Материалдары



Pdf көрінісі
бет20/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» КОНЦЕПТІСІ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУ 
НЕГІЗІ 
 
Дәуренова А. 
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, КЯЛ-17 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Дуйсенова К.Е. 
Аңдатпа.
Ойшылдар адамның рухани кемелдену, толысу жолдарын іздестірген. 
Абайда да адам жаратылысының жан сыры туралы жүйелі де кемел ой-пікірлер 
білдірді. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Яссауи және 
Ж.Румидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, 
тұжырымдар жасады. Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын 
Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі 
«әбден жетілген адам» (совершенно мудрый человек), Шығыс ойшылдары мен 
суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-
Фарабидегі 
«Кемел 
адам», 
Ж.Баласағұнның 
дастанында 
көрініс 
тапқан 


69 
«Жауанмәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ 
адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатқан секілді. Қазақ 
руханиятының өзегі саналатын Абайдың «Толық адам» ілімі – келешек Қазақстанның 
адамгершілік кодексінің іргетасы. 
Түйінді сөздер:
толық адам, рухани кемелдену, Әбдірахман, ақыл, қайрат, жүрек, 
иман. 
Абай – күллі адамзаттың ақылшысы, шамшырағы, алыбы. Абай «адамтанудың 
көркемсөздегі өрнегін салып, үлгісін қалыптастырды» деген дәлелдеуді қажет етпес 
тұжырымды пікірді Абайдың тілдік тұлғасы тезаурусын талдау арқылы бекітуге 
болады. Оның өзіндік дәлелдері бар. Абай адамдықтың биік деңгейін иманмен 
өлшеген. Өзінің қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» 
деп, кесіп айтқан. Абайдағы толық адам туралы ойдың о бастағы төркіні «Ғылым 
таппай мақтанба» (1986 ж.) өлеңінен бастау алып, ақынның «Адам болам десеңіз» 
деген тезисі негізінде ары қарай желілеп таратылып, жыл өткен сайын күрделене 
түсуде. Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» 
өлеңінде айқын көрсетілген.
Абай адам бойында болатын күллі қасиеттерді жоғары бағалаған.
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [1,218], –
деген өзекті ойлары арқылы биік адамгершілік иесін және оның кісілік келбетін 
сомдайды. Осы қасиетті иеленген адам ғана Адам деген ұғымды нұсқайды. Бұлар – 
толық адам жөніндегі ұғымдарды құрайтын басты сипаттар, яғни толық, кемел адамға 
тән қасиеттер., Яғни, Абайша айтқанда, адамның «толық адам» бола білуі – басты шарт 
екен де, ол үшін адамға ақыл, қайрат, жүрек – үшеуі қатарынан көмекке келеді екен.
Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер «Ғылым таппай мақтанба» 
өлеңінде айқын көрсетілген. Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде 
талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды. Ал адамды тек жаман мінезге 
бойлататын «бес жаман істі» барынша сынайды. Өсек, өтірік, мақтаншақтық, 
еріншектік пен ысырапшылдықдың – адам атаулының қас жауы екендігін жеткізеді. 
Абайдың бұл – «бес асылы мен бес жаманы» барша адамзатты жақсылыққа 
шақыратын, жамандықтан қашыратын дүниелер екенін келешек ұрпақ мықтап естеріне 
сақтаулары керек.
Таудай талапсыз армандарға жету екіталай. Талап бар, енді мақсатқа жету үшін 
еңбек, жай еңбек емес, терең оймен ұштасқан еңбек керек. Осы үшеуі болған жерде 
нәтиже де болуы сөзсіз. Сол нәтижеге қанағат етіп, адамдарға қол созып, рақым ойлап 
қоюды да ұмытпау керек. Әрине, бұл тек менің өз ойым ғана...! Адам болу туралы ой 
танымын «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде көп нәрсенің төркінінен хабар беруі 
себепті М.Әуезов бұл өлеңді «Абайдың, әсіресе, көп ой қорытпай айтқан мағыналы да 
програмдық бір өлеңі», - деп ерекше мән бере бағалауында үлкен сыр жатыр. 
Осылайша Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең 
ой, қанағат, рахымды атайды. Абай атаған бес қасиет негізінен толықтықты танытатын 
үш қасиетті құрайды: талап пен еңбек – қайратты танытса, терең ойыңыз – ақыл, ал 
қанағат пен рахым – жүректен туатын қасиеттер. «Ыстық қайрат» – бұл үнемі ізденіс 
үстінде болу, тек қана алға ұмтылу, жасампаз болу. «Нұрлы ақыл» – елге сәуле түсіріп, 
ізгілікті іс істеу, алла берген ақылды тек жақсылыққа жұмсау. Ал, «жылы жүрек» – 
иманды, иман жүзді болу, адамдарға құрметпен қарау, олардың мұң-мұқтажын, көңіл-
күйін ұға білу. Міне, осы үш қасиет ізгілікті мақсатта пайдаланылған жағдайда ғана 
толымды адам деген мәртебеге ие болуға болады.


70 
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек [1,119], –
дейді. Олай болса, Абай үшін дүниенің басты құндылығы – адам, жәй ғана адам 
емес, рухани тұрғыда кемелденген толымды адам. Абайдың арманындағы толық 
адамның іргетасы дінмен ұштасып, дінмен дамиды және дінмен жетіледі. Адамзат 
өркениетіндегі барлық игі қасиеттер: дін, иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, 
құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. 
бойында жетілдіре білген, дамытқан адам – Абай ұсынған «толық адам» концепциясы. 
Абай: 
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз,
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз [1,72], –
дей отырып, болашақ ұрпақты жақсылық пен жамандықтың парқын түсінуге 
шақырады. Бұл ізгі қасиеттердің бәрін өз баласы - Әбдірахман бойынан тауып, «жасқа-
жас, ойға-кәрі», «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» иесін көріп, тұшынып, өз 
жазғандары мен ізгі армандарының орындалғанына көңілін тоғайтады, өміріне серік 
етеді. Балаларын үлгі ете отырып, Абай болашақта надандыққа лағынет айтар, сәулелі 
ғұмыр жас ұрпаққты арман етеді. Бүгінгі таңда еліміздегі саналы балалар мен 
парасатты жастардың көбейгендігін көргенде, Абай арманының орындалғанына 
мақтанасың?! Абайдың асыл сөздерінің текке кетпегеніне разы боласың! Абай үшін 
қуанасың! «Абай жаққан бір сәуленің» әрі қарай алаулап жанғанына мәз боласың!
Абайдың өз замандастарының өмірге көзқарасымен келісе бермейтіні, тіпті 
олардың рухани құндылықтарды бағалауына сыни тұрғыда қарағаны белгілі. Себебі, 
Абай жүрегі – «елім, ұлтым,халқым», – деп соқты. Ойшыл Абайдың «Ішім – өлген, 
сыртым – сау» деген наласы салыстырмалы түрде жағымды мән иеленген. Оны екі ұдай 
күйге түсіріп тұрған – екі ұдай күйкешкен қоғамы, екіге жарылған мінез-құлықтың 
иелері. Бүгінгі дос ертең жау болғанында ет жүрегі, сана-сезімі қорланудан сескеніп 
қалған жүрегі нәзік ақын сол әлемге іштей қарсылық білдіріп, «іші-өлген, сырты-сау» 
күй кешіп, сырттай көндіккендей болады.
Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметов ұлы ақын толық адам ұғымының 
қазақ ортасындағы нақтылы образын өзі үлкен үміт артқан баласы Әбдірахман бейнесі 
арқылы бергенін дәйектейді [2,117]. Абай толық адам идеясын қалыптастырып қана 
қойған жоқ, соған жетелейтін шынайы жолды көрсетіп берді 
Әбдірахманның атасы азан шақырып қойған есімінің өзі үлкен мән иеленген. 
Рахым араб тілінде мейірім, марқабат, аяу, жаны ашу, жәрдем, қайырым мағынасын 
білдіреді. Бұл есім – Әбдірахманның мазмұнға толы қысқа ғұмырының айқындауышы 
іспетті деуге болады. Сонымен қатар, тағы бір танымдық мәні бар мәлметті еске салған 
жөн: Алла Тағаланың тоқсан тоғыз құрметті есімі бар. Соның бірі – ар-Рахман 
(Мейірімді); ар-Рахим (Рақымды) [3,24]. Тілдік тұлға дискурсында Әбдірахманға 
байланысты төмендегідей жеке аталым, перифразалар қолданылады. Олар: әділ, мырза, 
ер, айнымас жүрек, көздің нұры, өмірдің гүлі, боямасыз ақ көңіл, жасқа жас – ойға кәрі, 
жаңа жылдық басшысы, ағайынға бауырмал, құйрықты жүлдыз, турашыл, орынсызды 
айтпаған, түзу жолдан қайтпаған, Аплатон, Сократтай ақылды, ғылым іздеп жатпаған, 
қызыл гүл, асыл жар, Қанарман Ғали білекті, талайдың гүлі, қолдан үшқан ақ сұңқар, 
тұрлау(ым), Әбіш сынды асыл ер, көцілімнің күні, сүйеніш. 
Адамның қоғамдағы орны («Сен де - бір кірпіш дүниеге»); өмірдегі мәні 
(«атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын»); толысу, өсу жолдары («талап, 
еңбек, терең ой»); адамгершілік қасиеттері («ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек») 
- бәрі, Абай дискурсында өз жауабын тапқан.


71 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Құнанбайұлы А. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп...: Өлеңдер, поэмалар, қара 
сөздер. – Алматы: «Раритет», 2008.
2.Мырзахметов М. Абай және Шыңғыс. - Алматы: Қазақстан, 1994.
3. Мұсылман күнтізбесі. Алматы: Жылнама, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет