2. Байқаудың шарттары
2.1. Байқау қазақ тілінде өтеді.
2.2. Байқауға қаламыздағы орта мектеп (9-11 класс), арнаулы, жоғары оқу орындарының студенттері арасынан талапкерлер қатыса алады.
3. Байқауға қатысушыға қойылатын талаптар
Қазақ ақыны М.Шахановтың шығармашылығынан өлең оқу. Орындау уақыты 5 минуттан аспауы тиіс.
Ақынға арнау.
Мазмұны ақынның лирикасындағы дәстүр мен жаңашылдық, поэзияда алатын орны, туған жерінің шежірелі тарихы, тілге деген құрметі туралы болуы қажет.
Талапкерлер сарапқа ұсынуға таңдап алған мәтіндерді жатқа білулері шарт.
Байқауға қатысатын қатысушылардың Арнау өлеңдері алдын-ала 28 сәуірге дейін қабылданады. Ескерте кететін жайт, ақынға арналған арнау өлеңдер қазылар алқасының шешімімен іріктеледі. Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар негізгі байқауға қатысады. Негізгі байқаудың уақыты қосымша хабарланады.
Қатысушылар байқауға 2 түрлі жас ерекшелігі бойынша қатыса алады:
1) мектеп оқушылары (9-11 кл.);
2) колледж, ЖОО студенттері.
Байқауға қатысуға өтінімдер №1 қосымшаға сәйкес толтырылады.
Қосымша №1
-
Достарыңызбен бөлісу: |