Материалдары



Pdf көрінісі
бет80/288
Дата07.02.2022
өлшемі3,83 Mb.
#92795
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   288
Байланысты:
ЖИНАҚ БАҺАДҮР 22,10

Түйін сӛздер:
 ақын, дастан, эпикалық дастан, тарихи шындық, батыр, көркемдік сипат.
Аннотация.
О бессмертном наследие народного поэта, лауреата государственных премий Нурхана 
Ахметбекова. В статье дан анализ жизненного пути, отражение его в произведениях поэта с сегодняшних 
позиций. Всесторонний анализ поэм «Есім сері», «Қарға», «Аманкелді». 
Ключевые слова
: поэт, поэма, эпическая поэма, историческая правда, батыр, художественный образ. 
Annotation. 
The article is about the heritage of the great national poet, the winner of the state prize Nurkhan 
Akhmetbekov, his life and creative work as a poet, analysis of his poems «Yessim seri», «Karga», «Amangeldy». 
Key words:
poet, poem, epic poem, historical truth, worrier, fiction character. 
Ҽдебиеттегі эпикалық жанр ҥлгісі дастан сҿзінің мағынасы парсыша-айту, баяндау, жырлау деген 
тҥсінік беріледі. Олай болса Нҧрхан Ахметбеков те ҿз ҿңірінің тарихын айтып ҿткен эпикалық жырларына 
арқау еткен, сҥбелі дастандар жазып жырлаған ақын. Ақын шығармаларынан ХІХ ғасырдың екінші, ХХ 
ғасырдың бірінші жартысын қамтыған ел тарихын оқып, тануға болатындай кҥрделі дастандар оқуға болады. 
ХІХ ғасырдың басты оқиғасы болған Кенесары - Наурызбай бастаған халық кҿтерілісі «Жасауыл қырғыны» 
дастанында жырланса, 1916 жылғы ҧлт-азаттық қозғалысы, кҿтерілістің батыр қолбасшылары Аманкелді мен 
Ҽліби туралы «Аманкелді дастанында» сҿз болды, 1932-1933 жылдардағы елімізде қолдан жасалған аштықтың 
анық айғағындай «Кҥлҽндам» дастаны бар, Ҧлы Отан соғысы туралы «Дабылыңды қақ, балам» дастан-
толғауын да жазған. Осы аралықтағы ел тҧрмысы, ҽлеуметтік жҽйі, тыныс-тіршілігі «Есімсері», «Қарға», 
«Албан Жҧпар ханым», «Қамарлы заман» дастандарында жҥйелі баяндалады.
Н.Ахметбековтың туғанына 90 жыл толуына орай жазған «Топжарған» мақаласында Ғ.Қайырбеков 
ақын дастандары туралы былай деп жазады: «Ҿз тҧстастарында Нҧрхан тек Иса Байзақовқа тҧстас болатын, 
соның поэмаларының тҥр-тҧлғасы, жырлау, суреттеу ҽдісі мҥлде жақын келеді десек қателесе 
қоймаймыз...»[1,77]. 
Халықтың ҽлеуметтік маңызы зор мҽселелер тҿңірегінде Нҧрхан ақын 7 дастан ҿшпес мҧра қалдырды. 
Енді, сол дастандардың кҿркемдік дҽрежесі қандай, кҿтерген мҽселесін қалай дамытқан, басты тҧлға жекеленіп 
кҿрінген бе, шығарманың кҿркемдік тҽрбиелік мҽнін сҿз етіп кҿрелік.
Дастанның бірінші кітабы 1951 жылы Қасым Аманжоловтың редакциясымен жеке кітап болып шықса, екінші 
кітабы «Аманкелді» деген атпен 1962 жылы шығады. «Аманкелді дастаны» осы атаумен толық кҥйінде ҽзірге 
баспа жҥзін кҿрмеген. Н.Ахметбеков 1946 жылы ашылған Торғайдағы халық батыры Аманкелді Имановтың 
мҧражайының ҧйымдастырушысы да директоры болып істейді. Бҧл жҧмыс Нҧрханның тарихи оқиға 1916 
жылғы ҧлт-азаттық қозғалысы, оның ҧйымдастырушылары, батыр сарбаздары туралы мол мҽлімет жинауына 
мҥмкіндік береді. Кҿтеріліске қатысқан сарбаздардың кҿбісі ҽлі тірі де, тарихи оқиғаның ізі ҽлі де суымаған 
шақ-ты. Аманкелді сарбаздары болған жалынды жыршылар Омар Шипин, Сҽт Есімбаев, Қашқынбай Қазҧлы 
сынды халық ақындары батырға арнап жыр-толғауларын шығарып жатты. Қазақстандағы 1916 жылғы патшаға 
қарсы кҿтерілген ҧлт-азаттық кҿтерілістің бір ордасы болған Торғайда тҧрып ақын Нҧрханның жыр жазып, 
тебіренбесіне болмады. Кҿтеріліс шарпуы Ырғыз-Торғай бекет жолы бойындағы Жаркешу ауылында балалық 
шағы ҿткен бала Нҧрханды да шарпыған-ды. Дастанда сҿз болатын –«Алдаштай асып туған батыр» осы 
ауылдың тҥлегі екен. Сонымен, ақынның мол тарихи негізінде, шабытты тербеніс ҥстінде жазылған «Аманкелді 
дастаны» туындады. Алдын ала айтар болсақ, Қайнекей Жармағанбетов дастанға арнаған таныстыруында: «... 
«Аманкелді дастаны» оқиға қҧрылысы, тіл кҿркемдігі, тарихи шындықты шебер беруі тҧрғысынан қарағанда 


75 
қазақ ҽдебиетінің поэзия саласындағы соңғы жылдардағы жақсы шығармаларының бірі болып саналады..,» - 
деп шынайы атап жазады.
Дастан автордың ақындық толғауымен ашылады. Дастан жатақ ауылында батыр ҧлдың дҥниеге 
келуімен басталады. Нҽресте ҽке кҥпісінің жеңінде қҧндақталып ер жетеді. Жастай ата-анасынан айырылып, 
жетім ҿскен Аманкелді-Амантай жоқшылықта, кемдікте ҿсіп ер жетеді. Енді зерек жігіт ҿзін байдың мырза-
шораларымен салыстырады. «Кедейдің кебенегін» киіп, «қойшының кҿкшесіне» мінсе осылар кім болар еді? 
С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасындағы теңсіздік суреттері балаң Аманкелдінің ойымен шебер ҿрнектеледі. 
Жалшы Аманкелді жасы он сегізге толғанда, дастанда қазақтың қайырымсыз, сараң байларының бірі ретінде 
суреттелетін Таутабайдан басымды босат, ақымды бер деп рҧқсат сҧрай барады. Таутабай жетім бала жайын 
сҿз қылмайды да, «заманың туған шақта» аларсың деп шығарып салады. Ызаға булыққан Аманкелді байдың 
атын жылқыдан ҧстап мініп, ағасы атақты ҧста Бектепбергенге келеді. Ағасы бҧлаң, кекті інісіне шҧбар шиті 
мылтық ҧсынады. Аманкелдінің атасы Иман да Кенесары-Наурызбай бастаған халық батырларының бірі 
болған. Шиті мылтық содан қалған кҿз. Атасына қияпаты тартқан інісіне ҧста қҧла тҥзді мекен еткен мерген 
Мҧсаға бар деп кеңес береді. Батырлар: Кейкі –қол мерген, Аманкелді –кҿз мерген деген қанатты сҿз бар. 
Аманкелдінің кҿз мергендікке қалыптасуы ҥш аяқты мосыға орнатылған шиті мылтықты кҿбірек қолдануынан 
да болар. «Жасында Иман батырға қызмет еткен» Мҧса мерген енді оның немересі Аманкелдіні аңшылыққа 
баулиды.
«Бастаушы батырлыққа ерлік, намыс, борышың адамшылық ең қымбатты», -деп жігерлендіреді.
Қос тігіп жеңіл желкҿз керегеден,
Қант пен шай, азық теңдеп кебежемен 
Бастырып қаусырма ҿркеш қара нарға 
Бҧлар жҥр кҿшіп, қонып Тегенеден[2,114].
Желкҿз керегеден тігілген жеңіл қос. Жазғы ыссыда салқын самал соғып тҧрады, мергендердің алысты 
барлап тҧруына ыңғайлы ашық. Кҿшпендінің бар жҥгі қос кебеже теңіне салынған азық-тҥлік. Қусырма қара 
ҿркеш нарға жҥгін артып Тегене бойында кҿшіп, қонып жҥрген мергендер. Бір шумақ ҿлеңде қолдануы сирек 
қаншама сҿз, керемет кҿрініс бар. Аңшылықта жҥргенде Мҧса кенеттен ауырып, қайтыс болады. Мерген ҿсиеті 
бойынша оны арулап жерлеп, қабіріне «басында сҧпысы бар биік заңғар» белгі орнатады. Кейін Мҧса мерген 
белгісі «Тҥйе шыңы» аталып кетеді. Аманкелдінің досы Қанатбай да Таутабайдың кҿп жалшысының бірі де. 
Қанатбай да байдан жалын сҧрайды. Кҿпшілік араласуымен ғана:
...Майысқан тірсегінен артқы аяғы,
Тесіліп, сақау шығып іскен жағы 
Желіден желіп суға жете алмайтын,
Бар еді жетім қалған кҿк жабағы.., -
Қанатбайға соны береді. Атқҧмар Қанатбай жетім кҿк жабағыны «Бағаналы Бағыстан озған кҿк бестіге 
айналдырады. Жарлының жалғыз атын Таутабай ҧрлатып алады. Іздеп барған Қанатбайға: «Қатеден асыл 
тҧқым саған кеткен» деп кҿкбестіні қайтармайды. Осынау ызалы кектен кейін Қанатбай да Аманкелді тобы 
Қияқбай, Бекет, Ҽлжан қатарынан бір-ақ шығады. «Бегімбеттің де бес бҿрісі» кек қайтаруға дайындалып жатты.
Қырдан кҥзеуге кҿшкен Таутабай малы жатақтың атпа салып, ақтабан болып, ҿсірген егінін таптап
ауыл адамдарын соққыға жығады. Елде қалған Қияқбайды да сойылдап кетеді. Қалада болған Аманкелді 
ауылға ҥш кҥннен кейін оралады. «Озбырдың ордасын» ойран етпекке Аманкелді бастаған қырық жігіт жолға 
шығады. Дастан оқиғасы ширыға тҥседі.
Аманкелді тобы Таутабай ауылын шауып, Ахмет болыстың басын жарды. Жатақ ауылының шығыны 
ҿндіріліп, «бҧл сапар даудың ҿрті сҿндірілгендей» болды. Бірақ, жауыққан жақ қарап жатпайды. Аманкелді 
бастаған қырық жігіт ел шапты, ҥкіметті қаралады, Ахмет болыстың басын жарды, Мҧса мергенді ҿлтіріп, теке 
мҥйізін пайдаланады дегендей айып тағылып Аманкелді тҥрмеге жабылады. Сібірге айдалып бара жатқан 
бҧларды Нарымбет жігіттері қҧтқарады. Торғай жҽрмеңкесінде Ҽкімбек, Бекет, Омарлар істі болып, қамауға 
алынады. Соларды қҧтқармаққа Петербургке барған Аманкелді сонда Таранмен кездеседі. «Заманы 
патшалықтың тарылып тҧр, тҧс-тҧстан анталап жау жабылып тҧр. Бір ҧлы кҥш жақын. Еліңе бар» деген кеңес 
береді қостанайлық досы. Бҧл сапардан Аманкелдінің дҥниетанымы ҿзгеріп қайтады.
Он тоғыз бен отыз бір жас аралығындағы қазақ жастары майданға қара жҧмысқа шақырылады. Патша 
жарлығына қарсы азаматтықты арман еткен, бай кемсітіп, би-болыстан қорлық кҿрген ел жаппай қарсы тҧрады. 
Қапаста булыққан елге жарлық жалын болып тиіп, кҥрес отын жаппай тҧтатты.


76 
...Басыңнан кетеді елім азапты кҥн,
Байқадым жалғыз емес қазақ бҥгін 
Патшаға шығып бҥгін Ресей халқы,
Елінің жатыр іздеп азаттығын... 
...Бастаған азаттыққа елдің бҽрін,
Жаһанда теңдесі жоқ бар бір ғалым. 
Орнатып жер ҥстіне бейбітшілік 
Бақытқа бҿлейтін сол дҥние шарын... 
Бҧл жиналған топта айтқан Аманкелдінің сҿзінен ҥзінді.Батыр сҿзін кҿпшілік қуаттайды. «Арқаны ат 
тҧяғы дҥбірлеткен» кҿтеріліс дауылы аспандайды. Сарбаз қҧралып жҥз басы, мың басылар жасақталады. 
Сарбаздар сардары болып Аманкелді сайланады. Осы кезең батыр бейнесін автор былайша суреттейді: 
«...Мергендік, жылшыкерлік, найзагерлік,
Шапшаңдық, таңғажайып айлакерлік,
Бҽрінен Аманкелді ҿзі басым 
Тағы артық ақыл, қайрат, бойдағы ерлік»[2,77]. 
Кҿпшілікті соңына ерткен батыр осындай болуға тиіс. Дастанда батырдың азаттық жолында сенімді 
серік болған Қияқбай, Нарымбет, Қанатбай, Ҽкімбек, Алдаш сынды ерлердің іс-қимыл, ҽрекеттері шебер 
суреттеледі, бейнелері оқушылар кҿңіліне бірден ҧялайды. Дастанның бірінші бҿлімінің соңына таман 
Аманкелді Ҽлібимен алғаш рет кездеседі. Ортада оза сҿйлеп тҧрған шешенді:
...Сардарға айтып дҧшпанның басым жерін,
Басым кҥшті жеңетін тҽсілдерін,
Таныды жҧрт тар жерде шылбыр бере 
Бастай келген Ҽлібимен туған елін... 
Патша қҧлады. Кҿтерісшілер жеңіске жетті. Енді Таранның сҿзімен айтар болсақ:
Берік болсын бекініс-қамалыңыз,
Таймасын тар кешуде табаныңыз.., -
дегендей жеңісте тігілген туды берік ҧстап қалу керек, қорғаныс қажет. Дастанның бірінші бҿлімі осылай 
аяқталады.
Қыстан қысылып шыққан Жабасақты қыстаған жҥдеу ауылға бір топ атты қҧлап келеді. Ішінде 
Аманкелді батыр, «халық сҥйген Қанапия да, Ҽбдіғапар хан, Бҽкең, Кҽкең сынды ҽкімдер де бар. Бағыттары-
Орынбор қаласы, алаш съезіне қатынасуға шыққан Аманкелді жатақ ауылынан болашақ жан жары Балыммен 
кездеседі. 
Съезде сҿз болған мҽселе:
Ерік берді ел болып қҧрадуға,
Алаш ҧлы ат мініп, ту алуға. 
Кҿтеріп ортамыздан ордамызды,
Бас қосып сол ордаға жиналуға. 
Шолпанындай шҧғылалы атар таңның,
Хан тҽсілі, қашаннан, нағыз паңның 
Алаштың бастығына ҧсынамын 
Баласы аты шулы Бҿкейханның...[3,120] 
Шығармада шындық жырланады. Алаш съезінде Ҽлихан, Ахмет, Міржақып сынды қазақ 
зиялыларының кҿсемдік танытқандары да, жиынның басшылығына сайланғаны да шынлық еді. Тек, кейін ғой 
Аманкелдіні Алаш кҿсемдерінен бҿлгеніміз. Автор солай жазуға мҽжбҥр болды. Сонда да жоғарыдағы 
шумақтағыдай «баласы аты шулы Бҿкейханның» атаулы ақын Нҧрхан тарапынан ерлікке саюға болады. Ел 
арасында беделі асып, жауға батырлығымен алдырмаған Аманкелді тҧрады:
Ауылға жайып кетті жау ҿсекті,
Жаманат, жан тҥршігер қауесетті. 
Қашам деп Аманкелді қаза тапты,
Адасқан ақылынан жан есепті.


77 
Бҧрын сҧлу Балым Аманкелдінің ҿзіне арнаған «Қалқам шырақ» ҽнін естісе, енді жаманат хабар жетіп, 
«қара желеңді айқара жамылып», зарланып қалады. Сонда да «сегіз мың сарбазы бар» кҿтерісшілер уақытша 
ҥкіметке бағынбайды. Жетісу Шу асуға дайындалып жатады. Осы сҽт Аманкелді тірі деген хабар жетіп, елде 
ҥлкен той болады. Батыр мен Балым ҥйленеді. Кҿтерісшілер кҿңілді еді. Бҧл Торғай қаласындағылардың, 
ауқаттылардың мінез, қҧлқы, екі жҥзді алдамшы ҽрекеттері еді. Сарбаздар болса, Жыланшық жыл ойында 
Торғай қаласын шабуылдауға дайындалып жатты. Торғай тҿрелерден тазартылады да. Сом білек еңбекшілер 
біріккенде «кҽрі жалған» Ресей қуатты кҥші алпауыттардың аяғы аспаннан келді. Тҿңкерісшілер жеңді. Автор 
осы ойды керемет теңеулі сҿз тіркестерімен шебер жеткізеді.
Батыр жау қолынан қапылыста қаза табады. Халықтық жырлардағыдай Аманкелдінің жан жары Балым 
батырға жоқтау арнайды:
Орданы бҧзып олжа алдың,
Қиын да желден жол салдың 
Момынға теңдік бермеген,
Олжадан басқа кҿрмеген,
Тҿбесін жардың шонжардың... 
Нҧрхан ақын дастанның соңғы сҿзінде:
Елімнің жырға қосып батыр ҧлын,
Арнадым жырдың соған тақырыбын 
Орнатты Аманкелді ескерткішін,
Тҿріне астананың халқы бҥгін…[3,122]. 
Елінің мақтанышы халық батыры танылған Аманкелді бейнесі кҿпшіліктің кҿз алдында, есімі 
ҧмытылмайды деп эпикалық деңгейде шарықтады. Есмағанбет Ысмайылов «Аманкелді дастанының» бірінші 
кітабы туралы Жамбыл жҽне халық ақындарының творчествосы туралы монографиясында: «...Ал Нҧрхан соңғы 
поэмасында кҥшті ақындық талантымен Аманкелді образын тҥйіндеп беруге батыл адым жасаған. Нҧрхан 
жазба ақындарға тҽн сипатымен дастанды, Аманкелді бейнесін, уақиғаны дамытып айту жағынан да, ішкі 
сезімде, сыртқы ҿмір, табиғат кҿрінісін суреттеу жағынан да шебер жырлаған...», деп жазады. Шынында да 
1916 жылғы халық кҿтерілісін Аманкелді батыр туралы жазған халық ақындары баршылық. Омар Шипин 
«Аманкелді», «Ҽли дастан» поэмаларын жазды. Нҧрлыбек Баймҧратов «Қанды жорық», Сояділ Керімбеков 
«Бес мылтық», Кенен Ҽзірбаев «Ҽли батыр» дастандарын жазды. Бҧл дастандардың сюжеттік желі, айтар 
ойлары басқа болғанымен батырлардың бейнесін ҿздерінше даралағанымен, ҽңгімеленер орта ортақ, ҿмірдің 
қоғамдық сипаты ҧқсас. «Аманкелді дастанындағыдай» емес бҧл поэмаларда халықтық сарын, авторлық 
баяндаулар басым, тарихи оқиға, ҿмір кҿріністері сол қалпы суреттеледі. Бір жағы тарихи деректі сол қалпы 
беру халықтық дастандардың табысы да. Қалайда «Аманкелді дастаны» халықтық поэзияның асқақ 
артықшылықтарын кеңінен пайдалана отырып, кҿркем жазылған желілі арнасы бар, бейнелері шебер сомдалған 
туынды. Кеңестік кезең ақындарының эпостық тақырыпты игеруі туралы еңбегінде Тҧрлыбек Сыдықов: 
«...Ҿткен ғасырдағы ҧлт-азаттық кҿтерілістерінің заңды тҥрдегі жалғасы болып саналатын 1916 жылғы 
Аманкелді Иманов бастаған халық кҿтерілісі...ХХ ғасырдың басындағы ересен жауынгерлік істерімен орасан 
қимылдар ақын, жыршылардың тіліне сҿз ҥйіріп, кҿмейіне жыр қҧйған, кҿкейіне нҽр, ҿздеріне пҽрменді кҥш 
пен рух берген. Шығармасын шыңдауға, шеберлігін арттыра тҥсуге ол жайлар мол себін тигізген сияқты...». 
Демек, сол нҽр мен рухтан ақындық мол қуат алған Нҧрхан Ахметбеков те халық батыры Аманкелді туралы 
дастанды барынша шабыттана шырқап, артына ҿлмес мҧра қалдырған. 
Ақынның керемет дастандарының бірі – «Есім сері» дастаны.Қазақы дала ауыл жастарының бірін бірі 
ҧнатқан адал махаббаты жолындағы кҥресі, сана-сезімнен қойылған кедергілер. Дҽулеттімен дҽулетті қыз беріп, 
келін тҥсіре алысатын кезең. Мҧндай теңсіздікке, ҽділетсіздікке қарсы тҧратын, таза махаббаты жолында ҿлімге 
бас тіге кҥресушілер де ҿмірде кездескен. Нҧрхан жырлаған Есім мен Қадишаның сҥйіспеншілік жолындағы 
кҥресі дастанда шынайы суреттеледі. Дастандағы оқиға екі кейіпкердің Есмағанбет қарт пен оның туған 
ҧлындай болып кеткен жиені Есім атынан баяндалады.
«Меймандос, мейірманды Меңдіқара» ҥйінде бас қосқан жиында 19 жылдан кейін кездесіп қалған екі 
мҧңдық дастанның негізгі арқауы ҿткен жайдан сыр шертеді. Есмағанбет –Қазанбасы мен Аманды қыстаған 
Ҽлім байдың тҥйешісі. Ҽлім болса Есімге:
Қатырып ат мінгізді арғымақтан,
Ақ сҧңқар алып жолға жарғылатқан 


78 
Орынбор, Омбы, Сібір, Еділ, Жайық 
Мал тартып алдырады ҽрбір жақтан... 
Сондай бір сапарында Есім Қадишамен кездеседі. Ғашықтық мехнат жолы басталады. Шора биінің 
қызы Қадишаны алып қашады. Астында «сексен тҧсақ беріп алған» кҥрең аты, жетегінде -Ҽлім байдан ҧрлаған 
қара атымен қызды алып қашады. Бірақ, паналарға жан таппайды. «Бір жерге арқа сҥйеп іс қылмасам, қызды 
алып, мен қазаққа сия алмаспын...» - деп Мҧқан правителді іздеп барады. Рушылдық кҥші мҧқалмаған Есім 
сенімі ақталмайды, правитель де бҧған қорған болмайды. Шариғат жолын бҧзған Есімге ара тҥсу орнына 
«Шектіден бір тайтҧяқ алтын алып» сҧлтанды қҧдай ҧрады. Ақ батаны бҧзғанды айыптау –замана қағидасы. 
Демек, бҧған бай, манап, сҧлтандар тура ара тҥсе алмайды. Жастардың махаббат жолындағы мехнатында олар 
пайда тҥсіреді, бедел алады, біреулерге айбынын танытады. Солай болды да. Дастанда шебер де жҥйелі 
суреттелгеніндей Есімге кҿмекке ерлік, билігімен де даңқы шықпаған, аты-жҿні де белгісіз Тама жігіті ғана 
келеді. Тама жігіті сҿзінде тҧрып, келіншегімен Есімге Қадишаны алып қашуға кҿмектеседі. Содан Орынбор 
асады, Ойылда болады. Қарақалпаққа барады, Сыр бойына ҿтеді. «Баяғы Тама досын таба алмаған», Есім 
нағашысымен кездесіп тҧр. Дастандағы оқиға желісі осы кездесуге Есмағанбет қарт пен Есім атынан кезек 
баяндалып отыр. «Ғашықтық ер жігітке бір ҥлкен дерт» деп дастанға сҿз басында ҿзі айтқандай, дертті Есімдей 
қайратты, Қадишадай қайсар жандар ғана жеңе біледі. Ғашықтық тақырыбы дастанда сенімді де кҿркем 
суреттелген. Осы орайда С.Мҧқановтың «Сҧлушаш», И.Байзақовтың «Қҧралай сҧлу», М.Сералиннің 
«Гҥлкҽшима» дастандары еске тҥседі. Тақырыптық жағынан ҧқсастық айшықтар кездесіп жатады. Мазмҧны 
қисынды, композициясы кҿркем. Ең бастысы Нҧрхан туындыларына сай тілі шҧрайлы. Дастан жазуда ҿзіндік 
ҥні, айрықша қуаты, сарқылмас сҿз байлығы бар ақын «Есім сері» дастанында да сол қырынан кҿрінген. 
Махаббатқа қайсарлық қажет, дегеніңе мехнатпен ғана жетесің. Қыздың қҧнын «қырық жеті», «тоғыз 
тоқсанмен» бағалаған заман талабы солайды. Қазақ даласындағы қоғамдық дерт -ҽйел бостандығы мҽселесін 
шешудегі ерлікті жырлаған «Есім сері» дастаны ақынның оқушысын тапқан тҽуір туындыларының бірі. Осы 
тақырыптағы дастандар арасына «Есім сері» кҿшбастаушылар санатына енген шығарма.
«Қарға» дастаны баспасҿз бетін 1958 жылы Нҧрхан Ахметбековтың «Тосын толғау» жинағы арқылы 
жарық кҿрді. Кейін ақынның «Жасауыл қырғыны» аталатын дастандар жинағына кіріп, 1972 жылы «Жазушы» 
баспасынан басылып шықты. Дегенмен, баспа жҥзін кҿрмей тҧрып-ақ ел арасына кең тараған шығарма, 
жыршылар аузында жатталған дастан. Оның басты сыры дастанның оқиғасы қызық, тілі жатық, ҧйқасымы 
жеңіл. Ақынның ҿзі жырлағанындай:
Ертегі естімеген елден шығар,
Асыл тас айдын шалқар кҿлден шығар 
Тарихты тҽтті сҿзбен таңырқату 
Кҿңілі ашық, тілі орамды ерден шығар... –
дегендей бҧл дастан кҿңілі ашық, тілі орамды ер ақынның қаламынан шыққан асыл туынды.
Ҽңгіме дастанның басты тҧлғасы Қарға атынан баяндалады. Дастан желісі Қарға басынан ҿткерген 
тҽлімдік мҽні зор екі оқиғадан ғана тҧрады.
Қайсар Қарға байға жалшылыққа бармайды. Кедей жігіттің басқа кҽсібі – ҧрлық қана.
Мен кеттім бір заманда елден жырақ,
Қҧла тҧз, кҥз бен шыңды қылдым тҧрақ 
Бірдікін бірге ҽкеп матастырып,
Соқтықпай кедейлерге жҥрдім бірақ... 
Қарға осындай кҿп жҥрістерінің бірінде ҧятты да болды, сҥйгені Гҥлсіммен де ҧшырасады. Ҧятты ісі 
ҧрлығын жасырамын деп кҿрге тҥсіп, кҿрбақ болып, батыр Тҿлек Жҽукенің қолына тҥседі. Кҿрбақтың ісі 
ашылып, ҧятты болып тҧрып: «Кҿрдім деп қалар екем сізді кім деп?» деп жҿн сҧрауы батылдығы болар. Оның 
бҧл батылдығы болмаса, Тҿлек Жҥке есімі тарихта да қалмас еді.
Шал айтты: -пайда бермес ҧсақ айла,
Ғибрат бҧл ісіңнен таптың пайда 
Сҧрасаң, менің атым Тҿлек Жҽуке 
Мерт болдың арыстандай шапқан айға...[4,168] 
Тарихи тҧлға Тҿлек Жҽуке туралы дерек кейін батырдың мерей тойын тойлауда жиі айтылады, ақын 
дерегі жоғары бағаланады. Қарға есімі Н.Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» дастанында да кездеседі. Жҽуке 
болса, Кенесары-Наурызбай батырлардың бірі. Демек, ҥңгіт Қарға да тарихта болған адам сыңайлы. Гҥлсін-


79 
Қожакелді байдың ынжық баласына атастырылған қыз. Ботпай байдың ҧлы «жанған оттай» Ғалым Гҥлсінді 
ҧнатады. Ғалым Гҥлсінді алып қашпақ болған тҥнде қыз қапылыста Қарғаға «олжа» болады. Ақылды Гҥлсін «ат 
сауырында» келді атанбайын деп Қарғамен мҽңгілікке жҧптасады. Қҧдалық жолмен дауласқандарды ақылды 
Ғалым табыстырады. Ғалым мен Қарға достасады. Шынында да Нҧрхан ақын жырлауында Қарға достықта 
берік жан. Ҧрлық батыр да батыл Қарғаның ҿрлігінен туындаған кҽсіп. Қҧрықты алысқа салды, малды 
байлардан ҧрлады. Ойламаған оқиға Қарғаға Гҥлсінді кезіктіреді. Қалшадай дос кҿмегі тиді. Дастанда 
Нҧрханның «Есім сері» дастанындағыдай Қарға мен Гҥлсін махаббаты ҧзақ сонар жырланбайды. Кездейсоқ 
оқиға ҿмір талқысында олар жҥздесіп қалады. Ақын махаббат толқынын кҿсіле жырламай-ақ, қарапайым 
тіршілік тауқыметі, ҽлеуметтік ҿмір шындығында суреттейді. Нҽтижесінде, қалыптасқан дастан ҥлгісіне 
жатпайтын сипаты қызықты да шыншыл туынды туындайды. Ең бастысы бҧл дҥниеде мҧратына жеткендей 
болған Қарға бҧл дҥниеден қоштасарында данышпан Абай айтпақшы:
О да қҧдай пендесі 
Тҥспей кетер деймісің,
Тҽңіріңнің қҧрған тезіне, - 
дегендей Қарға да алласын ойлап, тҽубесіне келеді[4,172]. Қапылыста жасаған ағаттығына кешірім сҧрағандай 
болады. Бҥгінгі болмысына орай дастан табиғатын осылай тҥйіндеуге болар еді.
Дербес тҽуелсіздігіне қолы жеткен халқымыздың рухани ҿркендеуіне ақын Нҧрхан Ахметбековтің еліне 
қалдырған мол мҧрасы ел кҽдесіне жарары анық, ақынның шығармашылық мҧрасында ҥйренерлік жақсылығы 
жетерлік, қҧндылықтары басым.
Ақын халқымен бірге жасайды, жырлары ғасырлар асқарынан ҿтіп, уақыт шыңына кҿмілмей, жарық жҧлдызай 
ХХІ ғасырда да оқыла бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет