1. Токпен рамканың магниттік моменті. Электростатикалық өрісті зерттегенде сыншы нүктелік зарядты қолданған, ал магнит өрісін зерттегенде тоғы бар жазық контурды қолданады. Контурдың кеңістікте орналасуы контурға бағытталған нормальмен анықталады.
Шеңбердің(контурдың) магнит моменті
Pm=Isn
Магнит моментінің векторы шеңбердің оң нормалінің бағытымен сәйкес келеді.
2. Магниттік индукция векторын анықтау. B=Mmax/Pm
M=PmBsin a=ISB sina
M=Pm*B
Магниттік индукция- магнит өрісінің күштік сипаттамасы.
Магнит индукция дегеніміз сан мәні жағынан кеңістіктің берілген нүктесінде магнит өрісінің тарапынан тоғы бар рамкага 1А және ауданы 1ге тең болғандағы максимал күш моментінің әсер етуімен анықталған векторлық физикалық шама.
3.Био - Савар – Лаплас Заңы. Бұл теңдеуге кіретін шамалар нені білдіреді? Био-Савар-Лаплас заңы - тұрақты электр тогынан пайда бола алатын кез-келген пішіндегі тогы бар өткізгіштің магнит өрісі анықтауға арналған физикалық заң.
Суреттегі А нүктесіндегі токтың элементі тудыратын магнит өрісінің индукциясы Био – Савар – Лаплас заңымен анықталады. Био – Савар – Лаплас заңын векторлық немесе скаляр түрлерде жазып көрсетуге болады:
1)векторлық түрде жазылған Био – Савар – Лаплас заңы 2 скалярлық түрде жазылған Био – Савар – Лаплас заңы.
4. Магнит өрістерінің суперпозиция принципі. Токтың тудыратын толық магнит өрісінің индукциясы магнит өрісінің суперпозиция приципімен анықталады..
Суперпозиция принципі:
Магнит индукциясының қорытынды өрісі берілген нүктеде барлық магнит индукция векторлардың геометриялық қосындысына тең:
5 )Тікелей ток өрісінің магниттік индукциясы.
Тікелей токтың магнит өрісі-жіңішке түзу шексіз сым арқылы өтетін ток арқылы жасалады
Магниттік индукция-магнит өрісінің күштік сипаттамасы болып табылатын векторлық физикалық шама, атап айтқанда оның қозғалатын зарядталған бөлшектерге және дененің магниттік моментіне әсер ету сипаттамасы.