95
Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің
алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, әділ би,
аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес,
адамзат әлеміндегі ірі құбылыс.
Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның
өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді
деуге сыя ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп кемеңгердін өзі
айтқандай, Абай артына – өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.
Сырт қарағанда Абайды білмейтін қазақ жоқ секілді. Көзімізді ашқаннан Абай
есімі жадымызда, бейнесі көз алдымызда. Мектепте Абайды оқып жатырмыз, қала
сайын Абай атында көше бар. Абай атында қала, аудан, ғылыми институт, университет,
көптеген театрлар, колледж, мектептер бар. М.Әуезовтен бастап Абай жөнінде қалам
тартпаған ақын-жазушы жоқ. Абай жөнінде кино және
басқа өнер шығармалары да
жеткілікті. Ақын әндері күн сайын шырқалып, кітаптары қайта басылып шығып жатыр.
Абай - өткен мен өз заманын салыстыра отырып, артына ұлы өсиет қалдырған хакім.
"Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым" дейді Абай. Абайдың хакімдігі оның
әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.
Абайдың іргелі еңбектерінің бірі әрі бірегейі – қара сөздер. Осы сөздердің
бірнешеуі алғаш рет 1918 жылы Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді.
Артынан Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз және тағы басқа әлемнің көптеген
тіліне аударылды.
Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні
жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу,
балаларды бағу, жер ортасы жасқа келгенде бұлардың ешбірін кәсіп қылғысы
келмеді.Жоғарыда айтылғандай ол өз өмірінде, жалпы қазақ
елінің өміріндегі кемшіл
тұстарды айқындап жазып, тіпті қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп
осыдан жиреніңдер деп өсиет етеді. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, енді
бірінде иман жайында жазады, ал енді бірінде қазақтарда кең қолданысқа ие болған
алайда еш мағынасы жоқ, мағлұм болған мақалдарды сынай отырып оқырманға оның
дұрыс бұрыстығын нұсқап көрсетеді. Қара сөздерінің қайсысы болмасын қазақты
жақсылыққа, игі істерге шақырады, жамандық пен жалқаулықтан жирендіру үшін түрлі
әдіспен сөздерден маржан түзіп әсерлі етуге барын салғандығы маған ерекше ұнады.
Абайдың айтуынша, жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін,
іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-
әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке
ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның
жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді [1].
Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес.
Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре
дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі
ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа
өмірге бейім болуға шақырған.
Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың
Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын
ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл
үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып:
«Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен
бірдейлік дағуасына кіреді, аса
арсыздана жалынбайды», – дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес
болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.
Ал қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен
дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар
96
ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет. Жастарымыз неғұрлым көп тілді
меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән
берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін
құрметтесе әрі
шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.
Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер
мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-
оймен ғана озатын кезең келді. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың
ашықтығын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық
мүддемен үйлестіре білуді талап етеді.
“Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы Қазақ
елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді”, – деген өнегелі сөзі ақын
мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады [2].
Ақын ел-жұртын түрлі өнерді игеруге үгіттеді. Соның бәрі уақыттың талабы
екенін ол анық аңғарып, ұлтына ертерек үн қатты. Тіпті қазір айтып жүрген
интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы
ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді.
Сондықтан Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану –
адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға,
білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы.
Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет.
Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның
мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі.
Сондықтан
азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқу, ақын өлеңін жаттаудан
жалықпаған жөн.
Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін
қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз
десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі
үдерістерге қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана
емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас
темірқазығы.
Әр қазақтың төрінде домбыра тұрсын деген ұғым қалыптасқанын бәріміз жақсы
білеміз. Сол сияқты әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай
жолы» романы тұруы керек деп санаймын.
Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауы тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының
орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз.
Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және
аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады [1]. Абай тұлғасын
жоғары дәрежеде дәріптеу үшін Үкімет мынадай шараларды
қолға алуы керек деп
есептеймін:
-
Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани
дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн.
-
Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір
айрықша құрметке лайық. Осыған орай шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай
жаңғыртамыз.
Қорыта айтқанда, Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып
дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.Жалпы, өмірдің қай саласында да
Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел
ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде
мұратқа жетеміз.
Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет
етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі
97
мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай
еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру
– ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.
Әрбір қазақ азаматы Абайдың қара сөздерін оқып шығуға міндетті деп
санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45
қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы
уақытта көбейетініне сенемін. Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын
публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!
Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек
келешегіміз, жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
https://egemen.kz/
.
2. Абай және қазіргі заман. А., Ғылым, 1994, -336 бет.
Достарыңызбен бөлісу: