Материалдары



Pdf көрінісі
бет33/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 801.732 
 
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ 
 
Эльмира Файзоллақызы 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-19-1 тобының студенті. 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Ә.Қабылов 
«Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің 
негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны 
сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, 
дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген 
бірегей құбылыс ретінде бағаланды» [1], – деп Қазақстан Республикасының Президенті 
Қ.Тоқаев айтқандай, Абай – ұлтымыздың үлгі тұтатын тұлғасы, рухани ақыл-ойының 
мәйегі секілді. 
Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі жастарды 
адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Абай Құнанбайұлы ел 
жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын 
меңзеп, оқу-білімге шақырған. Адамның сол кездегі жаман қасиеттірінің бәрін сынап, 
атап көрсетіп, содан арылуға, жақсылықты өн бойына жинауға, яғни тәрбиеге көп көңіл 
бөлген. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашу сияқты, рулық тартыс, 
бітпейтін дау-жанжал елдің сиқын бұзатынын айтып, еш мақсатсыз бос жүрген 
халықты көріп, қатты қынжылған. Әсіресе, білімсіз, еңбексіз жастардың жайы жанын 


110 
қатты күйзелткен. Ел ішіне іріткі салатын, өтірікпен мал жиып, байыған би-болыстарды 
сықақ өлеңмен шенеген. 
Қазақ даласында қазіргі психология ғылымы тұрғысынан, бірінші болып Абай 
«адам» деген ұғымға анықтама берген. Адам ұғымы – педагогика мен психология 
ғылымында негізгі пәндік ұғым. Абай түсінігіндегі «адам – ақылдылық пен еңбек 
сүйіспеншіліктің әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың, адамгершіліктің 
жиынтығы». Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана – нағыз Адам. Орыстың ұлы 
педагог ғалымы К. Д. Ушинский де өзінің басты еңбегін адамға арнаған. Адам тәрбие 
пәні қақында осы тұрғыдан Абайадың ойлары, пікірлері орыс ғалымдарымен үндес 
келеді. 
Абайдың адамгершілік идеалы, мұраты, принципі – қысқаша ғана «Адам бол!» 
деген формула, тұжырым. Адам болу – кісіліктің кісісі, шын мәнінде азамат болу, қара 
бастың қамы, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», 
«надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат адам болу. 
Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, 
табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді. 
Жастардың мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай:
Тез үйреніп, тез жайма, 
Жас уақытта көңіл – гүл», – 
деп жазған. 
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге 
көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері ұлы ақынның 
сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап 
көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Абайдың толық 
жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары бар. 
Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. 
Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, 
оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, 
ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлермен бірігіп, тұтас бір қазақ 
халқының философиялық пікірлерімен бірігіп, философиялық тұжырымдамасын 
құрайды. Абай қара сөздерінде көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме 
дүкен құрып отырғандай болады.
Адамның адамгершілігі – оның жоғары қасиеті, былайша айтсақ, кісілігі. Оның 
негізгі белгілерінің бірі – адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға 
ұмтылу, соған дайын болу, «Өзің үшін еңбек қылсаң, – дейді Абай, – өзі үшін оттанған 
хайуанның бірі боласың. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Ақылды, 
мейірімді адам кез келген уақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш болып келеді. Арлы 
адам – ардақты адам.
Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Ойшылдың отыз алтыншы қара 
сөзінде «шын ұят – шариғатқа теріс, ақылға теріс, абыройлы бойға теріс іс» делінген. 
Сол сияқты бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтуға ұялған секілді жақсы 
адамның алдында жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. 
Надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған ұялу 
– ақымақтық, жамандық. 
Абай атамыз ұят туралы ХІХ ғасырда айтқан сөзі әлі күнге қоғамда өз маңызын 
жойған жоқ. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, 
жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді. 
Абай сол заманғы қазақтың басты проблемасы пәлсапалық ойлармен көп 
айналысты. Абай атамыздың әрбір сөзін қайта оқып, тереңірек барлай бастасақ, 
олардың қыр-сырлары қайта ашыла түседі. Шындығында Абай тағылымын дәріптеу, 
оны терең түсіне білу, меңгеру оңай емес. Абайдың шығармаларында даналық толып 
жатыр. 


111 
Өмірде ар-ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы 
ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам 
баласының бақыты оның ар-ұяты таза болуында. Абайдың поэзиялық мұрасына қоса 
қара сөздері беретін бір заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына деп 
ойлаймын. 
Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, 
мектепте, адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласуы нәтижесінде, 
қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің 
іргетасы отбасында басталады да, өмір бойы ұдайы толығып, жетіліп отырады. 
Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениеті мен қасиеті де 
қалыптаспайды дегенге көзім толық жетті. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, 
тәрбие. Тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат 
әкеледі», – деген Әбу Насыр Әл – Фараби бабамыздың сөзін әрдайым жадымызда 
сақтауымыз керек деп ойлаймын. 
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларына зер салсақ, оның сол заманда 
айтқан ойлары қазіргі қоғамда да өз құнын жоғалтпағанын көреміз. Абай атамыз сол 
кездің өзінде бизнес, кәсіпкерлік жөнінде соншалықты анық әрі айқын суреттеген. 
Өзіне, жан-дүниесіне үңілген Абай үйлесімді дамуды, өркениетті ел болуды 
кәсіпкерліктен тапқандай көрінеді.
«Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде: «Бейнет көрмей дәулет жоқ» 
екендігін нық айтса, «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінде жұмыс істеп, мал 
бақпаған жігітте ешқандай қасиет болмайтынын айтады. «Қартайдық, қайғы ойладық, 
ұлғайды арман» өлеңінде: 
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек, 
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас, 
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек [2,120], – 
деп адал еңбек қана елді ұшпаққа жеткізетінін алға тартады. 
Дамыған елдер қатарында болу үшін адам бойында Абай айтқандай бес асыл 
іске ұмтылып, бес дұшпаннан қашып, тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, босқа таласу, 
өтірік шағымдану секілді қасиеттерден аулақ болуымыз қажет. Өркені жайылған елдің 
бір көрнісін «Сәулең болса кеудеңде» өлеңінде былайша суреттейді: 
Берекелі болса ел, 
Жағасы жайлау, ол бір көл. 
Жапырағы жайқалып, 
Бұлғақтайды соқса жел, – 
немесе: 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек, – 
деп білімді, ақылды, берекелі елдің ғана болашағы жарқын екенін көрсетеді, 
соған жетуді армандайды. 
Еңбектің мұратқа жеткізетінін бейнелейтін өлеңдері де бүгінгі заманға сәйкес 
келеді. «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» өлеңінде дәлме-дәл, көркем түрде 
берілген: 
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан, 
Тәтті, дәмді іздер ең онан да арман. 
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр, 
Құлдық ұрып асайсың асы бардан.
Осы өлеңдегі әрбір жолдар бүгінгі заманға қарата айтылған секілді. Тіпті, күн 
өткен сайын бұл сөздердің салмағы ауырлап, тереңдігі ұлғая түскендей. Осы мәндес 
тағы бір өлеңі: 


112 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған. 
Би болған, болыс болған өнер емес, 
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған, – 
деп егін егудің, жастай оқу оқып, білім алудың негізі баянды еңбек екенін 
айтады. 
Қазақ халқы бүгінде тәуелсіз мемлекеті, айқын бағыт-бағдары, қайратты да 
қажырлы, білімді ұл-қыздары, әлемдік серіктестері мойындаған табыстары бар екенін 
дүниенің төрт бұрышына мойындатты. Бұл – ізденістердің, тынымсыз еңбектің, 
төгілген маңдай тердің, өнерлі азаматтарының өнімді де бірлікті тірлігінің нәтижесі.
Абай атамыз үшінші қара сөзінде: «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынын, 
бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш 
болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі 
данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір 
қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді
әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, 
өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. Мұның бәрі төрт аяқты малды 
көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым – солар секілді 
нәрселерге салынса, бұлай болмас еді» [3,156], – дейді.
Абай Құнанбайұлының рухани әлемі бүгінгі қазақ елінің гүлденуіне, 
өркендеуіне қашанда қызмет ете бермек. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Тоқаев Қ. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан // Егемен Қазақстан. 9 Қаңтар, 
2020 ж.
2.
Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Алматы. Жазушы, 1982. 
3.
Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. ІI том. Алматы. Жазушы, 1982. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет