Материалдары



Pdf көрінісі
бет25/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 
 
Бимұхан Еркебұлан 
Ш.Есенов атындағы ҚМТжИУ, Геолог, тау-кен ісі мамандығының 1 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: Бағдатұлы М. 
Аңдатпа.
Абай ұлы ғұлама ақын, моралист-ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі 
тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, 
жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның 
болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр. Абай шығармасының сая бағында өсу, 
тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. 
Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық 
ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының 
алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру 
тұр. 
Түйінді сөздер:
Абай, Қазақстан, болашақ, жас ұрпақ, ұлттық сана. 
Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа 
да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық 
шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің 
біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын! 
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні 
жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, 
балаларды бағу – қажып, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы 
келмеді. Осы уақытқа дейін қылып жүрген істерінің байлаусызын, баянсызын, 
барлығының қоршылық екенін 1-ші қара сөзінде атап көрсетеді.Қорытындысында 
ойына келген нәрселерді қағазға жазып, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылуды жөн 
көреді: "Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын,я оқысын,керегі жоқ десе, өз 
сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым 
жоқ", – деп ойын түйіндейді [1]. 
Жоғарыда айтылғандай ол өз өмірінде, жалпы қазақ елінің өміріндегі кемшіл 
тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп 
осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді 
бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған 
алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның 
дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты 


86 
жақсылыққа, игі істерге шақырады, жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі 
әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы маған ерекше ұнады. 
Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. 
Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі 
анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, 
мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып 
шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп 
шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі 
күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін. 
Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық 
шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай 
атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары 
сөзсіз! 
Ұлы Абай қарасөздерінің негізі: Абай қарасөздері жеке – жеке жазылған қырық 
алты шығарма, оның алтау-жетеуі қысқа түрде берілген. Бұған он алтыншы, он 
сегізінші, он тоғыз, жиырма, жиырма төрт, отызыншы сөздерін жатқызуға болады. 
Қарасөздерінің ішіндетәрбиелік мәні мен мазмұны жағынан тереңірек тұратын қырық 
алтыншы сөзі. Оны кейбір ғалымдар очерк деп те атайды. Өзге қырық бес сөзінің 
ішіндегі көлемі жағынан морль жөніндегі ой толғауы берілмеді. Абайдың қара сөздерін 
оқыған адам Абай сөйлесіп, пікірталаста отырғандай сезінеді. Өлеңіңдегі бір өзгешелік 
отыз жетінші сөзінде мазмұн жоқ. Абайдың қарасөздерінде жиырма үштен астам 
афоризмдер жинағы бар. 
Әрбір елде сонымен қатар қазақ халқында адамдардың бір-біріне деген 
іштарлығы, бір-біріне көралмаушылығы көптеп кездеседі. Абай атамыз өзінің «Үшінші 
сөзінде осы жайлы қозғаған» әрбір жалқау кісі қорқақ, ақылсыз, надан келеді. Әрбір 
ақылсыз надан, арсыз келеді. Әрбір арсыз жалқаудан сұрама, өзі тойымсыз, тиымсыз, 
өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды 
көбейткенімен басқа ойының жоқтығынан өзге егін, сауда, өнер, ғылыми- сияқты 
нәрселерге салынса, бұлай болмас еді [1]. 
Әр адам малым көп болса екен, өзімдікі болса дейді осының бәрі адамның көзі 
тоймаушылдығы. Үлкен болыстыққа таласып бір-бірінен асып түсем дейді. Малдары 
көбейсе билікке таласады. Елдегі жақсы адамдарды көре алмай үстеріне арыз 
беретіндерде аз емес. Билікке жетем деп іші тар болған адамдар өтірік болыс, билерге, 
жағымсыз, олардың айтқанын істеп жүреді де, күндердің күнінде өзі болыс болып шыға 
келеді. Билік құру әр адамның қолынан келе бермейді. Бұған бұрынғы «Қасым ханның 
қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде 
кеңес болғанда «Жеті жарғысын» бөлмек керек. 
Әлі, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпен ескеріп, жаңа заманға 
келіспей тұғын болса, оның орнына тартымды толық билік шығарып, төлеу соларға 
жарарлық кісі болса керек еді, бірақ ондай кісі аз. Бұрынғы қазақ жайлы білген адамдар 
айтыпты «Би екеу болса , дау төртеу болады» деп. Оның мәні-тақ болмаса, жұп билер 
таласып, дау көбейте береді дегеннен айтылған сөз. Сөйтіп, би көбейткенше, әрбір 
болыс елден толымды – білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, 
жаманшылығы әшкере білінбегендіктен түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер 
адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке 
сайлап алып біте берсе , яки оған оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің 
бүреуін алып, жүгінсе, сонда дау ұзамай бітім болар еді. 
Адамдар арасында бірлік болмай ешқашанда тірліктің болуы мүмкін емес деген 
сөз тараған. 
Бүгінгі қазақ қоғамы – дана Абай айтқан дерттерден толық арылып кетті ме? 
Абайды шерлі еткен қоғам мерездері біздің қоғамымызда толық жойылды ма?Абай 


87 
заманындағы күрделі саяси-әлеуметтік ахуал, жаңа Қазақстанның басынан толықтай 
тәркі етілді ме? 
Әрине, Абай заманынан бері, қазақ елі өте үлкен ғаламдық өзгерістерді басынан 
өткерді. Патшалық Ресей билігінен кейін, Кеңестер Одағы тұсы халқымыз үшін 
тәлкекті, нәубетті болса да, ауыртпалықтарды қайыспай көтере білген ел дамудың 
даңғыл жолына бет алған кезеңдер болды. Қазақ жері формацияларды алмастырды, 
индустриализацияны, 
ғылыми-техникалық 
прогрессті,
ғылым 
мен 
білімді 
игерді, кешегі заманнан елдің тұрмыс-тіршілігі мен санасы елеулі өзгерді. 
Тәуелсіздігін алған қазақ елі жаһандық ықпалдасу көшінен кейін қалмай, шекарасы 
айқын, әлемнің барлық елдерімен терезесі тең қарым-қатынас орнатқан, өз алдына 
серпінді мақсаттар қойған, даму сатысынына жаңа белесіне қадам басқан мызғымас ел. 
Алайда, Абай шығармашылығына өзек болған мәселелер олар – мәңгілік 
тақырыптар. Жан мен тәнмен жаратылған адам баласының рухани өмірінде мәңгілік 
болатын діңгекті мәселелер. Материалдық, техникалық тұрғыдан адамзат қоғамы 
қаншалықты дамып, өмір сүру тым қолайлы әрі жеңіл, ыңғайлы болғанымен, адамның 
жан мен тәннің қосындысы екендігі, оның санасы, ақыл-ойы, ішкі жан дүниесі, 
руханияты мен ділі қатпарлы болатындығы белгілі. 
Абай заманынан бері, адамзат ақыл ойы, әсіресе, әлемнің дамыған, бәсекеге 
қабілетті елдерінде жаңа деңгейге көтерілді. Ол елдерде дамыған азаматтық қоғам мен 
құқықтық сана, құқықтық мәдениет адам баласының бақытты өмір сүруіне мол 
мүмкіндіктер беруде. Қазақ қоғамы – адами қасиеттер, менталдық, руханияттық 
тұрғыда қаншалықты ілгері дами алды? [2]. 
Абай шығармашылығына арқау болған – жалған құндылықтар, жалған намыс, 
надандық ұяты, қызыл сөз, өсек, өтірік, мақтаншақтық, аярлық, күншілдік, надандық 
қасиеттерден толық арыла алдық па? Абай сынды ұлы қаламгерлердің ойларының 
құдіреті әрбір жеке адамның жеке қасиеттерін қозғаумен қатар, тұтас бір ұлттың, 
мемлекеттің адамгершілік келбетін таразылайды, тіпті ол шеңберден де шығып, тұтас 
адамзат баласының адамдық қасиеттерінің сапасын анықтайды. Ақынның этикалық 
мөлшерлерінің адамзат баласына ортақ мәңгілік құндылықтарға негізделгендігі 
себебінен оның көтерген мәселелері қазақ баласы үшін ғана емес, барлық адамзат 
баласы үшін өте өзекті болып қала бермек. 
Қазіргі жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы 
орын алуда. Бір конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. 
Еуропа құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып 
тұрған азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. 
Діни құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу, 
түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын 
сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда. 
Абай отыз алтыншы сөзінде «надандықтың ұяты» деген қасиетті айтады. 
Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі 
рухтан, таяз парасаттан, соқыр надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан 
туыындайтын әрекет. Абайдың «Надандықтың ұяты» ұғымы – ақын өмір сүргеннен 
бері екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан 
жаңғыра алмай отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, 
рухани, парасат тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға 
ұмтылатын, құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, 
кертартпалық пен соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа, жалған 
намыс пен мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам 
құқықтары мен бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең 
келді [2]. 


88 
Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда – адам 
ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің 
толық бақытты сезінеді. 
Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын – мақтан деген қасиет бар. 
Қазақ халқының бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні 
жаңа сатыға көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды 
жаба тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы 
жер жарады» дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі 
керек қажетті дүниелерді қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, 
ұпай жинау, мансап, көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін істейтін даңғаза деңгейіне 
жеткізу белең алып кеткені жасырын емес. 
Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге қабілетті 
мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш, нәтиже емес құр 
сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз, лепірме ұрандар, 
ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу, жалғандыққа алып келіп, 
мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр [3]. 
Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа 
шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға 
жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері, 
оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан 
өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат жайған өзін 
өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі, жұмыссыздық, 
баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық ауыздықталғанда (әлем 
бойынша жемқорлықты қабылдау факторы бойынша Қазақстан 126-орында), сөз 
бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің 
өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік 
пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады. 
Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді 
талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. 
Қырық төртінші қара сөзінде «адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір 
«бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды [2]. 
Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп 
адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай «бәрекелді» тілегіштік 
біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек 
«бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді» тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, 
не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің 
ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізген бұл 
дамыған елдерде мақтан мен «бәрекелді» тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, 
тараздан өткен сыңайлы. Ол елдер жүргізіліп отырған саясаттың жемістілігін – БАҚ-та 
айтылып, жазылған бойынша не Үкіметтің есебінен емес, азаматтардың тұрмыс-
тіршілігінің көрсеткішінен есептейді.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Машанов.А «Әл-Фараби және Абай». Т.2. – Алматы, «Алатау», 2005 ж 
2. 
Шапиян 
М. 
«Абай 
жолын 
қалай 
жазды?» 
https://adebiportal.kz/kz/news/view/19268
 
3. Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойындағы Елбасы Н.Назарбаевтың 
сөйлеген сөзі /1997жыл, 9 тамыз/ Алматы қаласы//http:/www.elbasy.kz// 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет