Мазм ұ н ы Кіріспе


ІІ.Тарау. Талантты және дарынды оқушыларды критериалды бағалаудың жолдары



бет6/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
мустапаева

ІІ.Тарау. Талантты және дарынды оқушыларды критериалды бағалаудың жолдары
2.1. Оқушыларды оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудағы тиімді стратегиялар

Оқушылардың оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық моделдеріне қысқаша талдау


Әлемнің 8 еліндегі: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Австралияда қолданылатын мектептік бағалау моделінің талдауы олардың арасындағы айырмашылықты, жалпы түсінікті анықтауға және іс-жүзіне асыру жолдарын табуға мүмкіндік берді. Әр мемлекетте қабылданған мектептік бағалаудың анықтамасы сол елдің білім саясатына және бағалауды қалай қолдануына тәуелді: оқытуды дамыту үшін немесе баға қою үшін. Сонымен, қалыптастырушы бағалау АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Сингапурде оқу бағдарламаларын және оқушылардың оқу процесін жақсарту үшін қолданылады. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері АҚШ, Гонгонк, Австарлияда шынайылықты арттыру үшін және бірыңғай критерийлер негізінде бағалаудың әділдігі үшін қолданылады. Бірақ, әр елде мектептік бағалау негізіне жалпыға танылған көзқарастар бар:
Біріншіден, сабақ беру, оқыту және бағалау өзара байланысты және мектептік бағалау оқыту мен оқыту жұмыстарының бөлінбейтін бөлігін құрайды (Бойл және Чарльз 2010).
Екіншіден, мектептік бағалау оқу барысында (сабақ беруде) деректерді жинау және оқушы мен мұғалім арасында оқушының сұранысына сай оқытуды және күтілетін нәтижені ескере отырып сабақ беру барысын түзету үшін кері байланысты орнатады және ол қалыптастырушы бағалау деп аталынады. (Белл және Коуи 2001; Хэритидж 2008, 2011; Шепард 2005; Пофам 2008, Коркоран и др. 2009).
Үшіншіден, мектептік бағалаудың нәтижесінде алынған ақпарат оқушыларға баға қою және барлық мүдделі тараптарға есеп дайындау үшін қолданылады.
Төртіншіден, мектептік бағалау нәтижелері туралы ақпарат оқу бағдарламаларын және жоспарларды жетілдіру үшін пайдаланылады. Бұл ретте, барлық елдерде мектептік критериалды бағалаудың оқушыға оқудың қай кезеңінде жеткенін және оқудағы жетістікке жетуде жеке көмек көрсету керектігін анықтайдындығы дәлелденген.

Кез-келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Біздің ата-аналарымыз білім алған Кеңестік білім беру кезіндегі бағалау жүйесі әлі күнге жалғасуда. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет