Мазм ұ н ы Кіріспе


D Коммуникация және рефлексия



бет16/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
мустапаева

D

Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.


Критериалды бағалау - педагогикалық технология ретінде


Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериальдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.
Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:



  • бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы( бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы- бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);

  • оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;

  • білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.

  • әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді. Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет