Мазм ұ н ы Кіріспе



бет11/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Оқыту үшін бағалау
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау фомативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүО) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымда ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құрылған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас (ОүО) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне болашағына ықпал етуі, мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқыту үшін үшін бағалаудың маңыздылығы-бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады. Жиынтық (жиынтықтайтын бағалау)-оқушылардың білім берудегі белгілі бір кезеңде (оқу бірлігінің,жартыжылдықтың және жылдың соңында) алған жетістіктерін бағалау. Жиынтық бағалау-мазмұн стандарттарын меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстырылым, тест және жетістіктерін көрсету Формативтік (қалыптастырушы) бағалау-оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап отыруға,мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады. Формативтік бағалаудың мынадай тәсілдері бар: -бақылау; -оқушылардың ауызша жауаптары; -оқушылардың жазбаша жұмыстыры; -тестілік тапсырмалар. Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады: холистік бағалау сызбасы-оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқы мерзімде және жалпы түрде бағалау. Аналитикалық бағалау-оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
ОүБ кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет