Мазм ұ н ы Кіріспе



бет8/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Дәстүрлі бағалау жүйесі

Педагогикалық өлшеу

Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау

Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейінің сандық көрсеткіштерін алу

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Артықшылықтары

1.Оқушы мен педагогтың өзара әркеттестігіне негізделеді, яғни оқушылардың коммуникавтік қабілеттері дамытылады
2.Тәсілдердің қарапайымдылығы
3.Нәтижелерді алудың шапшандылығы

1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліксіздігі
2.Педагогикалық өлшеу элементтерің кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір—бірімен салыстыруға болмайды
3.Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі
4.Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы
5.Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі



1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліктілігі
2.Оқыту сапасын бағалау квалиметриялық (сандық) тұрғыда негізделеді, яғни оқушының пәндік (пәнаралық) дайындығы сипатындағы өлшенетін айнымалының теңестірілетін сандық эквиваленттер алынады
3.Әсіресе “мектеп – ЖОО (жоғары оқу ортаны)” кезеңінде бақылау – бағалау жүйесіне жаңа негіз қалайды
4.Педагогикалық процесс барысы, әрбір оқушының оқу жетістіктері жөнінде ақпарат алып отыруға болады
5.Оқыту барысына және оның нәтижесіне әсер ететін қандай да болмасын факторлардың ықпалын айқындауға болады
6.Объективтіліктің толық көрініс беруі


Кесте - 3



Дәстүрлі бақылау құралдары

Компетенттілікке берілген тапсырмалар мен стандартталған тестер

Кемшіліктері



Артықшылықтары

1.Оқытушылық потенциялының төмен болуы
2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуын тежеуі
3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етпеуі



1.Оқытушылық потенциялының жоғары болуы
2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуына мүмкіндік жасауы
3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуі
4.Саралау қабілеттілігі

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін.


Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді.
Сонымен бағалау дегеніміз - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді ідеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, мұғалімнің байқамай төмен немесе жоғары бағалаған бағалау шешіміне де өз әсерлерін тигізе алады.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер. Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.
Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Енді мен бастауыш сыныпта сабақ беру барысында өзім қолданаған бағалау түрлерімен таныстырығым келеді.
Оқушылардың өздерін-өздері көшбасшы ретінде көрсете алулары үшін әдебиеттік оқыту пәнінде Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» тақырыбында сабақ өткенде әр оқушының алдына оюлы қоржындар қойдым. Сабақ барысында ат салысқан әр оқушы тақтаның жанындағы үлкен қоржыннан бір асықтан алып отырды. Сабақтың бағалау кезеңінде оқушылар өз асықтарын санағанда оннан астам асық алған Саяна, Жансулу, Ержасын сынды оқушыларды көшбасшылар ретінде анықтауға болады. Ал бірде-бір асық алмаған Ермухан, Исламия сияқты оқушыларды келесі сабақта топтық жұмысқа міндетті түрде тарту керек.
Ғаламтор жаулап алған қазіргі заманда әрбір мектеп оқушылары өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы жақсы көрсете алады. Мен де сол смайликтерді сабақты бағалауда тиімді қолдана алатын болдым. Мысалы «Өте көңілді», «жақсы», «көңілсіз» смайликтерді алып сабақтың соңында «Өзіме өте жақсы баға беремін», «Сабаққа жақсы қатыстым», «Орташа қатыстым» деген смайликтермен өздерін-өздері бағалайды.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.
Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады. Өз сабақтарымда бағалауды пайдаланғанымды талдай келе оқыту үшін және оқу үшін бағалай тиімді екен деп айта аламын. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалау (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай, оны алдыға жетелейді деп толық айта аламын.
Оқушылардың оқуын дамыту үшін пайдаланылатын бағалау Оқыту үшін бағалау бола алады. Ол негізінен есеп беріп, үлгерім рейтингін жүргізу үшін пайдаланылатын оқуды бағалаудан мүлде ерекше. Егер бағалау үдерісі мұғалімдер оқушылардың білім алуын арттыруға қатысты қолдана алатын ақпарат алуға мүмкіндік берсе, бағалау қызметі оқытуға көмектесе алады. Мұғалімдермен және құрдастарымен жұмыс істей отырып, оқушылар өзінің оқуын бағалау үшін де, сондай-ақ құрдастарының оқуын бағалау үшін кері байланысты қолдана алады. Мұғалімдер бұл деректерді өздері қолданатын оқыту мен тапсырма беру стратегияларын өзгерту үшін пайдалана алады. Сабақ беру барысында алынған деректер оқытушылық жұмыстыоқушылардың оқу қажеттіліктеріне сәйкестікке келтіру мақсатында бейімдеу үшін пайдаланылған жағдайда мұндай бағалау «қалыптастырушы бағалау» болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет