеріліп, ҽдебиетте, ҿнерде кҿркем образға айналып жатады. Тарихи тҧрғыдан ҧлт ҥшін, халық ҥшін тарихи 
мҽні терең іс-ҽрекет жасаған немесе халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың ҿзі осындай 
ҧлттық, тҧлғалық деңгейге кҿтеретін бағаны беріп отырған. Қазақ ҽдебиетінде осындай тҧлғалардың ғажап 
галереясын жасаған кҿлемді туындының бірі – «Кҿшпенділер» трилогиясы [1]. Жазушы І.Есенберлиннің 


147 
тарихи эпопеясы партиялық идеологияның қылышынан қаны тамып тҧрған уақытта дҥниеге келді. Бҧл – қазақ 
тарихын кҿркемдік тҧрғыда пайымдаудың ҥздік ҥлгілерінің бірі, ҽдебиет ҥшін шоқтығы биік туынды. Елбасы 
Н.Ҽ.Назарбаев: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Кҿшпенділер» трилогиясы негізгі орын 
алады, ол эпикалық қҧлаш-қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды ҽрі қайталанбас 
тҧлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен жҽне айқындылығымен ерекшеленеді» деп жоғары баға 
берген [2].
Қазақ қоғамы ҥшін маңызы зор мҧндай туындыға жаңа ҿмір сыйлау, оны фильмге айналдыру – ҧрпақ 
тҽрбиесінде ҥлкен рҿл атқарар қадамдардың бірі. Ҿйткені кино арқылы қоғамға, жас буынға ықпал жасау оңай. 
Сонымен қатар фильм қоғамның кең кҿлемін қамтып, оңай таралады, адам санасында жарқын ҽсер қалдыруға, 
рухты оятуға ҿз ҽсерін тигізеді. Осы мақсатты кҿздей отырып, режиссер Р.Ҽбдіраштың, сценарий авторы 
С.Елубайдың бастауымен «Кҿшпенділер» трилогиясының бір бҿлімі «Алмас қылыш» атауымен кинодастанға 
айналды [3]. Картина ХV ғасырдың тарихи оқиғаларын, соның ішінде Қазақ ордасының жеке-дара шығу 
сҽттерін аса кҿркемдікпен баяндайды. Туынды «Қазақ елі» жобасының аясында пайда болды. 
Кинода ҧлттық тҧлға деңгейіне кҿтерілген Керей мен Жҽнібектің, Қазтуған мен Қобыландының, Бҧрындық пен 
Қасымның кҿркем бейнелері кҿрініс тапқан.
Тҧңғыш Қазақ хандығының іргесін қалап, туын кҿтерген алғашқы 
хан Керей
бейнесі (актер Қайрат Кемалов) 
романға қарағанда фильмде іргелі образға айналған. Ақыл-қайратымен ел бастар данагҿй басшының ҥйретері 
кҿп. Қазақ жастары Керей тҧлғасы арқылы ел ағасында болуы керек қасиеттерді тҥйсініп, ел тағдырында тҽлім-
тҽжірибемен бірге парасат пен терең ойдың орны зор екенін ҧғынады, сын сағатта елдің сағын сындырмай, 
туын кҿтеруге ҽрекет ету азаматтық парыз екенін тҥсінеді. 
Ағасы Керейдің ізін басып, оған қосшы бола білген 
Жəнібек сұлтан
(актер Еркебҧлан Дайыров) образы – қазақ 
қоғамындағы туыстық қатынастың алтын арқауын, адами болмыстың ҥздік ҥлгісін кҿрсеткен бейне. Романда 
жарқын образымен есте қалған Жҽнібек бейнесі фильмнің ҿн бойында Керейдің тасасында қалғандай болуы 
мҥмкін, бірақ ағасымен бірге бейнет кешіп, тҽуекелге бірге баруы, кҿкірегінде халықтан басқа алаңның 
жоқтығы, хандыққа қол жетіп, таққа отырар сҽтте пенде бақастыққа салынбай, ағаға жол беруі қазақ 
табиғатына тҽн кесек қасиеттерді кҿрсетіп, бҧл образды биік деңгейге кҿтерген. Сҧлтан бейнесі осындай 
қасиеттерімен кейінгі буынға ҿзіндік ҥлгі кҿрсетеді. 
Қазақ жастары, соның ішінде ер-азаматтар фильмдегі 
Қара Қыпшақ Қобыланды
(актер Арман Ҽсенов) 
батырдың соқталы бейнесін кҿріп, бір рухтанғандай ҽсерге бҿленеді. Роман мен фильмдегі Қобыланды образы 
бір-бірінен онша алшақ емес. Атақты Ақжол биді зымиян Ҽбілқайырдың айтағымен ҿлтіріп алып, ҿкініш отына 
ҿртенген Қобыланды Ҽбілқайырдан ат қҧйрығын кесіп, Керей мен Жҽнібек ҧстанған бағытқа бет бҧрады. 
Бҧрын кҿркем ҽдебиетте мифтік қаһарман ретінде қарастырылып жҥрген батыр тҧлғасы «Алмас қылышта» 
жаңа қырынан ашылды. Уҽдесіне берік, намыс ҥшін, ел тағдыры ҥшін жанын берер, жастар ҥшін кумир 
тҧтатындай тҧлғаға, ҧлттық қайраткерге айналды десек те болады. Қобыландының Керей мен Жҽнібек 
қосынына ҿздігінен қосылып, қиын сҽтте қолдау жасауы – «Біріңді қазақ бірің дос, кҿрмесең істің бҽрі бос» 
деген халықтық тҽмсілдің айқын дҽлелі.
Кинодастанда 
Қарға бойлы Қазтуған
жыраудың жырлары жыршы Бекболат Тілеуханның орындауында 
ҧтымды берілген. Фильмнің шарықтау шегіндегі атамекенінен ҥдере кҿшкен қазақ руларының кҿңіл-кҥйін 
ҧлттық жыр ерекше беріп тҧр. Сондай-ақ, Қазтуғанға байланысты эпизодтар Ноғай мен қазақтың бҧрыннан 
іргесі кҿрші, туысқан ел екенін кҿрсеткен. Сондықтан да, даңқты жыраудың фильмнің басты кейіпкерлерінің 
бірі болғаны – қҧптарлық кҿрініс. Бір ҿкініштісі, романда кеңінен ашылған жырау бейнесі фильмде толық 
қырынан кҿріне алмады. Десек те, елді біріктіру ҥшін ел мҥддесін биік қоятын қазақ ақын-жырауларының 
жинақталған образы Қазтуған арқылы сҽтті шыққан.
Фильмде ҿскелең ҧрпақ ҥшін ҥлгі болар жас қаһармандар 
Қасым мен Бұрұндық
бейнелерін ерекше атап ҿтуге 
болады. Бҧрҧндық романда жағымсыз образда сипатталса, фильм авторлары оны жаңа қырынан танытуға 
тырысқан. Ал ҿжет те қайсар, білімге қҧмар Қасым образы (Мейірғат Амангелдин) – ел болашағын кімге, 
қандай тҧлғаға табыстау керегін кҿрсетер айқын бейне. Сонымен қатар кешірімшіл, пайымы терең Қасым 
сҧлтан арқылы фильм авторлары қазақ жастарына елдің ертеңі ҿжет те білімді, парасатты ҧрпақтың қолында 
екенін айтқысы келгендей.
Фильмнің ерекшелігі мҧнда ерлер бейнесімен қатар, бейбіт кҥнде босағасының берекесін арттырып, ел басына 
кҥн туғанда ерлермен бірге атқа қонған, ҿр де ҿжет мінезімен дараланатын қазақ аруларының да бейнесі шет 
қалмаған. Қазақ тарихында ел қорғаған батыр, жаужҥрек аруларымыз кҿп болған. Мысалға алсақ, Тҧмар 
ханша, жаужҥрек қыздар Зарина мен Кҥнсҧлу. Зарина патшалық қҧрған кезде қырық қыздан тҧратын ҽскер 


148 
жасақтаған. Ол қыздар ерлерше сауыт киіп, жауға аттанған. Солардың ізін жалғастырған қазақтың батыр қызы 
Жаһанбике бейнесі
(Мҽдина Есманова) кҿрермен тарапынан жоғары бағаланды. Романда эпизодтарда ғана 
кҿрініс беретін, десек те сол аралықта ат ҥстінде еркін отырар қазақ қызының бейнесін кҿрсетіп ҿтетін 
Жаһанбике ханым фильмде кеңінен ашылған. Жҽнібек сҧлтанның дана да ҿр мінезді, салқын сабырлы, дала 
қызына тҽн еркіндігімен, ерлігімен, ел ағасының жарына тҽн қадір-қасиетімен жарқын образ жасаған бҧл тҧлға 
қазақ қызына озық ҥлгі бола алады. Сондай-ақ кинода Жаһанбикенің бастауымен қазақ қыздарының қару 
асынып, қалмақтарға соққы берудегі ерліктері сҽтті кадр болды.
Қорыта келе, киноиндустрия ҧлттық идеологияға қызмет еткенде, ҧлт қаһармандары жас буынға кҿбірек 
насихатталғанда сол ҧлтты тҽрбиелеу, ҧлттың санасын ояту нҽтижелі болады.
Ҽдебиеттер тізімі: 
1.
І.Есенберлин. Кҿшпенділер: Тарихи трилогия. Алматы: «Кҿшпенділер» баспасы., 2006. 
2.
https://kk.wikipedia.org/wiki/Кҿшпенділер_(трилогия) 
3.
 
https://e-history.kz/kz/publications/view/2686
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет