Материалдық-техникалық базаның жағдайы: Оқу үрдісінде ақпараттық және кітапханалық қамтамасыз ету


Оқу үрдісінің қайшылықтары мен гимназияның бәсекеге қабілетті басымдықтары



бет16/18
Дата06.02.2022
өлшемі262,31 Kb.
#81002
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Даму жоспары

2.9 Оқу үрдісінің қайшылықтары мен гимназияның бәсекеге қабілетті басымдықтары
Гимназияның бағытталған талдауы мектептің басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Оған мыналарды жатқызуға болады:

  • Мектептің қоршаған әлеуметте беделінің жоғарылығы;

  • Барлық көрсеткіштер бойынша қалалық деңгейде мектептің көсбасшылық орны;

  • Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейі;

  • Өзін-өзі дамытумен айналысатын шығармашылық топтың жұмыс істеуі;

  • Гимназия түлектерінің оқудағы білік, дағдыларының жоғары деңгейі;

  • Жаңа оқу технологиялардың қолданылуы;

  • Гимназия сыныптарында оқушылар сапасы тиімді деңгейде, үлгерімі 100 пайыз, білім сапасының тұрақты өсуі;

  • Барлық пәндерден мемлекеттік қалып өлшемдері жасалды;

  • Гимназия сыныптары үшін гимназиялық стандарт жобасы құрастырылды.

  • Тәжірибе-эксперименттік жұмыс, дарынды балалардың бағдарламасы жасалып, бір жүйеге қойылды.

  • Ақпараттық-әдістемелік орталықтың жұмысы жандандырылды;

  • Мектептің эксперттік тобының жұмысы жүйеге қойылған.

  • оқу тәрбие үрдісінде субьект-субьектілік білім беру парадигмасына негізделген психологиялық жұмысты ұйымдастыру арқылы, оқушының ішкі мотивациясы, ішкі белсенділігін зерделеу, сараптау арқылы білімнің жеке тұлғалық болуын және олардың тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді, біздің зертеулеріміз бойынша танымдық белсенділік пен оқу үлгерімінің жүйелі түрде өсіп отырғаны байқалады.

  • ақыл- ой интеллект дамуының позитивті өсу динамикасы көрінеді

  • креативтік ойлаудың жоғарлығы, дарынды оқушыларымыздың шығармашылықтың әр-түрінде, жетістіктерге жету көрсеткіштерінен көрінеді.

  • реттеушілік қызмет, оқушылардың мектептегі қобалжу деңгейінің жылдан-жылға төмендеуін көрсетеді.

  • оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуінен оқушы өзін еркін сезінеді.

Сонымен бірге, мектептің даму бағдарламасы шешетін келесі қайшылықтар да анықталды:

  • Нәтижеге бағытталған жеке–дара оқытуды жүзеге асыру мен әдістемелік және технологиялық жағынан жетіспеушілігі;

  • Пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуы мен мұғалімдердің психологиялық –педагогтік құзыреттілігін арттыру қажеттілігі;

  • Жаңа оқу технологиялар мен мұғалімдердің тәжірибеге енгізуі дайындығының жеткіліксіздігі, ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану төмендігі;

  • Мектептің жобалық қуатының қазіргі оқушылар санының сәйкеспеуі;

  • Оқу-тәрбие үрдісіндегі инновациялық өзгертулер мен мұғалімдердің оған дайындығының жетіспеушілігі («Көптілді оқыту» эксперименттік алаңға ену бойынша)

  • Салауатты өмір салтын ұстануда кейбір ата-аналар тарапынан бала денсаулығына деген жауапкершіліктің төмендігі;

  • Оқушыларды дамыту үшін әр сабақтың потенциалдық мүмкіндігі тиісті дәрежеде қолданылмауы;

  • Оқушыларды олимпиадаға дайындауда жекелеген мұғалімдердің салғырттығы.

  • тұлға өзін емін-еркін сезіне алатын, өзара қарым-қатынысының ықпалын арттырудың нақты жолдарын көрсететін бағыт –бағдардың жоқтығы. /ол үшін арнайы жеке пән ретінде психологиялық сабақтар ұйымдастырылуы тиіс/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет