2007-2012 оқу үрдісінің нәтижелілігі
Мектеп оқушыларының олипиадалар мен түрлі интеллектуалдық сайыстарға қатысу белсенділігі артып келеді. Құрманғалиев Әлібек, Мұратұлы Мади, Азреткулов Рамазан «Зерде» республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздарыатанса, 2012 жылғы мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері, Республикалық Абай оқуларының бірнеше дүркін жүлдегері Құрманиязова Айдана Назарбаев университетінің студенті атанды.
Мектеп оқушылары Қожагельдинов Еламан, Жанатов Олжас, Баймағамбетова Хилуа Кипрдың Паралимми қаласында өткен халықаралық ғылыми жобадан ІІІ орын, Табикенов Данияр-Швейцарияның Цюрих қаласында физика пәнінен өткен олимпиадада ІІІ орын, Уахитов Нұрболат-Байқоңыр қаласында өткізілген физика саласында ғылыми жобалар сайысынан І орынды иеленсе, Қажымұрат Ақбота Мәскеу қаласында өткен халықаралық олипиадада, ІІ жүлделі орынға ие болды. 2011- 2012 оқу жылында Ғабдуллина Асыл, Исабаева Салтанат, Аппас Мадина, Калиева Сара облыстық пән олимпиадаларының жеңімпаздары атанды
Қалалық, облыстық, республикалық пән олимпиадаларындағы мектеп көрсеткіштері
Қатысқан оқушылар саны
|
Оқу жылдары
|
2009-2010
|
2010-2011
|
2011-2012
|
1.Қалалық
|
41
|
40
|
41
|
2.Облыстық
|
8
|
7
|
11
|
Жүлдегерлер саны
|
2009-2010
|
2010-2011
|
2011-2012
|
1.Қалалық
|
16
|
23
|
29
|
2.Облыстық
|
2
|
0
|
4
|
3.Республикалық
|
-
|
-
|
-
|
Оқушылардың ғылыми жобаларға қатысу көрсеткіштері
|
Қалалық сайыстарға қатысқандар
|
Қалалық сайыстардың жүлдегерлері
|
Облыстық сайыстарға қатысқандар
|
Облыстық сайыстардың жүлдегерлері
|
Халықаралық сайыстардың жүлдегерлері
|
2009-2010
|
22
|
6
|
3
|
2
|
3
|
2010-2011
|
18
|
9
|
6
|
4
|
1
|
2011-2012
|
27
|
7
|
7
|
0
|
7
|
2012-2013
|
24
|
16
|
13
|
|
|
С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің оқушылар контингенті тұрақты қалыптасқан, сынып – комплектілердің толықтығы негізінен талапқа сай. Мектебіміз мектеп- гиназия режимінде жұмыс істей отырып, мектеп жасындағы балаларды жаппай біліммен қамтып, әлеуметтік сұранысты қанағаттандырады. Мектепте жаратылыстану-математикалық, қоғамдык-гуманитарлық бағыттағы және ағылшын тілін, қазақ тілі мен әдебиетін, математиканы, физиканы тереңдетіп оқыту сыныптарының ашылуы оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |