Мазмұндамалар жинағЫ. (5-11 сыныптар) Алматы, 2009 жыл



бет16/16
Дата16.10.2023
өлшемі201,5 Kb.
#185914
түріМазмұндама
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Мазмұндамалар жинағы5-11 Әдебиет

Бүлдірген тере барғанда

Біздің жақта көк бүлдірген сайда болады.Жартастардың астына, яки бұлақ суының бойына шығады. Жылда бүлдірген піскенде сайға атпен әдейі келіп, бүлдірген теріп қайтамыз.


Бүгінде Сөрелі сайдағы бүлдіргеннің қалың шығатын жеріне келсек, тұнып тұр екен. Жанымда өзіммен бірге оқитын Рақтай деген жолдасым бар.
Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік шыға келді.
«Елік, елік», - деп айқай салдық. Сөйтіп, мәз болып тұр едік, іле-шала дәл әлгі жерден еліктің лағы шыққаны. Ол жүгіріп барып, көп ұзамай қалың шөптің арасына кіріп кетті. Шөптің басы бес-алты метр жер қимылдап барып тына қалды. Екеуіміз бір сәт аңқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай салып жүгіріп сол жерге келдік. Рақтай еліктің лағы алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен жүгіріп шөп қимылының тоқтаған жеріне келсем, еліктің баласы жермен-жексен болып, құлағын жымқырып, бүк түсіп жатыр. Бас салып ұстай алдым. Еліктің лағы аянышты дауыспен бақырып жіберді.
Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай қалғанына өкінгендей боп тұр. Соны білдім де, лақты оған ұстата салдым. Рақтай менің қолымнан ала бергенде, еліктің лағы тағы бақырды. Осы дауысты естіп, аналық елік тұрған орнынан бізге қарай жақындай түсті. Бізден қорқатын емес. Еліктің лағы енесін көмекке шақырып бақыруын қоймады. Елік біздің жанымыздан кетпеген соң, лақты енесіне қоя бердік.
(196 сөз)
Жоспар:



  1. Бүлдіргенді сайға атпен бару.

  2. Рақтаймен бірге Сөрелі сайға барғанда.

  3. Еліктің лағы.

  4. Еліктің лағын ұстап алу.

  5. Баласын құтқаруға шығу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет