Материалдары



Pdf көрінісі
бет53/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.519.(048) 
 
АБАЙ ТУЫНДЫЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР 
 
Айғаным Дәлубай 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-19-1 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Ә.Т. Жеткізгенова 
Аңдатпа.
Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туындыларындағы 
талғам биігі, үйлесім сараланған. Ақынның өзінің төл шығармаларындағы шеберлікпен 
қоса, аудармаларға да аялай қарап, аса сақтықпен, эстетикалық принциптерді қатаң 
сақтап отырғандығы дәлелденген. 
Түйінді
сөздер:
эстетика, өлең, поззия, аударма, сын, мазмұн, талғам, ақын. 


171 
Абай Құнанбаев өлеңге қойылатын көркемдіктің шарттарын белгілеген, көркем 
туындының эстетикалық тартымдылығын айрықша ескерген ақын. «Өлең – сөздің 
патшасы, сөз сарасы» атты өлең –ақын бағдарламасы сияқты.
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы. 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы [1]. 
Бұл – жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу. Мұның ар жағында өлеңнің түрі 
мен мазмұнының бірлігін талап ету («Іші алтын, сырты күміс» болуы), оны «бөтен 
сөзбен былғамау» талаптары қойылады. 
Көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалай отырып, бір кез Абай қазақ 
ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады. 
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, 
Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. 
Ақындары ақылсыз, надан келіп, 
Көр-жерді өлең қыпты, жоқтан қармап. 
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, 
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. 
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, 
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап [1]. 
Бұл сын, негізінен, өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс 
қамына жұмсаушылар мен «көр-жерді өлең» қылушыларға арналады. Сол арқылы ақын 
қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады. Сөйтіп, өз поэзиясында 
жаңа мақсат барын жариялайды. 
Ескі бише отырман бос мақалдап, 
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. 
Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел, 
Сендерге де келейін енді аяңдап [1], – 
дейді ол. Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның өлең сөздің мазмұнын 
өзгертумен байланысты, тыңдаушыларды да тәрбилеуқажеттігіне назар аударғанын 
байқатады. Оларды халық тағдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, 
бағалауға шақырады. 
Батырды айтсам, ел шауып алған талап, 
Қызды айтсам, қызықты айтсам, қыздырмалап. 
Әншейін күн өткізбек әңгіме үшін, 
Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап [1], – 
деп, ескі ақындар жырын тыңдауға үйреніп қалған ұғымды сынап алатыны да 
бар. Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы ойын Абай 
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» (1888) атты өлеңінде тереңдете түседі. 
Туғанда дүние есігін ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнынан кірер денең. 
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, 
Ойласаңшы бос қақпай, елең-селең [1]. 
Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана, қыз ұзатқандағы 
тойбастар өлеңдері, әр адам өлгенде айтылатын жлқтаулармен дәлелдей келіп, өмірде 
өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Абайдың бұл пікірі “алғашқы 
қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген 
рухани құралы болды” деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді. 
Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа талап қойып, олардың ел мұңына жақын 
болуын қалайды. Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін 
тілейді. 


172 
Сый дәметпе, берсе алма еш адамнан
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан? 
Сүйенерлік адамды сүй, қызмет қыл, 
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан, – 
дейді. Өлеңнің ермек емес, өнер екенін ол ылғи баса айтады. Өз өнерін халық 
мүддесіне жұмсауды мақсат етеді. Оны мына шумақтанда байқаймыз. 
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, 
Наданның көзін койып, көңілін ашпақ. 
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, 
Думан – сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.
Эстетикалық талғамның жоғарылығы Абай аудармаларынан да анық байқалады. 
Абай анық шебер аудармашының өзі болып еңбек етеді. Жиыны Лермонтовтан Абай 
жасаған аударманың ұзын саны – жиырма жеті өлең, үзінділер. 
Көбінше Лермонтовтың жеке өлеңдерін аударумен қатар, Абай орыс ақынының 
бірнеше поэмаларынан үзінділер де аударады. Бұлары: "Демонның" басынан жасалған 
"Мұңлы шайтан" деп басталатын өлең, "Боярин Оршадан" "Босқа әуре боп дейтін" 
Арсенийдің монологы. "Измаил бейдің" кіріспе толғауын да аударады. Лермонтовтың 
қара сөзбен жазып бітірмеген "Вадим" атты повесінің бас жағын "Батар күнге 
шымылдық" деп бастайтын бірталай өлеңмен аударады [2]. 
Бұл еңбектерінен жекеше бөлініп тұратын лирикалар ретіндегі аудармалары: 
"Теректің сыйы", "Қарасам қайғырар жұрт", "Тұтқындағы батыр", "Жолға шықтым", 
"Жалғыз жалау", "Жартас", "Дұға", "Сал демеймін сөзіме ықыласынды" (Лермонтовтың 
"Альбомға" деген өлеңі), "Менің сырым, жігіттер", "Бородино" сияқты үлкенді-кішілі 
көп өлеңдер болады. Және Лермонтов аударуынан Байронның "Еврейская мелодия" 
деген өлеңін "Көңілім менің қараңғы" деген аудармамен береді. Гетеден атақты 
"Қараңғы түнде тау қалғыпты" және де Лермонтов аудармасынан алып қазақшаға 
аударады. 
Абай Лермонтовтың кейбір қысқа өлеңдерімен аударма сияқты сөз бастап келіп, 
өз шығармасына еркін ауысып кететін бір топ мысалдар бар. Бұларды, қазақша баспада 
көбінше өлеңнің дені Абайдың өзінікі болғандықтан және бұрынғы баспаларда анықтап 
зер салып, сынап қарамағандықтан, Абайдың өз шығармасы деп атап кетіп жүргендер 
де бар. Сол ретте Лермонтовтың "Не верь себе, мечтатель молодой" деп басталатын 
өлеңінің алғашқы шумағы Абайдың "Өзіңе сенбе, жас ойшы" деп басталатын өлеңінің 
алдында келеді [2]. 
Лермонтовтың "Вечер" деген өлеңінің бірнеше жолдары Абайдың "Көлеңке 
басын ұзартып" дейтін өлеңіне құлақ куй есепті әсер етеді. Абайдағы "Ауру жүрек 
ақырын соғады жай" дейтін өлең орысша "Больное сердце бьется ровно" деген өлеңмен 
сарындас шығады. Орысша: 
...Опять явилось вдохновенье 
Душе безжизненной моей – 
...Көңілдің күйі тағы да 
Өмірсіз жанның алды ішін, – 
деген өлеңдердің де бір тектес екенін байқаймыз. Және де Абайдың "Әм 
жалықтым, әм жабықтым" деп басталатын өлеңі Лермонтовтың "И скучно, и грустно" 
дейтін өлеңімен тектес екені айқын көрінеді [1].
Абай біраз өлеңдерде оригиналды көбінше дәл өлшеумен, аса көркем, шешен 
тілмен аударып отырып, Абайдың өзінше сәл (кейде бірер сөзде) басқа мағына беріп 
аудара-тыны бар. Мысалға "Қанжар" деген өлеңін алайық. Бұл өлең Абай 
аудармасында қазақ оқушысына аса қанықты және өзгеше күйлілік, шеберлігімен 
соншалық қызықты болған өлең. Аудармалық шеберліктер Лермонтов жолдарының 
өзіндегі құрыш қуат, әсем сезім, күйлі толқынға көбінше сай келеді. Бірақ осы өлеңнің 
соңғы бір шумағын Абай түгелімен аудармайды. Екінші өзгешелік - Лермонтовта 


173 
"задумчивый грузин", "черкес свободный" деген жердегі "задумчивый", "свободный" 
деген сын есімдер Абайда "грузин ашулы ұста", "ер шеркес" деген еркін сөздермен 
аударылған. Сондай кейбір ұқсамайтындық ұшыраса да, бұл өлеңнің өзге теңеулері, 
сезімдері турасында Абай қолданған ақындық, көркем келісімдер оригиналдың 
қасиетіне үнемі барабар келеді. Мысалы, Лермонтовта: 
...И черные глаза, остановись на мне, 
Исполнены таинственной печали, – 
делінсе, Абайда: 
...Қара көз қарап маған көп қадалған, 
Құпия қайғы өртеніп бойын алған, – 
деп аударылғанда, қазақтың өзіне де барынша ыстық жалын атып тұрған сырлы 
сезім жолдары туады.
Қорыта келгенде, Абай Құнанбаев өзінің төл шығармаларындағы шеберлікпен 
қоса, аудармаларға да аялай қарап, аса сақтықпен, эстетикалық принциптерді қатаң 
сақтап отырғандығына көз жеткіземіз. Ақын шығармашылығы ғажайып көркем 
келіскен үйлесімдерге бай. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Алматы: Жазушы, 
2002. 
2. Нұрқатов А. Абайдың ақыңдық дәстүрі. – Алматы: Жазушы, 2014. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет