Материалдары



Pdf көрінісі
бет30/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕСІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Шанбай Айдана 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, ПМНО-18-1 тобының 2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Махметова С.Д. 
Бастауыш сыныптарда оқушылардың тәртіп, кұлық, достық және Отан туралы 
ұғымы қалыптасады, ата-аналарын, үлкен адамдарды құрметтеуді үйренеді, еңбекке 
сүйсініп қарайды, ізгілікті сақтайды. Әр түрлі іс-әрекеттің барысында бастауыш сынып 
оқушылары тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, өзара түсінуге дағдыланады. Оқу 
және тәрбие барысында бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-
құлық туралы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны байиды. Оқушылар әділеттілік, 
борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл 
бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. 


100 
Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-
әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.Қорытып айтқанда, 
әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек. 
Осы орайда ұстаздардың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым 
қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жытыла бермеуі керек, ойткені тым қаталдық 
шәкірттің өзін ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін 
келтіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады. 
Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық 
қасиеттер болып табылады. Қасиеттер дегенде біз әрбір нәрсенің игілікті жағы, соның 
өзінің және оның әрекеттерінің абзалдылығында және жетілгенділігінде деген 
мағынада айтамыз. 
Адамның белгілі бір мінез құлыкқа ие болуына немесе жақсы жұғысудың 
арқасында бір мінез-құлықган басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын 
нәрсе – әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және ұзақ уақыт 
қайталануын айтамын. Жақсы мінез-құлықгың өзі де әдет арқылы келетін 
болғандықган, біз әдеттене келе біздің жақсы мінез-құлқымызды тұдыратын 
нәрселерді де әңгіме етуіміз керек. 
Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда Абай 
шығармаларының тәрбиелік маңызы ерекше. Абай шығармалары мен байланысы бар 
деген кейбір жанама деректерді ақынның дүние, дін, өнер, әсіресе этикалық пікірлеріне 
нақтылы салыстырулар жүргізіп барып, оның өзін ерекше сын елегінен өткізе отырып 
анықтасақ қана жемісін бермек. Осы тұрғыдан қарағанда, Абай оқыған және оның қара 
сөздерімен белгілі дәрежеде қатысы бар деректер көзінің бірі Шығыс әлеміне ертеден 
әйгілі «Насихаттама» (Кабуснама) кітабы деп білеміз. Орта Азия мен Қазақстан, 
Татарстан ағартушыларының бәрі де кітапқа назар аудармай қалған емес. Сондықтан да 
олар осы кітапты жергілікті халықтың тіліне аударып, танытуға күш салған. 
Бұл кітапты өзбек тілінде тұңғыш рет өзбек халқының белгілі тарихшысы, әрі 
ақын, атақты аудармашы Мұхаммед Ерниязбекұлы аударған. Өз тұстастары ерекше 
назар аударған бұл кітапты Шығысты олардың бәрінен тереңірек білген Абайдың 
оқымауы, білмеуі мүмкін емес. Абайдың «Насихаттамаға» қатысы әсіресе оның қазақ 
әдебиетінің тарихында бұрын болып көрмеген жанрлық, стильдік ерекшелігімен 
айрықша дараланатын қара сөздерінен айқынырақ аңғарылады. Бұлай дейтін себебіміз, 
осы кітаппен Абайдың қара сөздсрінің сөз етер мәселелерінің көбі тақырып жағынан 
бір сыпыра ұқсас болып келсе де, оларды шешуі әр түрлі көзқарастың тұрғысынан 
болып отырады. Әрі қазақ әдебиетінің тарихында жанрлық формасы мен стильдік 
ерекшелігі бар Абайдың қара сөздерінің елеулі түрде ұқсастығы барлығын да 
ескермеуге, онымен есептеспеуге болмайды. 
Аса дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері «Соқыр кісі 
сыбырынан танырлық» деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге көзін жаңа 
ашқан кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой сезімі еді. 
Абай үлгілі ақын даналығы халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан 
мектебі, білім қазынасы болып қалуда. Арғы-бергі замандарда ғұмыр кешкен барлық 
данышпандар сияқты, Абай да ұрпақ жаңарған сайын жаңа қырынан танылып, жаңғыра 
беретін «артына өлмейтұғын сөз қалдырған» ардақты жан. 
Еліміздегі егеменді ел болғалы құрылысын, құлашын кең жайып өрістеген 
сайын, жас ұрпаққа Абай атамыз «Қазіргі замандағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, 
үйрету жұмысының бәрі де оларды адамгершілік моральға баулу болып шығуы керек», 
– деген. Мектеп оқушыларды ұзақ жылдар бойы оқытып, білім берумен қатар, олардың 
ақыл ойының, сана-сезімінің, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жағдай 
жасайды. 
Абай мұрасының соңғы кездегі зерттеушілері Абайдың орыс әдебиеті 
классиктерімен творчестволық байланысы туралы мәселені негізінен ұлы ақын өмір 


101 
сүрген дәуірдің нақтылық тарихи шындығымен байланыстыра қарастырды. Абайдың 
орыс әдебиетінің ұлы классиктерімен творчестволық қарым-қатынасы төңкеріске дейін 
азды-көпті сөз болса, соңғы кездерде аса мол пікір айтылып, көптеген зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. Нақтылы деректерге сүйенген құнды зерттеу еңбектері туа 
бастады. Бірақ осы соңғы дәуірдің өзінде де Абай мен Пушкин, Лермонтов пен Крылов 
туралы жазылған мақалалар әлі де болса мерейтой тұстарында жазылып, бұрыннан 
танымал пікірлер қайталанып байқалуда.
Зертеушілер пікірінше XIX ғасырдың екінші жартысында дамыған халық 
поэзиясындағы азаматтық лирика – Абай творчествосының негізгі реалистік бағытын 
айқындаушы тума кұбылыс болмақ. Абай халық лирикасындағы өмір шындығын 
тудырып отырған қабылдаушы ғана емес, дамыта отырып жетіддіруші. Мысалы: әдетте 
халық лирикасы көп тақырыпты болып келсе, Абай лирикалары да солай. 
Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарының жаңа бағдарламасында Абай 
шығармалары калай қарастырылып отыр? Жаңа бағдарламасының осы мәселе 
жөніндегі ерекшеліктері қандай? Ұрпақ тәрбиесінде орны бөлек Абай мұрасының 
бөбектерге нені, қашан, қалай таныту болады? – деген сияқты сұрақтарға сөз 
қозғаймын. Қазіргі таңда қолымызда барын пайдаланып жүрген бағдарламаларында 
және соған сай жасалған «Ана тілі» оқулықтарында Абай шығармаларының ішінде 
кейбір өлеңдерінен үзінділер берілген.Әрине шығармалардағы сөздерді талдап 
түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлендерді оқудың әдістемесі 
сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. Көбінесе, Абай өлендерін – 
мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен 
тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің 
мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызуы қажет. Мысалы: «Әсемпаз болма әрнеге» 
өлеңдегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындыруда «әсемпаз» адам қандай?, 
«өнерпаз» адам ше?, неге Абай «арқалан» деп тұр, «Сен де бір кірпіш» дегені несі?, 
«кетігі» деген сөзге қалай түсінесің? Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады?, 
т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі өз 
пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып 
отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын сабақ барысында түсіндіруде ақынның 
көзқарасын, оның ой пікірімен қоса түсіндіру, өмірімен байланыстыру, баланың жас 
дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің 
әдіскерлігіне, тіл байлығына байланысты. 
Сонымен бірге жоғарыдағы өлеңдердің адамгершілік-құлықтық мәселелеріне 
тоқталу керек. Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге оқушы көңілін 
аударту. Балаларға шығармаларының көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған көркем 
сөздерге тоқталу арқылы өз құлқының сұлулығына, көркемдік ерекшелігіне көңіл 
аудартуы керек. Мысалы: «Күз» өлеңіндегі «сұр бұлт», «дымқыл тұман» тіркестердің 
мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын ауа райындағы өзгерістерді көз алдарына 
елестету, ол өзгерісті қазақ тұрмысынан байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу 
тәсіліне тоқталу арқылы оқушының табиғат арқылы өздерінің мінез-құлқына ерекше 
көңіл аудару. 
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың маңызы өте зор екені 
тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи 
отырып, одан рухани ләззат алады. Олардың табиғатқа сүйіспеншілігі оянады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Қ. Анарбеков, Үсен Қарасайұлы. Абайдың кейбір мінез-машықтары. 
Шымкент, 2004. 
2.
Абай оқу әліппесі. Алматы, Рауан, 2006. 
3.
Әдеп және жантану. Атамұра, 2010. 


102 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет