Материалтану


Металдардың және қорытпалардың механикалық қасиеттері



бет7/7
Дата15.09.2017
өлшемі3,32 Mb.
#32702
1   2   3   4   5   6   7
4.6 Металдардың және қорытпалардың механикалық қасиеттері
Сырттан түскен механикалық күштерге металл материалдарының қарсылық көрсетер қабілеті оның механикалық қасиетіне жатады. Механикалық қасиет металдың химиялық құрамына, құрылымына, технологиялық өңдеу тәсілдеріне және басқа факторларға байланысты қалыптасады. Механикалық қасиеттер металдың немесе қорытпаның деформацияға қарсылығы (беріктік, қаттылық) және қирауға қарсылығы (созылмалығы, соққы тұтқырлығы) арқылы сипатталады.

Металға түскен жүктемелердің әсерінен олардың ішкі құрылысында созылу, майысу, сығылу, бұралу, опырылу деформациялары пайда болады. Түскен жүктемелердің әсерінен металл қирауы мүмкін, осындай қирауларды және қалдық деформацияларды болдырмау үшін металдың механикалық қасиетін білу керек. Металға түсетін күштер статикалық, динамикалық және циклді (айнымалы) болып ажыратылады. Сонымен қатар материалдар әртүрлі температурада, агрессиялы орталарда деформацияларға және қирауға ұшырайды.

Үлгіге түсетін күштің біртіндеп баяу берілуі статикалық сынаққа жатады. Статикалық сынақтармен металдың беріктігі, қаттылығы, созымталдығы анықталады. Динамикалық күш металға кенеттен және соққы ретінде түседі. Динамикалық сынақпен металдың соққы тұтқырлығы анықталады. Циклдік немесе айнымалы сынақ кезінде металға берілетін күштің мөлшері немесе бағыты өзгеріліп отырады, кейбір кезде бағыты мен мөлшері қоса өзгеруі мүмкін. Циклді сынақ арқылы металдың төзімділігі, шалдығуы анықталады.

Металдың негізгі механикалық қасиеттеріне беріктігі, қаттылығы, серіппелігі, созымталдығы, соққы тұтқырлығы жатады. Беріктік деп сырттан түскен күштің әсерінен металдың қирауына немесе қалдық деформацияның туындауына қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Мұнда металдың меншікті беріктігінің маңызы зор. Меншікті беріктікті беріктік шегінің металдың тығыздығына қатынасы арқылы табады, σв / γ. Мұнда, σв – беріктік шегі; γ – меншікті салмағы. Қаттылық деп металдың өзінен қаттылығы жоғары дененің әсерінен туындаған беттік деформацияға қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Серпімділік деп деформацияланған металдың түскен күшті тоқтатқанда бастапқы қалпына оралу қабілеті аталады. Созымталдық деп түскен күштің әсерінен металдың басқы пішіні мен өлшемдерінің өзгеру қабілеті аталады. Соққы тұтқырлығы деп соққы күштерінің әсерінен металдың қирауына қарсылық көрсетер қабілеті аталады. Аталған түрлерінен басқа механикалық қасиетке төзімділік, шалдығу, жылжыпсырғымалылық және басқаларды жатқызуға болады. Механикалық қасиеттерінің сипаттамалары арнаулы сынақтар арқылы анықталады.



Физикалық қасиеті материалдардың жылу, электрмагнитті, гравитациялық және радиациалық өрістерге әсерімен анықталады. Физикалық қасиеттеріне металдың тығыздығы, жылусыйымдылығы, балқу температурасы, термиялық ұлғаюы, магниттік сипаттамалары, жылуөткізгіштігі, электрөткізгіштігі жатады.

Химиялық қасиеті материалдардың басқа бір заттармен химиялық әрекеттесуі, тотығуға, газдар мен химиялық активті заттардың енуіне қарсылығы арқылы анықталады.

Технологиялық қасиеті металдар мен қорытпалардың салқындай және ыстықтай деформациялану қабілетімен анықталынады. Металдың құйылуға, кесіп өңделуге, термиялық өңделуге, әсіресе пісіріп өңделуге бейімділігі аталған қасиеттердің жинағымен анықталады.

Пайдалану қасиеттеріне (қызмет атқару) металдың қызуға беріктігі, қызуға төзімділігі, қажуға төзімділігі, радиацияға беріктігі, коррозияға және химиялық әсерлерге беріктігі жатады. Қызуғатөзімділік металл материалдарының жоғары температурадағы газды ортада тотығуға қарсылық көрсетер қабілеті. Қызуғаберіктік металл материалдарының жоғары температурада механикалық қасиеттерін сақтау қабілеті. Қажуғатөзімділік үйкелістің әсерінен металдың беткі қабатының қирауына қарсылық көрсетер қабілеті. Радиацияға төзімділік материалдың ядролық сәулеленуге қарсылық көрсету қабілеті.

Сонымен қатар материалды таңдауда олардың сатылу бағаларыда ескерілу керек. Тетіктерді, бұйымдарды құрылымдау (жобалау) кезінде ең алдымен материалдардың механикалық қасиеттері шешуші роль атқарады.


4.7 Механикалық сынау тәсілдері
4.7.1 Металдың беріктігін, созымталдығын сынау

Статикалық созып сынау арқылы беріктік, созылмалық сипаттамалары анықталады. Созып сынау үшін стандартты жұмыр немесе таспалы үлгілер арнаулы созу машинасымен сыналады. Сынау нәтижесі созу диаграммасы арқылы көрсетіледі,

4.5- суреттегі 1- сызық, шартты шамада мөлшерленген кернеудің әсерінен ( = Р/ Fо) үлгінің өзгеруін (деформациялануын) сипаттайды.

Созылу диаграммасы үш бөліктен тұрады; ОА – серпімді деформация, АВ- тепе-теңдіктегі пластикалық деформация және ВС- мойындық жинақ деформациясы. Жүктеме берілген материалдың серіппелі деформациясы неғұрлым кішкене болса, соғұрлым оның қатаңдығы төмен. Металдың қатаңдығы серпімділік модуль (Е) арқылы анықталады, Е=/ ; мұнда, - кернеу;  - салыстырмалы созылу.



Серпімділік модульдің физикалық мәні материалдың серпімді деформацияға көрсетер қарсылығының сипаттамасы, демек атомдардың тепе-теңдік қалпынан ауытқуы.


ОВ- серпімді деформация ауданы; ВD- пластикалық деформация ауданы; DK- жарықшаның даму ауданы.
4.5-сурет. Металдың созылу диаграммасы
Серпімділік шегі үлгінің алғашқы ұзындығынан 0,05%- ға жететін қалдық деформация тудыратын кернеу арқылы анықталынады:
σ0,05= Р0,05/ Fo.
Мөлшері 0,2% қалдық деформация тудыратын кернеу шартты аққыштық шегі0,2) деп аталады:

σ0,2 = Р0,2 / Fo.


Созу күшін арттырмай үлгінің деформациялануын тудыратын кернеу физикалық аққыштық шегіт) деп аталады:
σт = Рт / Fо.

σ0,2 және σ0,05 металдың шағын деформацияға көрсеткен қарсылығының сипаттамалары.

Түскен күштің әрі қарай артуы металда елеулі пластикалық деформация тудырады. Үлгінің сынуына әкеліп соғатын ең үлкен күштен туындаған кернеу деформацияға көрсетер уақытша қарсылығы немесе беріктік шегі (в) деп аталады.

в = Рmax / Fо.

Созылу диаграммасы (4.5-сурет) бойынша металдың созылу қабілетін сипаттауға болады. Металдың созылмалығы (пластикалық қасиеті) салыстырмалы созылу () және салыстырмалы сығылу (ψ) арқылы анықталады:


 = (k - o) 100 / o;
ψ = (Fо - Fк) 100 / Fо ,
мұндағы о және к - үлгінің ұзындығы, ал Fо және Fк – үлгінің сынуға дейінгі және сынудан кейінгі көлденең қимасы, мм2.

Жоғары сапалы конструкциялық материалдар әрі берік, әрі сенімді және мәңгілік болу керек.

Материалдың беріктігі деформацияға қарсылық көрсетуі бойынша анықталса, сенімділігі, мәңгілігі қирауға қарсылық көрсетер қабілеті арқылы анықталады.
3.7.2 Металдың қаттылығы

Материалдың беткі қабатына әсер еткен пластикалық деформацияға қарсылық көрсету қабілеті қаттылық деп аталады. Қаттылықты сынау тәсілдері көп. Оқу зетрханаларында жиі қолданылатындары Бринелль(ТШ аспабы) және Роквелл (ТК аспабы))тәсілдері. Қаттылықты өлшеу металға арнаулы ұштықтарды есепті күштермен батыруға негізделген.

Бринелль тәсілімен қаттылықты өлшеу ұштықтан түскен ойықтың диаметрін табу арқылы жүргізіледі. Бринелль тәсілін қолдануда сынақтағы болаттың қаттылығы 4500 НВ (МПа) аспауы керек, ал түсті металдардікі 2000 НВ (МПа) шектеледі. Бринелль тәсілі бойынша өлшенген қаттылықтың жазу белгісі - НВ,МПа (HB3500МПа); Мұндағы Н- қаттылықтың символы, В - Бринель тәсілі. Шариктен түскен іздің диаметрі қанша кішкене болса, қаттылық сонша жоғары болады.

Роквелл тәсілімен қаттылықты өлшеуде ұштықтың үлгіге ену тереңдігі анықталады. Өлшем бірлігі аспаптың шкаласының әрбір бөлігінің 0,002мм тереңдікті көрсетуіне сәйкес алынады. Роквелл тәсілімен анықталатын қаттылық HRA, HRB, HRC (HRC58; HRB65) әріптерімен белгіленеді. Олардың бәрі үлгінің бетіне түсірілетін ұштықтың шартты тереңдігіне кері, өлшемсіз шамалар. А, В, С – шкалалар. Ұштықтың ену тереңдігі азайған сайын, сынақтағы материалдың қаттылығы жоғары.

Беріктік шегімен қаттылық саны арасында келесідей байланыс бар: болат үшін в = 0,34 НВ, мыс қорытпалары үшін в = 0,45 НВ, алюминий қорытпалары үшін в = 0,35 НВ.

Құрылым бөлікшелерінің, жұқа жабындардың микроқаттылығын өлшеу үшін арнаулы ПМТ аспабы қолданылады. Өлшенетін үлгіге 0,05-5Н күшімен алмаз пирамидасы батырылады. Нәтижесі Н = 0,189 F/d2 формуласымен анықталады.

Жаңа заманға сай электронды, тасымалды қаттылықты өлшеу аспаптарының жұмыс атқару принциптері жоғарыда келтірілгендей сынақтағы металл бетіне арнаулы түсірген кұшке көрсетер қарсылығына негізделген.
3.7.3 Соққы тұтқырлығы

Тұтқырлық – материалдың пластикалық деформациялану кезінде энергияны кері қайтармайтындай сіңіріп алатын қасиеті. Тұтқырлық тікелей өлшенбейді, оның жанама көрсеткішіне соққы тұтқырлығы жатады. Соққы тұтқырлығы маятникті тоқпақпен тілікше кертілген үлгіні сындыруға жұмсалатын жұмысты бағалайтын механикалық сипаттама.

Мұндай әдіс маятникті тоқпақпен ортасы кертілген (тілікше) арнаулы мөлшерлі үлгіні соғып сындыру арқылы жүргізіледі.

Бұл сипаттама шапшаң жылдамдықпен түсетін динамикалық (соққылық) күштердің белгіленген факторларының (шоғырланған кернеу, деформация жылдамдығының үдеуі, температураның төмендеуі және т.б.) әсерінен металдар мен қорытпалардың тұтқырлықтан морт күйге ауысуында үлкен орын алады.

Конструкциялық машина жасайтын, көміртекті және легірленген болаттардың басым көпшілігі соққы тұтқырлығымен бақыланады. Соққы тұтқырлығы құрал-саймандық болаттар үшін, әсіресе салқындай және ыстықтай деформацияланатын штампты болаттар үшін маңызды сипаттама. Соққы тұтқырлығының жазу белгісі КС (Дж/см2). КС = К / S0.

Мұнда К- соққы беретін жұмыс, S0 - үлгідегі тілікшенің тұсындағы көлденең қимасының бастапқы ауданы.


3.7.4 Металдың мәңгілігі

Металдың мәңгілігі оның қажуын, жылжып сырғымалығын, ұзақ уақытқа беріктігін, тозуын, коррозиялануын анықтаумен және басқа да сипаттамалармен анықталады.

Металға түскен айнымалы кернеудің әсерінен жарықтың туындап, дамуына себепкер зақымдар жиынтығы қажу деп аталады, ал қажуға қарсылық көрсетер металдың қабілеті- төзімділік деп аталады. Төзімділік сипаттамасы қирау алдындағы үлгіге түсіретін циклдер (қайтара күш түсіру) саны арқылы қажудың мәңгілігін анықтайды.

Қажуға сынау металға циклді (айнымалы) жүктемелердің әсерін анықтау арқылы жүргізіледі. Сынау нәтижесін төмендегі 4.6-суретінен көруге болады.

Қажып қирау үш кезеңнен тұрады: 1) қирау ошағы - қираудың басталған көзі; 2 ) жарықтың бірқалыпты дамуы; 3) жіңішкерген қиманың шапшаң үзілу аумағы. Қирау ошағы, әдетте, беткі қабатқа жақын орналасады.

Қажу сипаттамаларын жұмыр үлгіні айналдырып ию арқылы сынаумен анықтайды. Металдың бетіне түскен күш үстем болып келетіндіктен, онда микродеформация туындайды да, тойтарылған аумақтағы беттің астында жарық пайда болады (3.6,б - суреті). Жарықтың дамуына жарамдысы (магистральды жарық) тік қырлы болуы және ұзаққа созылып орналасуы керек. Жарық баяу дамиды. Жарықтың өсуі металдың қимасының жіңішкергеніне дейін жалғасады да, соңынан қирауға әкеліп соғады.



а) б)
1- қирау ошағы; 2 - бірқалыпты жарықтың даму аумағы; 3 – қирауға ұшыраған аумақ; 4- қажу жолдары; 5 – жарықтың басталу кезеңі; 6- магис-тральді жарық.


4.6– сурет. Қажу омырағы (а) және қажу жарығының даму схемасы (б)

әдебиеттер


Негізгі:
1. Смағұлов Д.Ұ. Металлография. – Алматы, ҚазҰТУ баспасы, 2007г.

2. Түленденова Н.Қ.-Материалтану. – Өскемен ШҚМТУ баспасы, 2005ж.


Қосымша:
3.Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – Москва, «Машиностроение», 1990г

4. Гуляев А.П. – Металловедение – М. «Металлургия», 1986г

5.Справочник металлиста под редакцией А.Г.Рахштадта – М.Машиностроение – т.2,т3.

6.Түленденова Н.Қ –Материалтанудан қысқаша терминологиялық

түсініктеме -сөздік, 1993ж.

7. Түленденова Н.Қ. - Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік

нұсқау, 2013 ж

8. Казахско-русский - русско-казахский терминологический словарь.

Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во Рауан.

-Алматы, 2000.

9. Металловедение и термическая обработка стали и чугуна. Справочник под редакцией А.Г. Рахштадта – М.: «Интермет Инжиниринг», т.3, 2007.- 919с

10. Самохоцкий А.И.,Кунявский М.Н. Лабораторные работы по

материаловедению и термической обработке металлов, –М. Машиностроение, 1981г.

11. Фридман Я.Б. Механические свойства металлов. - Оборонгиз, 1980

12. Орысша - қазақша сөздік. -1,2 т. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев. – Алматы, 1978, 1 т. -575 б., 2 т. – 588 б.

13. . Шадричев Е.В., Сивенков А.В., Горшкова Т.П. Материаловедение и технология конструкционных материалов, изд-во СЗТУ, 2008.



14. Брандон Д., Каплан У., Мир материалов и технологий. Микростуктура

материалов.Методы исследования и контроля, - М: Техносфера, 2006, 375с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет