Бақылау барысы
Көркем сөз «Жаз» Ә. Ахметов
Нұр тұнып, құлпырып,
Айнала жайнады.
Тұр күнге ұмтылып,
Алма ағаш бақтағы.
Өзен жай ағады,
Жағасы балауса.
Көбелек қағады,
Қанатын жалауша.
Балаларға сұрақтар
Бүгінгі ауа-райы қандай?
Жазда жан-жануарлар қалай тіршілік етеді?
Майда жәндіктер қалай тіршілік етеді?
Жәндіктердің қандай пайдасы бар?
Жазғы ағаш бейнесі туралы не айтуға болады?
Жаз несімен қызықты?
Зерттеу жұмысы. Балалардың назарын жәндіктерге аудару.олардың тіршілік әрекеттерін бақылау.
Еңбек Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: топырақты қалай қопсыту керек екенін көрсету, маңызын түсіндіру.
Қимылды ойын: «Бәйге».
Мақсаты: Тез жүгіруге жаттықтыру,жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойындары: Қимылдарын дамыту
Мақсаты: екі аяқпен бірдей бір орында секіре білуге, тұрған жерінде секіруге жаттықтыру.
Халық болжамы:
құмырсқа илеуіне тығылса (ұясына) күн күркірейді;
егер күн ұясынан шығарда ауа райы қапырықтау болса - кешке жакын жаңбыр жауады.
Маусым
Серуен №3
Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: балабақша ауласындағы жәндіктерді бақылау жұмыстарын жалғастыру. Олардың жазғы тіршілігі туралы білімдерін молайту.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар:
Жәндіктерге нелер жатады?
Жәндіктер қандай табиғатқа жатады?
Қандай жәндіктер пайдалы жәндіктерге жатады? Неге?
Зиянды жәндіктер деп нелерді айтамыз? Неге?
Балабақша ауласынан жәндіктерді кездестіруге бола ма?
Жәндіктер дүниесі алуан түрлі. Олардың біз білмейтін, біз көрмеген түрлері де көп-ақ. Олардың өз ерекшеліктері, өз тіршіліктері бар. Жәндіктер көктемнің аяғына қарай, жер әбден қызған кезде пайда болады. Олар қайдан шығады? Олар жаз бойы азықтарын жинап, қысқа дайындалады да, күз түсіп күн суыта бастаған кезде жер астындағы індеріне кіріп жатады. Кейбір жәндіктер өз індерін ағаш қуыстарына, қалың шөп астына да салады.
Достарыңызбен бөлісу: |