Маусым
Серуен №1
Жаздың белгісін байқау
Мақсаты: балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа-райының өзгешелігі т.б.).
Бақылау барысы
Көркем сөз: «Жаз» С. Оспанов
Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап.
Қой қаптады қойнауда,
Қозы, лақтар жамырап.
Жаз жайдары, алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Шомылуға барамыз.
Балаларға сұрақтар
Көктем мен жаздың қандай айырмашылықтары бар?
Жазда ауа-райы қандай болады?
Біз жазды не үшін жақсы көреміз?
Айналаны қарағанда қандай көрністерді көреміз?
Зерттеу жұмысы
Балалармен көктемгі ағаштар бейнесі салынған суреттермен, қазіргі ағаш бейнесін салыстыру.
Еңбек Гүл отырғызатын гүлзардағы еңбек (жерді тазалау, қопсыту).
Мақсаты: Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Өз орныңды тап»
Максаты: денесін тепе – тең ұстап, бір аяқпен бірнеше рет секіруге үйрету. Ойын тәртібін бұзбау.
Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу
Мақсаты: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу.
Халық болжамы:
1.Торғайлар топ - тобымен ұшып жүрсе - ауа райы құрғақ, күн жылы болады.
2.Ыстық жел тұрса - жаңбыр жауады.
Маусым
Серуен №2
Табиғатты бақылау
Мақсаты: қоршаған ортаны, табиғатты, ауа – райын бақылау. Табиғатқа, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |