Мазм ұ н ы Кіріспе


Диплом жұмысының құрылымы



бет4/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І. Тарау. Талантты және дарынды балаларды оқыту үрдісінде суммативті және формативті бағалаудың ғылыми - педагогикалық негіздері


1.1. Талантты және дарынды балалардың педагогикалық және психологиялық сипаты




Қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана бөлігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге болады. Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа міндет тұр, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін зерттеу, дамыту және осының негізінде баланың болашағын анықтау.


Әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты адам қандай да қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдында, қайталанбас көрінісін жеке адам қабілеті деп атаймыз.
Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәттілігінен не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық - адамда обьективтілікті жан-жақты бейімділік - нақты іс-әрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шүғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім таба алады.
Іс-әрекетпен айналысқанда адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетін, жеке басына сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілеттілігінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.
Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адам аралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мұндай түлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі анағұрлым жоғары.
Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлылық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі 2-3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты, басқа қатарларымен салыстырғанда әлдеқайда ұзақ болады. Дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып, көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.
Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, жетілдіріп дамытуға тікелей тәуелді.
Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу математикаға құмар, екінші -тарихқа және біреулер - қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс-әрекетте кейін дамыта түседі.
«Дарындылық» — бұл «дарын» сөзінен шыққан және ол дамудың аса қолайлы, сыртқы алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда бұған келесі түсінік беріледі: «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Дарынды балаларда әділеттілік сезімі болады. Адамгершіліктің ерте дамуы қабылдау мен таным процестерінің дамуы алға басуымен байланысты.Олар қоршаған ортадағы әділетсіздікке өте сезімтал болады, өздеріне және айналадағыларға үлкен талаптар қояды.Дарынды балалар есептерді шығаруда ойын элементтерін енгізеді, қиялы дамулы болады, шығармашылығы, фантазиясы терең дамыған (ойдан шығарған достары, аға-інілері, апалары).Дарынды балаларда әзіл-сықақ сезімі өте дамулы, күлкілі, сәйкес келмеушіліктерді, сөздерді жасыру т.б.ойындарды ұнатады.
Дарынды балалар эмоционалды баланс жетіспейді, олар балалық шақта шыдамсыз болады.Дарынды балалар энергиясы көп болуымен және олар аз ұйықтауымен ерекшеленеді. Олардың моторлы координациясы мен қолдарын басқару, танымдық қабілеттерінен артта қалады. Оларға практика қажет. Мұндай балалардың интеллектуалды және дене-физикалық дамуының арасындағы ерекшелік оларды толғандырып, өзбеткейлігінің дамуына әсер етуі мүмкін. Дарынды балалардың көру процесі 8 жасқа дейін тұрақсыз, оларға жақын қашықтағы фокусті алыстағыға алмастыру қиынға соғады.
Дарынды бала қарым-қатынас жүйесінде де ерекшеленеді.
Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті - рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. (М.И.Лисина, Л.Н. Галигузова).
Дарынды балалардың мінез-құлықтары мен жеке тұлғасының кейбір ерекшеліктері, оларды құрдастырының түсінбеуіне, олардың өзара қарым-қатынасында дау-жанжал кездесуіне және тіпті басқа балалардың оларды шеттетуіне әкелуі мүмкін. Оған мыналар себеп болады: серіктесін тыңдай алмау, доминанттылыққа ұмтылу, бірге ойнайтын ойындарда өзіне ұйымдастырушы ролін алу, өз білімін көрсетуге ұмтылу, ересектердің зейінін өзіне аудартуға әрекет ету, табысы өзінен төмендеу балаларға қатысты шыдамсыздық таныту, комформсыздық, басқаларды дұрыстау әдетінің болуы Л.Хоменгуерт дарынды балаларды шеттетудің тағы бір мүмкін болатын себебін көрсетеді: «ойы жоғары болуына орай, дарынды балаларға өз құрбыларының ойындары қызықсыз болуы мүмкін».
Өз құрбыларымен өзара әрекетінде қиындықтар кездескендіктен немесе олардың себептерін түсінбеуінен, балалар ересектермен және үлкен балалармен достасуға ұмтылады. Бірақ үлкен балалармен қарым-қатынасы кезінде, оларда қияндың тууы мүмкін. Себебі, үлкен балалардың дене-физикалық дамуы озық болады, сондықтан дарынды балаларға мұндай қоғамда лидер болу қиынға түседі. Қозғалу дағдыларының дамуы алға басқан үлкен балалар сияқты бір нәрсені жасай алмағандықтан, дарынды бала өздерінің адекватты еместігі мен өзіндік бағалаудың төмен болып қалыптасуына әкелуі мүмкін. Өйткені, олар өздерінің жетістіктеріне өте сыншыл болып келеді. Адамдармен қарым-қатынасында өзінің мүмкіндіктері туралы пікірлері кесірін тигізеді. Сондықтан дарынды баланың өз әрекетін іске асыруда «Мен» концепциясы маңызды болып табылады.
Дарынды баланың интеллектуалдық қажеттілігі эмоционалды күйдің күрделілігіне, неврозға және тіпті психозға әкелуі мүмкін. Ал невроздар өз кезінде депрессияға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бала өзін айнадаланы танып білуге неге ұмтылатынын түсіне алмайды. Ол шындық пен ойдан шығарудың арасындағы шкаланы бұзатын өзінің қиялындағы әлемге кетуі мүмкін.
Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.Дарынды балалар үшін танымдық процестерінің озыңқы дамуы тән болады.

  1. Қабылдауларының кеңдігімен ерекшелене отырып, олар айнала әлемдегі болып жатқанды тік әрі тез қабылдайды, сол немесе өзге заттың қалай құралғандығына орай аса сұқтанып көп нәрсені құмартып білгіш болады. Олар бір мезгілде бірнеше процесті бақылауға қабілетті және барлық өзгерісті белсенді түрде зерттеуге бейім.

  2. Олар заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті әрі соның негізінде қорытындылар жасай алады; оларға өз қиялдарында балама жүйелеер құрау ұнайды.

  3. Дарынды балалардың ерекше есі тілдік дамумен ерекше жетіле отырып, ақпараттың едәуір үлкен бөлігін жинақтауға бейім. Әрі оны қарқынды қолдана біледі.

  4. Дарынды балалардың сөздік қоры бай, әрі олар оны еркін әрі нақты баяндай біледі. Дегенмен, жеке қанағаттануы үшін олар жиі жағдайда өздерінің жеке сөздерін ойлап табады.

  5. Бұл балалардың зейіндерінің шоғырлануы ұзаққа созылады және міндетті шешуде үлкен табандылық танытады.

Дарынды балалардың психоәлеуметтік сезімталдығы.





  1. Дарынды балалар әділ шешімге жақын болады; адамгершілік дамуы озыңқы дамиды.

  2. Бұл балалар өзіне, айналадағыларға жоғары талаптар қояды.

  3. Дарынды балаларға шығармашылық, ойлап тапқыштық, бай қиял мен фантазия тән.

  4. Бұл балалар әзіл сезімге өте бай, қалжыңдарды ұнатады.

  5. Дарынды балаларға эмоционалды баланс жетіспейді, себебі ерте жас кезеңінде олар өте-мөте шыдамсыз әрі шайпау болады.

  6. Кейде оларға аса қорқыныш және жоғары сезімталдық тән.

  7. Бұл кезеңде эгоцентризм де байқалады.

  8. Кей жағдайларда дарынды балаларда жағымсыз өзін-өзі қабылдау, құрбылармен қарым-қатынаста қиындықтар пайда болып тұрады.

Дарынды балалардың тағы да кейбір сипаттамалары.

  1. Дарынды балаларды жоғары энергетикалық деңгей ажыратады, әрі олар әдеттегідей аз уақыт ұйықтайды.

  2. Олардың қол бұлшық еттерінің координациясы және қолдарын меңгеруі жиі жағдайда танымдық қабілеттерінен артта, яғни кеш дамиды.

Психологтар зерттеулерінің көмегімен дарындылықтың табиғаты байытылып, анықталуда. Баланың ақыл-ой дарындылығының “құрастырушыларды” анықтай отырып, В.С. Юркевич және Н.С. Лейтес, бұл - феноменді “құрастыратын” динамиканы бақылаған. Олар дарынды балалар үшін ақыл-ой ізденісіне қажеттілік туылады, - дейді. Ақыл-ой қажтетілігіне ізденіс ғылыми әдебиеттерде мағынасына жақын әр түрлі терминдермен белгіленеді: ақыл-ой белсенділігі, танымдық қажеттілік, зерттеушілік қажеттілік. Әрі қарай авторлар танымдық қажеттіліктің динамикасын құра отырып, қабілеттіліктің дамуымен байланыстырады. Танымдық қажеттіліктің дамуы ой-өрістің кең болуымен, абстрактілі ойлау және тағы басқа психикалық қызметтермен байланысты. Бұл жерде эмоционалдық факторлардың, яғни қанағаттану сезімі, көңіл-күйдің көтеріңкі болуы, интеллектуалды шаттық сезімі маңызды. Ақыл-ой қабілетінен қанағат алумен қабілеттіліктің дамуы байқаусыз, тез және жеңіл өтеді.
“Танымға өте күшті білдірілген ұмтылыс - қабілеттілік дамуының бірінші белгісі. Дарынды балаларда бұл қажеттілік басқалардан басым болады: оқушы бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін достарымен кездесуден, теледидардан, тағы басқадан бас тартуы мүмкін”.

Талант – бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі.


Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер көрсеткендей, дарындылықтың дамуы қандай да болмасын дамудың бір кезеңінде тоқталып қалуы, ал кей жағдайларда тереңдетілетіндігін көрсетеді. Дарынды балаларды тәрбиелеу мәселесінде олардың жаратылыстарына баса назар аудару шарт. Өйткені ұлы Абайдың жетінші қара сөзінде айтылған ойлар адам табиғатының жаратылысы туралы пікірді қуаттай түседі: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген».
Абайдың бұл сөздері канада ғалымы Д.Хебб жүргізген зерттеулер нәтижесін қолдай түскендей болады. Д.Хебб психология ғылымына “генотиптік интеллект” деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым – қатынас орната отырып, “фенотиптік интеллектіні” құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д.Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 – тұқым қуалаушылық, 2 – сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой- өріс (интеллект) – бұл мәдени - әлеуметтік орта мениндивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.
Дж.Рензулли өз зерттеулерінің нәтижесінде туындаған мынадай үлгіні ұсынады:
1 – зияткерлік компонент (зейін, ес, ойлау үдерістерінің деңгейі);
2 – креативтік немесе шығармашылық (қиялдың шығармашылық даму деңгейі, ерекшелігі мен нәтижелігі);
3 – мотивациялық компонент (танымдық және зерттеу белсенділігі).
Психологиялық зерттеулерде дарынды балалрадың бірден көзге түсу ерекшеліктеріне мыналарды жатқызады:

  1. Шектен тыс жоғары белоседілігі.

  2. Физиологиялық қажеттілігі – аз ұйықтауы.

  3. Танып-білуге деген құштарлығы.

  4. Қолына түскен заттарды реттеп, жүйелеуі.

  5. Қайта құрастыру арқылы жаңа нәрсені ойлап табу әрекеттерін ұнатуы.

  6. Ерте сөйлеуі.

  7. Естігенін сөзбе-сөз қайталауы секілді т.б. қасиеттері

Бала дарындылығы былайша сипатталады:
- Қабілеттер (жалпы, арнаулы, шығармашылық)
- Шығармашылық (шығармашылық ойлау, шығармашылық қиял)
- Мотивация (қызығушылық, қажеттілік, мақсаттар)
- Адам әрекетіндегі әлеуметтік мәнді жетістіктер
- Әлеуметтік ниституттар (отбасы, мектеп, қоғам)
Фриманның көрсетуінше, оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын тексеру парағында ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді критерийлерді былайша қарастыруға болады:

  • есте сақтауы және білімі: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

  • өз білімін жетілдіруі: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады.

  • ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

  • мәселені шешуі: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

  • икемділігі: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

  • күрделілікке деген сүйіспеншілігі: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

  • шоғырлануы: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

  • ерте символдық белсенділігі: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.

  1. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

  2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

  3. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру

Жоғарыдағы шарттарды басшылыққа алу Конфуцийдің «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін» деген ұстанымымен өзара ұштасып жатыр.
Дарын иелерін айқындау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, болашағына бағыт беру – тәуелсіз еліміздің көркеюінің кепілі. Өйткені талантты, дарынды оқушылардың мемлекетімізге қосар үлесі де орасан зор болмақ.
Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталға. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалым мен оқушының оқубарысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған. 
ХІХ ғасырдағы қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған. 
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие мен оқытудың шешуші рөлі туралы Мәселені өз шығармаларында Ш. Уәлиханов қарастырды. Оның ойынша, ақыл-ой қабілеті мен деңгейі адам мәдениетінде негізінен тәрбиеге жүктелген. Қазақтардың ақыл-ой қабілеті туралы, ең жоғары пікірде болды, “қырғыз-қазақтар табиғатынан ақылды және таң қаларлықтай әсерленгіш".
Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.
А.Құнанбаев адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. ХХ ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыстығы екендігін ұығынып, халықты білімге шақырған болатын. 
Абай Құнанбаев “адамдарды қоршаған ортадағы объективті шынайылықтың табиғи бөлігі дей отырып, балаға туғаннан білімге ұмтылу дарыны беріледі, бірақ өсе келе, ол біртіндеп бұл дарынды жоғалтады”. Ақынның тұжырымы бойынша, сана мен ақыл-еңбек іс-әрекеті, еңбек процесінде қалыптасады. Осылай, қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткенімен келісе отырып, жеке - тұлғаның қалыптасуында тәрбиенің күші, еңбек іс-әрекеті және қоршаған ортаның әсері бар деген.
Педагогикалық теория негіздерінің дамуына Қазақстанда ХХ ғасыр басында өмір сүрген қоғмадық қайраткерлер, педагогтар (Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және тағы басқалар) маңызды әсер етті. Олардың психологиялық-педагогикалық және әдеби еңбектерінде баланың қызығушылығы мен қабілетінің қалыптасуы, олардың оқудағы мәні туралы пікірлері дамиды.
Ж. Аймауытов өзінің “Психология және мамандықты таңдау” оқулығында эксперименталды зерттеу негізінде жастарға мамандықты дұрыс таңдауға кеңестер береді. Оның айтуынша, кәсіпкерлікте, темперамент, қабілет, мінез және ерік сияқты жеке сапаларды ескеру керек.
Ж. Аймауытов адамда нәрестелік шағынан бастап белгілі бір мамандыққа тұқымқуалаушылық қабілеті болады, - дейді. Ол жастарға қоғамнан табиғатына сәйкес орынды алуға кеңес береді.
Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған. Аталмыш кітабында, жалпы адамның рухани дамуы туралы айта отырып, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін бөліп көрсетеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесін ол интеллектуалды қабілеттердің дамуымен тығыз байланыстырады. Ақыл-ой тәрбиесі, оның пікірінше, мыналарды жүзеге асыру керек: интеллектуалды мәдениет, таным мотивтері, ақыл-ой іс-әрекетінің дағдыларын дамыту керек.
Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласын»- деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын. 
Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдіруде ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С. Ж. Пралиев, Л.К.Керимов, Р.К.Төлеубекова; Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева, С.Ғаббасов сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер: пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде, құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасайды. Олар сабаққа ерекше көңіл күймен келеді. Дарынды оқушы ойын ашық тереңнен жеткізе алса енді біреулері сурет салудан көрінеді.Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісіндегі мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру. Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды. Ал оқушылар ізденуші, зерттеуші ретінде ақпарат мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік пікір айтуға, саналы шешім қабылдауға бағытталады. Мұғалім - бағыт бағдар беруші, оқушы - ізденуші.
Рас, ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Дарынды және талантты балаларды оқытуда мына қағидаларды есте ұстаған дұрыс.
-Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
– Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.
– Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру
Осы қағидаларды ұштастыратын болсақ қана оқушы өзінің дарынды екенін сезінеді. Бойындағы «мені» оянады. Басқалардан артық тапсырма алу оларды шабыттандыра түседі, бірақ әрдайым мұғалім баланы қанаттандыру үшін өзіне сенімін молайту үшін бірге ізденісте болуы шарт. Түрлі жарыстарға қатыстырып, мақтау сөздер айтып ізденуде тоқтап қалмауға баулу керек. Ал мен бұл балалармен жеке жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеген жөн деп таптым. Алға ұмтылған баланы артқа тартпай сабақ үстінде басқа тапсырмалар беріп бала білімін шыңдаған дұрыс. Қосымша ақпаратты жинауды осындай дарынды оқушыларға берсе, олардың да, өзгенің де жиғаны көп болмақ.
«Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»-деп неміс педагогі А.Дистерверг айтып өткендей бүгінгі таң мұғалімдері жақсы мұғалім атану үшін түрлі әдістерді пайдалану арқылы бала білімін ұштауда. Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. Мұғалім әр баланың білім дәрежесі қаншалықты екенін саралап алғаннан кейін, оның алға жылжуына ықпал етуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет