а)Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері Бүгінгі күнгі баланың мектепке дайындығын анықтауда оның психологиялық және физиологиялық дамуы басты назарда болып отыр
Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:
А.Жеке дайындық .Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады.Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель,оқулық,дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады.
Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез – құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек.Сонда ғана оның оқуға деген құлшынысы пайда болады.
Сонымен қатар, жеке дайындық баланың эмоциялық жай – күйінің даму деңгейінде көрсетеді.Мектепке барар алдында баланың көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны жөн.