Мазм ұ н ы Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі - б



бет2/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Зерттеудің өзектілігі - бүгінгі күні білім әлеуметтік және экономикалық прогреске жеткізетін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылуы керек. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Білім беру жүйесінің үнемі өзгеріп, дамуы және әлеуметтік-экономикалық прогрестің тығыз байланысы қазіргі қоғамның негізгі даму заңдылықтарының біріне айналып отыр. Қоғамдағы демократия процесімен байланысты әлеуметтік өзгерістер, ғылыми техникалық прогрестің дамуы, компьютерлендірудің кеңеюі, бүкіл әлемдік интернет көздерімен байланыс білім беру жүйесі алдына жаңа талаптар қояды. Ол өз кезегінде әр маманға қойлатын талаптар жүйесін өзгертеді, демек тұтастай алғанда жоғары білім беру жүйесіне де әсерін тигізеді.Елбасы білімділік деңгейін көтеруді ұлттың бәсекелестік қабілетін көтеруші фактор ретінде, бірінші орындағы мәселе ретінде көтеріп отыр. Бүгінгі күні білім беру процесіне қатысушылардың барлығының алдында білім сапасын көтеру, оны өмірлік талаптарға сәйкестендіріп, бейімдеу келелі мәселенің бірі болып табылады.
Қазіргі білім – азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі. Кез келген кәсіптегі маманды қалыптастыруда мамандыққа сай білім алу қаншалықты өткір мәселе болса, сонымен қатар “жеке маман тұлғаны” өзіндік дамытуда оны шығармашылықпен терең іргетасын дайындау соншалықты алғышарт. Білім жүйесінің мазмұны өмірдің түрлі жағдайларында әрекет ете алатын «тұлғаны» дайындау. Осы мақсатта оқу жоспарын оқушыларға азаматтық білім беруге бағыттау керек. Бірінші кезекте әлемдегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білім жүйесін ұлттық модульде құру және ол үшін өркениетті елдерде берілетін біліммен ортақ көзқарастарын табуға ұмтылу қажет.
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар.
Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.
Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар: Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор. Ал психологтар Дж. Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасалынды. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. (“одаренные дети: психолого-педагогические исследования и практика”).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай зияткерлік дамуы, тұлғаның ерекше қабілеті, оның дарындылығын дамыту секілді өзекті мәселелер енгізілгшені белгілі. Өйткені заманның қай кезеңінде болмасын, дарындылық мәселесі өзектілігін жоймайды және адамзат баласының дамуының барлық сатысында көкейкесті мәселе болып қала беретіндігі мәлім.
Педагогика, психология ғылымында бұл мәселені зерттеуге көптеген шет ел ғалымдары: (Г.Мелхорон, Дж.Гильфорд, Т.Мейснер), сонымен қатар отандық ғалымдар (Р.С.Омарова, Б.У.Жексенбаева, Л.М.Нарықбаева т.б.) өз үлестерін қосты.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды.
Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен оны оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда қолдану мүмкіндігіне серпін бергені анық. Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.
Р.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкиналардың «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» әдістемелік нұсқаулығын зерделей келе, формативті бағалаудың оқушыларды оқытудағы тұлғаға бағытталған білім берудің құрамдас бөлігі екендігін, бағалау үздіксіз жүзеге асырылады, соның ішінде сапалы нәтижеге деген қозғалыс үдерісі бағаланатынын ұғындым.
Оқыту үшін бағалауды жақсарту туралы зерттеулер не дейді?
Бұл саладағы басты құжат ретінде Бағалауды Реформалау Тобының тапсырысы бойынша Пол Блэк пен Дилан Уиллиам (1998а, 1998б) жүргізген зерттеудің сараптамасын атауға болады. Зерттеулер сараптамасы бүкіл дүниежүзінде 1987-1997 жылдар аралығында көптеген білім беру секторларында жүргізілді. Төменде келтірілген қысқаша тұжырым осы жұмысқа сүйене отырып, 1998 жылдан бастап жүргізілген ғылыми жұмыстардан алынған бірегей ақпаратты қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет