67
Данышпан Абай Құнанбайұлының 45 қара сөзі – әр қазақтың бойтұмары іспетті.
Соңынан өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы бабамыз өзінің бесінші және алтыншы қара
сөздерінде қазақтың кей мақал-мәтелін сынаған, олардың тереңіне үңіліп, мән-
мағынасын ашып көрсеткен.
Түйінді
сөздер:
тілдік тұлға, қара сөз,
пракматикалық қызмет, тәрбие, сын.
Абай тілдік тұлғасындағы мақал-мәтелдердің тілдік-танымдық мәнін,
прагматикалық қызметін анықтау арқылы қазақ тіл өнерінде көркем сөздің алатын
орнын сараптай аламыз. Тілдік қордағы әрбір мақал-мәтел мағынасының қалыптасу
және даму заңдылығы болатындығына Абай дискурсы арқылы тағы бір көз жеткізе
аламыз.
Абай тілдік тұлғасының алғашқы нөлдік деңгейін анықтау барысында мақал-
мәтелдердің рөліне баса назар аудардық, өйткені тілдің паремиологиялық қоры –
ұлттың таным деңгейінің көрсеткіші, ал
соған сәйкес, ұлттың таным деңгейінің
тереңдігін сезінген тілдік тұлға өресі де көрсетілуі тиіс. Жеті бірдей мақалды сынға
алған жиырма тоғызыншы қара сөзінде: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске
татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа
жарамайтұғыны да бар [1,93], – деп бағалайды. «Атың шықпаса, жер өрте», «Қарның
ашса қаралы үйге шап», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Малдының беті – жарық,
малсыздың беті шарық», «Берген перде бұзады», «Жарлы болсаң, арлы болма», «Ата-
анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Ісі
білмес, кісі білер», «Ісіңнен түзулігінен жетпессің,
кісінің амалшы, айлалығынан
жетерсің» деген ой қорытуларды Абай сынға алған.
Көркем сөздің қуатын сезінген талғампаз ақын әр сөздің астарына үңіліп,
көркемдік табиғатына көңіл бөліп қана қоймайды, әр мақалды әлеуметтік тұрғыда
бағалап, оның халықтық дүниетаныммен үйлес келуіне баса мән береді. Абай бір
қарағанда, мақалдың дұрыс қолданбағанын көрсеткендей болса да, ойын әрі қарай
тарата отырып, оның басқа бір мәнісі болуы ықтимал деп қарайтын сияқты. Мысалы,
«Жарлы болсаң, арлы болма» мақалы туралы «ардан кеткен соң, тірі болып жүргені
құрысын» деп оның дұрыс айтылмағанына сын тағады. Алайда осы «арлы болма» деген
сөздің (ойдың) өзге жағдайға байланысты айтылуы мүмкін
екенін де жоққа
шығармайды. «Егер онысы (арлы болма дегені) жалға жүргеніңде жаныңды қинап
еңбекпенен мал тап деген сөз болса, - ол ар кететұғын іс емес» дейді... Сөйтіп, бұл сөзді
Абайдың өзі ақтап алады, яғни жанын қарманып, біреуден тіленбей мал іздеуге
ұялудың, арланудың керегі жоқ деген ой астарын оңай аңғаруға болады. «Абай
қазақтың мақалына қарап отырып, қазақтың тарихын қарастырады, өз кезіндегі
қазақтың дүниеге көзқарасын білуге мақалды кілт қылғысы келгені –
бәрі халық
әдебиеті мұрасын қалай пайдалану жолын түсінгенін көрсетеді. Ол ескі мұраны
талғамай ала беретін адам емес...», – деген Қ.Жұбанов [2,232].
Түзету енгізген, яғни дұрыс түсінуге мегзеген келесі бір мақал – «Өнер алды –
бірлік, ырыс - алды тірлік». «Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады –
білмейді... Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес», – дей келіп, ойдың дұрыс
бағытын көрсетеді. Яғни «қазақтың ойлағанындай, бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ,
дәулет ортақ емес», – деп қорытады. Егер бірлік мәні теріс ұғынылса, қазақта ақыл
қосатын
ынтымақ болмаса, олар дүние үшін ғана бірігіп, сонысын бірлік деп тапса –
антұрғандықтың басы осы. «Мұның қай жерінен бірлік шықты», – деп оның мәнін
дұрыс пайымдауға шақырады. Алтыншы сөзі былай басталады: «Ырыс алды – тірлік»,
– дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте
де бар» [2,21].
Семантикалық құрылымы, яғни лингводидактикалық мазмұны ұлттық идеяны
таңбалайтын тілдік белгілер отыз тоғызыншы сөзінде мол кездеседі. Олар: «Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді», «Аз араздықты қуған көп
68
пайдасын келтірер». Абай нұсқағандай, арлылық, намыстылық, табандылықпен
келетін, бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған бұл мінезден айрылдық. «Ендігілердің
достығы
-бейіл емес, алдау, дұшпандығы - кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра
алмағандық». Терең афористік үлгідегі бұл сөздер – сол Абай өмір сүріп отырған
заманға сай жасалған тұжырым. Ұлт мүддесін ойлаған ақынның мақал арқылы бекіткен
танымы, яғни дүниенің тілдік бейнесі. Мысалы, «қазақ мақалдарының ішіндегі не
құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны» – бесінші қара сөзіндегі «Қарның
ашса, қаралы үйге шап». Осы мақал семантикасының қалыптасу уәжіне басқа бір
қырынан келу керек сияқты. Бұндағы тілдік таңбаның контекстік мағынасы құрам
компоненттерінің ішкі мағынасынан шығып тұрмаған сияқты. Мәнмәтіндік ауыспалы
мағына «қарын ашқан –
қайғы емес, қара жұтқан – қайғы, яғни қайғының үлкені –
қаралы үйде, соны көр» - деген астарлы мән бар. Өйткені «қайғысыз қара суға
семіреді» деп сабырлық танытқан халықтың ашыққанды қаралы үй арқылы
тойындыруы ақылға сыйымсыз емес пе? Халық тілінде «Қарны ашқан қаралы үйге
барсын» деген нұсқасы бар. Қазақ даласының дәстүрі бойынша қара тігілген үйге кез
келген адам кіріп, дұға оқып, дәм тата алады. Қара тігіліп, алыстан көрініп тұрған үйге
әрбір жолаушы ат басын бұруы мүмкін болғандықтан осы мағынада да қолданыс табуы
мүмкін.
Тілдік тұлға паремиологияларға стильдік өңдеулер енгізген. Абай мақал-
мәтелдерді өлең ішінде сынын бұзбай тұтас күйінде қолданады: «Арамдықтан
жамандық көрмей қалмас», «мың күн сөнбес, бір күн сынар шөлмек» немесе өлең
өлшеміне лайықтап, сөз үнемдеу құбылысына бағынған мынадай өзгертулер де
кездеседі: Бір тойған – шала байлық деген қазақ, / Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей.
Абай өзінің дүниетанымын, қоршаған ортаны тану нәтижесін көпке белгілі мынандай
өзіндік идиолектілер түрінде берген: Ақырын жүріп,
аның бас, енбегін кетпес далаға;
Арттағыға сөзіц мен ісің қалса, өлсең де өлмегенмен боласың тең; Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарның тіленбей; Досыңа достық – қарыз іс, дүшпаныңа әділ бол; Адасқанның
алды жөн, арты-соцпақ т. б.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы. ІІ том. –
Алматы: Ғылым, 1995. – 126 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999. – 581 б.
Достарыңызбен бөлісу: