Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Ірі масштабта немесе макротүсіру



бет37/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердің табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады. Егер оқиға болған жерден қандай да бір үлкен емес іздер немесе басқа да объектілер табылып, оны бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда макротүсіру әдісі қолданылады (мысалы: бұзу құралдарының іздері, қылмыскермен қалдырылған ұсақ заттар). Бұл әдісті қолдану көмегі арқылы сарапшы нақты бір қорытындыға келуге мүмкіндік беретін белгілерді анықтайды. Сонымен қатар, бұл белгілерді көрнекі түрде бейнелеп бекіту үшін қолданады.
Макротүсіру әртүрлі фотоаппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мақсатта бұрын көбінесе: «ФМН-2», «УЛАРУС-2», «МСК-1» тәрізді арнайы құрылғылар және т.б. қолданылған. Оқиға болған жерде макротүсіру әдісі көріністі ұлғайтуға мүмкіндіктер беретін ұлғайтылған сақина кигізілген «Зенит» тәріздес айналы фотоаппараттар көмегімен орындалады. Қазіргі кезде тәжірибеде цифрлы фотоаппараттар және арнайы үлкейтетін объективтер кеңінен қолданылуда.
Макротүсіру «Зенит» фотоаппаратына арнайы қондырғы орнату көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін, ол арасында терімен бекітілген екі тіреуіштен тұрады. Алдыңғы тіреуішке объектив, ал артқысына – фотоаппарат корпусы орнатылады. Тіреуіштерді қозғалту нәтижесінде фотоаппараттың артқы қақпағы мен объективтің арасындағы арақашықтық өзгеріп, ол түсірілетін объектінің бейне көрінісі масштабының өзгеруіне әкеп соқтырады.
Егер «Зенит» фотоаппараты «Индустар-50» объективімен жабдықталған жағдайда макротүсіруге арналған қондырғының көмегімен объектінің бейнесін үш есе үлкейтуге болады. «Гелиос-44» және «Мир-1» объективтері 2,64 және 4,2 есеге дейінгі үлкейтуге мүмкіндік береді.
Аз масштабты алуға қарапайым түсірілім түрі қолданылады, ал ірі көлемді масштаб микроскоптың оптикалық жүйесі көмегімен алынады.
Макрофотография әдісін: биология, археология, геология, металлургия саласындағы әртүрлі ғылыми және техникалық мәселелерді шешу кезінде пайдаланады. Ал криминалистер оны бұзу құрал-саймандардың іздерін, оқ, гильза, басқа да ұсақ заттарды – заттай дәлелдемелерді, оқиға болған жерден табылған іздерді және т.б. суретке түсіру үшін қолданады.
Макрофотография трасологиялық және баллистикалық сараптама жүргізу, сондай-ақ құжаттарды соттық-техникалық зерттеу кезінде қолданылуы мүмкін. Ол фотосуретке түсірудің – репродукциялық, контрастылық, инфрақызыл және ультракүлгін әдістерінің құрама бөлігі болып табылады.
Макрофотография кез-келген фотоаппараттармен жүзеге асырылады. Макрофотография жалпы фотосуретке арналған аз форматты камераларда, сондай-ақ арнайы стационарлық құрылғыларда орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет