Материалдары



Pdf көрінісі
бет26/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
АБАЙ МҰРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Онгайбаева Мадина 
Ш.Есенов атындағы ҚМТИУ, Кадастр мамандығы 1- курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Бағдатұлы М. 
Аңдатпа.
Абай тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбие қазақ халқының нағыз 
қазынасы. Абай атамыздың сан ғасырлық бай поэзиясы ұрпақты – ізгілікке, 
имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.Абай дүниетанымының 
басты мақсаты адамды барынша кемелдікке жеткізу, ол кемелдікті адамға лайықты 
түрде көрсету, пайдалану, бүкіл өміріне азық ету, басқаға да шарапатын тигізу. Оның 
шығармаларындағы шынайы гуманизм, адам мүддесіне деген айрықша ынта, айрықша 
қамқорлық, өмірдің көзіне жалтармай қарайтын шыншылдық, енжарлықты, 
шалағайлықты, қиянатты, сұғанақтықты жегідей жек көретін рухани максимализм 
біздің бүгінгі жүзеге асырмақ бастамаларымыздың да басты сипатына, басты 
мазмұнына айналуға тиісті. 
Түйінді сөздер:
Абай, тәрбие, адамгершілік, тарих, дәстүр. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абай мерейтойында сөйлеген сөзінде осы жайтты 
нықтап-нықтап айтқан болатын. «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні 
бүгінгінарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді: Абай әлемі 
бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс 
бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын 
Абай әлдеқашан айтып кеткен. Өз халқын «жұрт болсын, өссін, өнсін» дейтін әрбір аз 
амат әуелі Абайды оқысын. Абайға құлақ салсын» [1]. 
Әр заманда момынның жоғын жоқтап, мұңын тыңдап, жағдайын жасауға 
тырысқан халық перзенттері ғаделет, рахым, қайрат, қажыр иелері болған. Абай 
сөздерінде ондай кісілерге тән қасиеттер мыналар: махаббат. шапағат, нысап, мархама, 
таза пиғыл, мағрифат, көкірегі-көнілі тірілік, имандылық, мұсылмандық, еңбекқорлық, 
адалдық, ұяттылық, бауырмалдық, мейірімділік, сезімталдық, ақылдылық. Адамшылық, 
адам табиғатына сай болу үш ғашықтықтан туады. Бірінші, дүниені, адамның өзін 
жаратқан Аллаға ғашықтық. 
Ғылым алланың бір сипаты болғандықтан, ғылымға ғашықтық. Алланың жолы 
хақиқат болғандықтан, хақиқатқа, растыққа ғашықтық. Ал егер мал, мақтан, қадір, сый, 
құрмет, алланың ықрарымен, адамды өзі іздеп тапса, ол адамды бұзбайды, керісінше 
адамдыққа көрік береді. Сондықтан да халқымыздың ділін, яғни, менталитетін, дінін, 
тілін сөз қылғанда, тағылым іздегенде Абайдан алшақ кету қиын. Қазақ бүгін өз 
табиғатын сонау Абай арқылы түсініп отыр. Сонымен Абай философиясының өзегі 
адам мәселесі болып, адамның өмір сүру тәсілі, тіршілік ету ерекшеліктері, діні, ділі, 
білімі, мінез-құлқы, мұрат-мақсаты және де басқа тылсым сырлары сарапқа салынып 
жатса, мұндай дүниетанымнан өмірмәнділік сипат іздеу біздің рухани тәуелсіздігіміздің 
бір көрнісі дер едік.«Абайдың дүниетанымында философиялық, этикалық, эстетикалық, 
танымдық және әзіл-ысқақ, кеңес беру түрінде жазылған «Қара сөздер» маңызды орын 
алады. 
Ондай ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері 
шеттей қабысқан. Мұнда философия адамдардың рухани танысуын, адамдық қасиеттер 
жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды күйретудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза 
философиялық терминдерге бой ұрмай, әр алуан әлеуметтік топтағы жетілуді түсінікті 
түрде ұғындырып, қоғамдық сананың дертін айқындайды да, бейнелі түрде жеткізеді. 
Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол үлттық психо логияның негізіне, 


90 
барлығын да тарихи жадында с ақтап қалған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы 
қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал- мәтел 
дәрежесіне көтерілді» [3]. 
Жалпы руханилық, адамшылдық деген түсініктер адамзат тарихымен бірге 
жасап келе жатқан және де дәстүрге айналып кеткен нәрселер. Әсіресе, өскелең өсу 
жолында жаңалықтар көп бола бермейді. Бүкіл адамзатқа ортақ ұждандық өсу талабы – 
жастарды адам болуға баулу, адамшылдықтың негізгі принциптеріне үйрету. Ал адам 
болудың жолдары әр халықтың, ұлттың дәстүріне, салтына, тарихына, діліне, дініне, 
рухани болмысына байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдарыүлкенді 
сыйлаумен, ата жолын, ана жолын қуумен, ар -намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер-
білімге, еңбекке ұмтылумен анықталады. Абайдың өз басында осы қасиеттердің бәрі де 
болды. Сондықтан да ұлт ұстазы болуға, неден қашық болып, неге асық болып, немен 
дос болуға шақырып жөн, көрсетуге моральдық құқығы болды. 
Ұлттық тәрбие ісіне уақыт өз талаптарын, өз өзгерістерін енгізді. Абай 
заманында тәлім-тәрбие ісін ең қарапайым элементарлық нәрселерден бастауға тура 
келеді. Себебі, адамдар жас баладай аңқау, аңғал, тек біреудің жетегінде жүруге бейім 
болды. Жөн білетін дана азаматтар оларға ақ пен қараның, адал мен арамның, жақсы 
мен жаманның не екенін айтып көрсетуге борышты болды. Абай солардың асқар 
шыңы. «Халық ешқашан толас таппаған және таппайтын рухани күресіне адастырмас 
нысана, жаңылыстырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды әрдайым 
сусай аңсаған, әрдайым төбесіне көтере құрметтеген. Өйткені ақыл табылмай тұрып 
ештеңе табылмайды. Ол жетілмей тұрып ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз аз ам 
ат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен 
ұлттық намыс та тұл» [2]. 
Абай шығармалары арқылы халықты, өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Әр 
өлеңінен қазақтың болашағы жарқын болуын ойлағаны байқалады. Ақын ел ішіндегі 
мейірімсіздік пен зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жағымсыз әрекеттерді жазған. 
Оны “Сабырсыз, арсыз, еріншек…” өлеңінің мына жолдарынан байқаймыз.Абай 
өлеңдері арқылы халықты, өскелең ұрпақты тәрбиелейді. Әр өлеңінен қазақтың 
болашағы жарқын болуын ойлағаны байқалады. Ақын ел ішіндегі мейірімсіздік пен 
зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жағымсыз әрекеттерді жазған. Оны “Сабырсыз, 
арсыз, еріншек…” өлеңінің мына жолдарынан байқаймыз: 
Өзін -өзі күндейді 
Жақынын жалған міндейді 
Ол – арсыздық белгісі. 
Өз халқының аяулы ұлы ретінде өз заманында орын алған қаракетсіздікке, 
жалқаулыққа қарсы аянбай күресті. Абай ең алдымен бес нәрседен өсектен, өтірік 
айтудан, мақтаншақтықтан, еріншек, жалқаулықтан және бекерден-бекер мал шашудан 
қашық болуға шақырды. Әрбір жалқау адам, қаракетсіз, қорқақ та болады, оның 
тіршілігі де мардымсыз, сүреңсіз болады. Ал мақтаншақ адам аı‹ıыɪсыз, надан адам. 
Кісі қашық болу керек бес нәрсе, әрі қарай сабақтаса көптеген келеңсіз қасиеттерге 
апарып тірейді. Оны Абайдың өзінен артық зерделеу қиын. 
Ол былай дейді: «Бүкіл ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: Әрбір 
жалқау кісі қо рқақ қайратсыз тартады: Әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді: 
Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді: Әрбір ақылсыз надан, арсыз 
келеді: Әрбір арсыз жалқаудан сұрамақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге 
достығы жок жандар шығады» [3]. 
Ғаламға белгілі данышпандар байқаған деген сөздерге назар аударған жөн. 
Кейбір зерттеушілер айтатындай бұл тек қазақ ұлтына тән жұғымсыз қасиеттер емес, 
жалпы адамның тозу әдісі. Бұлар басқа ұлттарға да тән. Бірақ Абай өз отандастарының 
жайын, болашағын ойлаған соң бұл сөздерді соларға арнағандай болып отыр. Бес 
қашатын қасиетті көрсетісімен, көпке созбай, осы жерде бес асыл қасиетке де 


91 
тоқталды. Олар тек қана адамның адамшылдығының белгісі емес, әлгіндегі айтылған 
кемшіліктерден арылу үшін де қажет. Абай қазақтардың кешегісі мен бүгінін, 
болашағын, олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін, оқу-
білімін, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. 
Қысқасы, Абай армандары – тек бір ғана ұлт ұстанатын мұраттар емес, күллі 
адамзат ұстанатын мұраттар. Қазақ топырағында онын орайын келтіруге мүмкіндік енді 
туып отыр. Мына сіздер мен біздерге үлес боп тиіп отыр. Өйткені, біз осы далада өмір 
сүрген ұрпақтардың ішінде әлгіндей мүмкіндікке қол жеткізіп отырған ең алғашқы 
және бірден-бір ұрпақпыз.Сондықтан ұлы ойшыл-демократ, ұлы рухани реформатор 
Абайға ең жақын, ең етене ұрпақ та тек біз. Мұндай жақындық, мұндай етенелік бізге 
тарих алдында үлкен жауапкершілік жүктейді. Асыл ұстаз өсиет еткен абзал 
мұраттардың тек қиял боп қалмай, нақты шындыққа, нақты әлеуметтік болмысқа 
айналар-айналмасы, мына біздерге байланысты. 
Абайдын айтуынша, адамның бақытты болуы үшін, оның ынтасы мен сол 
ынтаның мақсатына жетуіне былайғы жұрттың ықыласы керек. «Достықты достық 
шақырады», – дейтіні де тегіннен тегін емес. Сондықтан да, ол ұлттық бүтіндік, ішкі 
татулық, уыздай ұйыған ынтымақты көп аңсады. Ал халық дегеніне жету үшін оған да 
өзін қоршаған ортамен дәл сондай ынтымақ пен ыкпалдастық керек. Бұл – біздің 
бүгінгі таңда тағдырымызды шешетін ең басты тарихи факторлардың бірі.Біз де бүгін 
ұлтішілік татуластыкқа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық 
халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, 
Абайша қастерлеуге ерекше мәнбереміз. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Абай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойындағы Елбасы Н.Назарбаевтың 
сөйлеген сөзі / 1997 жыл, 9 тамыз / Алматы қаласы//http:/www.elbasy.kz// 
2. Абай. Энциклопедия / Алматы қаласы / Атамұра баспасы,1995. 
3. Әуезов М. Абай мұрасы жайында,- Қазақ ССР ҒА-ның хабаршысы. 1957, № 3, 
21 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет