Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет64/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Доға тәріздес өрнек – суретін бейнелейтін папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ шетінен екінші жағына қарай бағытталып жүреді. Өрнектің бұл түрі өзінің құрылымы бойынша өте қарапайым болып келеді және де өте сирек (жалпы санына байланысты 5 % - дай ғана) кездеседі. Доғалар жай және күрделі болып келуі мүмкін. Күрделі доға тәріздес өрнекте папилярлы өрнек ағымдары өрнектің орталығына қарай келгенде көтеріліп барып шатырлы доға өрнегін қалыптастыра отырып иіледі. Доға тәріздес өрнекте дельта болмайды. Доға тәріздес өрнектердің түрлері 16-суретте көрсетілген: а-қарапайым доға; б-жалған ілмекті доға; в-орталық құрылымы анықталынбаған доға. (РИСУНОК 16: Сурет 16. Доға тәріздес өрнектер.)


:Ілмек тәріздес өрнекте – орталық бөліктің суретін қалыптастыратын папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ бүйір шетінен орталыққа қарай бағытталып, ол жерге жеткен соң дереу бұрылыс жасап қайтадан келген жағына қарай жүреді. Сызықтың ұшы саусаққа қарай бағытталған сызықтар ілмектің аяғы деп, ал дөңгеленген бөлігі ілмектің басы деп аталады. Ілмектің бас жақ жағында ілмекті жоғарғы және төмен жағынан иіп және оларды айырып тұратын сызықтар ағымы орналасқан. Ағымның айырылатын жері «дельта»- деп аталады.
Ілмектің ашық бөлігі шынашаққа қарай бағытталса ульнарлы, ал бас бармаққа қарай бағытталса радиалды деп аталады. Аталған өрнектер, дактилоскопиялық формула жүргізу кезінде және із қалдырған қолдар мен саусақтарды ажыратып анықтау үшін пайдаланылады. Ілмек тәріздес өрнектер өте кең тараған, олар жалпы саны 65%-ға жуық өрнектерді құрайды. Ілмек тәріздес өрнекте бір дельта болады. Ілмек тәріздес өрнектердің түрлері 17, 17-1 суреттерінде көрсетілген: г-қарапайым ілмек; д-иіліп келген ілмек; е-жартыланған ілмек; ж-тұйықталған ілмек; з-қосарланып келген ілмек; и-параллельді ілмек. (РИСУНОК 17: Сурет 17, 17-1. Ілмек тәріздес өрнектердің түрлері.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет