Материалдары



Pdf көрінісі
бет24/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
Құбаева Әсел Қанатқызы 
Ш.Есенов атындағы ҚМТжИУ, Қазақ тілі әдебиеті мамандығы, 2-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: Бағдатұлы М. 
Аңдатпа.
Өткен ғасырдың небір қиындықтарын көрген ақын жарқын 
болашақтың барына сеніп кейінгі ұрпаққа асыл мұра ретінде өзінің еңбектерін 
қалдырды.Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы 
атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Міне 
осыған байланысты бұл мақалада ұлы Абайдың шығармаларының еңбектерінің
маңызы туралы айтылған. Абай ұлы ғұлама ақын, моралист – ойшыл, қазақ елінің, 
бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, 
істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысып, 
оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр. 
Түйінді сөздер:
Ұлы ақын, асыл мұра, қара сөз, тұлға, мирас. 


83 
Абайға деген бетбұрыс жаңа жаңғырып келе жатқан кезең халқымыз тәуелсіздік 
алған заманға тұспа-тұс келіп отыр. Дүние жүзі халықтары Абайды тану арқылы оның 
туып, өсірген халқын, елін тани бастады. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие 
алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі. 
Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен 
адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ 
халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайына 
айналдыру тұр.Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. 
Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға 
ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, 
мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары 
өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай 
айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. 
Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы 
шыңға шығар жолындағы баспалдақ. 
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге 
тырысты.. өзінің шығармашылығында ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді 
аяусыз әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақырады. Осындай ұлы тұлғаның бізге 
шығармаларын, өлеңін,асыл қарасөздерін оқу қаншалықты маңызды? 
Біздің яғни жас ұрпақтың көзін ашатын жақсылықты тұла бойына сіңіріп, туған 
еліне жеріне деген махаббатын оятатын құрметпен ізеттілікті,адалдықпен ар ожданды 
сақтауды, сатқындықпен жауыздықтан сақтануды,еріншектік пен жалқаулық адам 
баласын аздыратынын бәрін дерлік Абай шығармаларынан жаныңа керектігін ұғынып 
алуға болады. Білімнің көкірек көздің ашықтығын қалаған ақын әркез айтудан 
жалықпаса біз оқуға неүшін жалығуымыз керек..! 
«Адамның білімі, өнері – адамшы-лықтың таразысы» деп санаған Абай білімді 
барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат 
кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға, жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя 
тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай 
болуға тырыс дей келе: 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз…, –
деген тұжырым ұсынады. 
Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың 
қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай 
мақтанба…» өлеңінде: 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз… –
деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға 
ұмтылатын нәрсе не?» деген сұраққа Абай: 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой – 
Бес асыл іс көнсеңіз… –
деп, кесімді, нақты жауап береді. 
Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы 
қасиеттер, жақсы сипаттар адамдық, әділеттік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлық, 
батырлық т.б. толып жатыр. Солардың ішінен ақын жастардың бойындағы 
адамгершіліктің негізгі қасиеттері, «Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 
туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. 


84 
«Бес дұшпан» — Абай айқын көрсетіп берген адамгершілікке жат этикалық-әдеп 
нормалары. Абай «Бес асыл» ісінде нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу 
керектігін айтса, «Бес дұшпанында»: 
Адам болам десеңіз, 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер, мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз… – 
деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның 
түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жаман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, 
әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық. 
Ақын шығармаларының қазіргі таңда маңызы зор әсіресе қара сөздері қазіргі 
таңның шындығын бейнелейтін секілді. «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; 
әрбір қайратсыз-қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан 
келеді; әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамасақ, өзі 
тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады» – дейді. 
Абайдың бұдан 100 жыл шамасы бұрын қазаққа айтқан ойларының тереңдігі 
бүгінгі егемендігін қолына алған Қазақстан Халқына, оның ішінде қазаққа айтылар 
ойларымен ұштасып жатқан жоқ па. Абай философиясының халық тағдырымен 
ұштасуының негізгі себебі халқына деген шексіз сүйіспеншілігінде, жан-тәнімен бар 
күш салып көмектесуінде, болашаққа жол сілтеуінде, жаны ауырып күйзелістен 
туындайтын философиялық ойлар, философиялық категориялар арқылы шешімін 
табуында. 
«Қулық саумақ көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға 
сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, 
құр тастамайды», – дейді Абай. 
Абай айтқан қулық сауу, көз сүзу, тілену, адам сауу (адам қанау) – өнерсіз иттің 
ісі. Ал мұндай теріс мінезден арылу үшін Абай қандай кеңес береді – еңбегіңді сау 
дейді. Ал еңбекті сауу үшін бос күлкіден, жарамсыз қылықтан, мақтан-шықтан 
арылғанда ғана өнерсіз иттіктен кетесің дейді. Абай өнерге үйрену мәселесі адамның 
өміріндегі ең бағалы да қажетті екеніне көзімізді жеткізді. 
Бүгінгі өмірдің тауқыметі базар, нарық экономикасының ауыртпалығына тіреліп 
отырған халқы-мыздың мән-жайы, одан туындап отырған кеселдер сол Абай заманында 
да, бүгін де белең алып отыр. Ол Абай айтқан «Қулық саумақ көз сүзіп, тіленіп, адам 
саумақ – өнерсіз иттің ісі», – дегендей қулық, көз сүзу, тілену, адам адамның еңбек 
ақысын жеу арқылы өзінің мал мүлкін молайту, жастарымыздың, қала берді үлкенде-
ріміздің де ісі, бүгінгі таңның ең бір жағымсыз қылықтарының бірі екеніне бәріміз де 
куәгерміз. 
Абай бұл ойларының түйінін бесінші сөзінде де, қазақ даласында көп таралған 
мақал-мәтелдердің мазмұны арқылы да дәлелдеген: қазақ тыныштық үшін, ғылым 
үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен. Ол тек қана мал үшін қам жейді екен. 
Ал мал табу жолын біле ме? Оны да білмейді. Оның бар білетіні – малдыларды алдап, 
арбап, мақтап, мал жинау, егер бұл іске аспаса, алдап немесе мақтап ала алмаса, онда 
әкесімен болса да жауласудан тайынбайды екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, 
тіленшік, соған ұқсаған қылықтардың қайсысын болса да қылып, мал тапса жазалы 
демесек керек екен. Осындай Абай айтқан әдіспен мал тауып, халықты алдап, арбап, 
қулықпен, сұмдықпен, ұрлықпен, зорлық-зом-былықпен көгеріп, көркейіп отырмын деп 
санайтын адамдар бүгінгі таңда баршылық екеніне бәріміз тағы да куәгерміз. 
Абайды оқып оқи отыра ұғынып артқан сенімін аяқ асты қылмау біздің 
міндетіміз деп білемін. Адам болып келу анадан,адам болып қалу өзіңнен дей отыра 
осындай ұлы тұлғалардың дана сөздерін әрбір адам оқыса одан жаманшылық та 


85 
азғыншылықта 
шықпайды 
деп 
ойлаймын. 
Ұлы 
тұлғалармыздың 
біздің 
жанашырлармыздың еңбектерін оқып бар жақсылықты бойымызға сіңіріп жүрейік! 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Абай. Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 1995. 
2. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар, 
поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1995. 
3. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Т.15. Мақалалар, зерттеулер. 
– Алматы: Жазушы, 1984. 
4. Тәжібаев Т. Абайдың философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқа-
растары. - Алматы, 1957. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет