Мазмұндамалар жинағЫ. (5-11 сыныптар) Алматы, 2009 жыл



бет2/16
Дата16.10.2023
өлшемі201,5 Kb.
#185914
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Мазмұндамалар жинағы5-11 Әдебиет

Балуанды құтқару

Өзгелер де мас болды. Есінен айырылған олар қиянкесті төбелесті. Сол апыр-топырда Тоқпан әуелі Балуан Шолақтың камеріне кірді де, аяқ-қолындағы кісенді алды, содан кейін Балуан екеуі барлық камераның есігін, қақпаны ашып, қамаудағылар түгел қашты…


Өзара қиянкесті төбелескендердің басы жарылғаны, көзі шыққаны, жараланғаны аз болған жоқ. Таяқты ең көп жегені Завьялов. Ол өзіне бағынатындарға аса қатал еді, тілінен қолын бұрын жұмсайтын еді. Сол кек кеудесінде жүрген абақты қызметкерлері мас боп алғаннан кейін, Завьяловты жүндей түтті… Өзара да төбелескен олар айғай-шумен көшеге шықты.

(85 сөз)



Сашаның ерлігі

Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл. Неміс фашистері деревняға келіп кірді. Олар Сашаның әке-шешесін, апасын атып тастады. Саша жалғыз қалды. Өйткені ол аулаға барып, тығылып қалған еді.


Саша он төрт жаста болатын. Ол әке-шешесін, апасын жоқтап қатты жылады. Бірақ ешкімге ештеңе демей, орманға кіріп кетті. Орманнан шығып, арғы жағындағы темір жол бойына барды. Станцияны паналады.
Ертеңінде жаудың танкісі, артиллериясы, автомобильдері өте бастады. Саша жол бойына шықты. Бір кезде үлкен автомобиль өтіп бара жатты. Үсті толған – неміс офицерлері. Саша жақындап келіп, жеңінің ішіндегі гранатын лақтырып кеп жіберді. Офицерлердің тас-талқаны шықты. Сол арада гранаттың сынығы тиіп, Сашаның өзі де қаза тапты.
(103 сөз)

Жоспар:




  1. 1941 жыл.

  2. Неміс фашистерінің жазықсыз адамдарды өлтіруі.

  3. Жалғыз қалған Сашаның кектенуі немесе кек кернеген Саша.

  4. Темір жол бойына бару.

  5. Неміс офицерлеріне граната лақтыру.

  6. Кек алу.



Мал төлдеп жатқан кез

Көктем. Мал төлдеп жатқан кез. Даланың ең бір қызықты шағы бұл. Мұндай кезде біздің, балалардың, «Қоянбай» бауырында отырған қойлы ауылдарға баруға жанымыз құмар. Жақында біздің Түсіп атайдың отары көктеуге көшіп келгелі бері, мен мектепке сол жақтан қатынасып жүргенмін. Ертең демалыс болған соң, өзіммен бірге үшінші сыныпта оқитын Маратты ертіп бармақ болдым. Соқпақсыз жердің шөбі (раңы) қалың болып жетілген. Дала көк торғын. Алыстағы көлден талып естілетін құс шуы тынық ауада бейне бір сырнай даусындай сызылады. Төбеде бозторғай шырылдап, маңайдың бәрін әнмен тербелтіп тұрғандай. Бұл кезде екіндіге құлағанымен, көктемнің жылы лепті сары шуақ күнінің қызуы қайта қоймай, шекеңді қыздырады. Көк бұйра түгі құлпыра түскен көктемгі дала көркіне қызыға, құмарта қарайсың. Мұндай кезде көңіл көтеріңкі.


(111 сөз, Б.Шаханов)

Жоспар:


  1. «Қоянбай» бауырында отырған қойлы ауылға бару.

  2. Тынық ауадағы құс шуы.

  3. Көктемнің жылы лебі.

  4. Көтеріңкі көңіл.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет