Matlab жүйесі-деректер массивтерімен жұмыс істеуге бағытталған инженерлік және ғылыми есептеулерді
орындауға арналған интерактивті жүйе болып табылады.Matlab-ты қолдану дегеніміз:
математикалық есептеулер;
алгоритмдерді құру;
үлгілеу;
деректерді талдау,зерттеу,көрсету;
ғылыми және инженерлік графика;
графикалық интерфейспен қоса қосымшаларды құру.
Қарапайым есептеулер
яғни,командалық жолда 3+5-ті теріп және -ді басу.
Нәтижесі:
>>3+5 ans = 8 Құрамдас функциялардың мысалдары келтірілген:
sin,cos,tan,cot – синус, косинус, тангенс және котангенс ;
sec,csc – секанс, косеканс;
asin, acos, atan, acot– арксинус, арккосинус, арктангенс және арккотангенс ;
asec, acsc– арсеканс, арккосеканс.
Кешенді сандармен жұмыс істеуге қажетті функциялар
abs, angle – модуль r және фаза -ға дейінгі радиандарда)
complex – кешенді санды оның нақты және жорамал бөліктері арқылы құрастырады.
conj – кешенді-сәйкес санды қайтарады;
imag, real – кешенді санның нақты және жорамал бөліктерін қайтарады.
Тағы функциялар:
fix – нөлге қарай ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу;
floor, ceil - -∞ немесе + ∞-ке қарай ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу;
round - ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеу;
mod – бүтін сандық бөлуден қалған қалдық ( таңбасымен қоса);
rem – бүтін сандық бөлуден қалған қалдық;
sign – сан таңбасын қайтарады.
prod(z) – z векторының элементтерін көбейту
length(z) – z векторының ұзындығын анықтау
sum(z) – z векторының элементтерінің қосындысын анықтау
sort(z) – векторды z бойынша өсетіндей реттеу
min(z) – z векторының элементтерінің ішінен минимумды табу
max(z) – z векторының элементтерінің ішінен максимумды табу.