Материалтану



бет11/25
Дата29.01.2018
өлшемі3,47 Mb.
#35768
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
5.1- сурет. Темір-цементит диаграммасы.
Диаграммадағы А және Д нүктелері темір мен цементиттің кристалдану (балқу) температурасына сәйкес. АВСД сызығы – ликвидус сызығы. Ликвидус сызығының үстіңгі жағында қорытпа сұйық күйде. АВ сызығы сұйық ерітіндіден кристалданған ферриттің басталуын, ал ВС және СД сызықтары сұйық ерітіндіден аустенит пен цементиттің (бірінші текті) кристалдануының басталуын көрсетеді. Сонымен, ликвидус сызығы қорытпаның бірінші кристалдануының басталу сызығы.

АHЈECF сызығы - солидус сызығы. Солидус сызығының астыңғы жағында қорытпа қатты күйде, демек солидус сызығы қорытпаның бірінші кристалдануының аяқталуын көрсетеді.

HIВ сызығы – перитектикалық өзгеру сызығына жатады. Оның мәні:

LВ + ФН → АЈ (5.1)


Демек, В нүктесіндегі сұйық фаза (L) Н нүктесіндегі ферритпен әрекеттесіп Ј нүктесіндегі аустенитті түзеді.

ЕСF сызығы – эвтектикалық өзгеру сызығына жатады. Оның мәні:


LС → АЕ + ЦF (5.2)
ЕСF сызығының бойында 11470С-та сұйық фазадан бір уақытта қатарынан аустенит пен цементит кристалдары түзіледі. Мұндай өзгеріс эвтектикалы өзгеріс аталып, оның өнімі– ледебурит аталады. Сонымен, ледебурит - аустенит пен цементиттің эвтектикалық қоспасынан тұрады.

PSK сызығының бойында 7270С-та аустениттің ыдырауынан феррит пен цементит түзіледі. Оның мәні:

АS → ФР + ЦК (5.3)
Мұндай өзгеріс эвтектоидты өзгеріс аталып, оның өнімі –перлит аталады. Сонымен, перлит - феррит пен цементиттің эвтектоидтық қоспасынан тұрады.

GS сызығы қорытпаның полиморфты өзгеруінің басталуын, GP сызығы полиморфты өзгеруінің аяқталуын көрсетеді. Демек, қорытпаны суыту кезінде аустениттің ферритке өзгеруінің басталуы GS сызығының бойымен, аяқталуы GP сызығының бойымен өтеді.

ES сызығы аустениттен екінші текті цементиттің бөлініп шығуын, PQ сызығы ферриттен үшінші текті цементиттің бөлініп шығуын көрсетеді.

Берілген мәліметті толық түсінуді көздеп мысалға құрамында 1,3% көміртегі бар қорытпаны суыту кездегі өзгерулерді қарастыралық.



5.2- сурет. Темір-цементит диаграммасының сол жақ бөлігі
Құрамында 1,3% көміртегі бар қорытпаны (5.2- сурет) суытуда оның кристалдануы сұйық фазадан 1 нүктесіне сәйкес жерде аустениттің бөлініп шығуынан басталады. Аустениттің кристалдануы 1 нүктесінде басталып 2 нүктесінде аяқталады. Бұл кезде сұйық фазаның құрамы АС ликвидус сызығының бойымен өзгереді, ал аустениттің құрамы АЕ солидус сызығының бойымен өзгереді. 3 нүктесіне дейін қорытпада ешқандай фазалық өзгеріс жүрмейді: қорытпа тек салқындайды. 3 нүктесінен 4 нүктесі арасындағы температурада аустениттің құрамындағы аса қаныққан көміртегі одан цементит (екінші текті) түрінде бөлініп шығады. 4 нүктесінде РSК сызығының бойында 7270С температурада аустенит ыдырап, перлитке өзгереді (эвтектоидтық өзгеру). 4 нүктесінен төмен қарай бөлме температурасына дейін қорытпа перлитті + цементитті құрылым түзіп кристалданады.

ЕСF және PSK сызықтарының арасында қорытпаның құрылымы А + Ц11 + Л (А+Ц111) болып құралады. Температура 7270С-қа жеткенде аустениттің перлитке өзгеруіне байланысты одан төмен температурадағы құрылым П + Ц11 + Л (П+Ц111) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет